Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет81/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді. Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с. Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаклығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады. Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық бәләк пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді. Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:



  • ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ);

  • жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру);

  • практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу);

  • машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану);

  • өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет