Семинар 1. Экономиканың қоғамдағы рөлі және теориясы мен әдістері.
Экономикалық теория ерекше нәнге ғана емес, сонымен қатар ерекше аспаптарға – терминологияға, мәліметтерге және ойлау барысына ие. Кез-келген басқа ғылым секілді экономикалық теорияда онымен шұғылданатын адамдар үшін жат және жасандылау болып көрінуі мүмкін. Экономика ғылымы зерттейтін құбылыстар біздің әрқайсысымыздың өмірге қатысты. өз тауарларын деген сұранысты алдын-ала болжап отыратын республика кәсіпорындарының менеджерлері тұтынушылар табысының қалай тез өсетіндігін күн ілгері біліп отырулары тиіс. Зейнетақыларына өмір сүріп жатқан егде жастағы азаматтарды бағаның қалай тез өсіп бара жатқандығы алаңдатады. Экономиканың жағдайы барлық адамдарға ықпалын жүргізеді. Саяси айтыстарда экономика өрге басқан кезде күшейіп, құлдыраған кезде төмендейді. Экономикалық проблемалар сондай-ақ халықаралық қатынастарда да маңызды рөл атқарады. Экономистер кез-келген қоғам мен ұлттың бастарынан өтетін шектеу және таңдау проблемаларымен шұғылданады. Экономикалық зерттеу және түсіндіру процесінде олар қоғам алдында тұрған экономикалық проблемаларды шешуге болатын жайттарды қарастыра келіп экономикалық принциптердің негізін негізін қалыптастырады: түгелдей ғана жеке адам, кәсіпорын және қоғам өздеріне қолайлы экономикалық ресурстарды қалай пайдалану керектігін зерттеу және түсіндіру әдістерін экономистер жасап отыр. Ол үшін экономистер нақтылы экономикалық проблемаға қатысты фактілерді жинап анықтайды. Экономиканың қалай болуы керек екендігін байқату үшін экономистер үлгілеумен айналысады. Экономикалық үлгі – экономикалық уақиғаны түсінуге жол ашатын қарпайымдылығы айқын диаграммалар немесе формулалар болып табылады. Мәселен, көрші мемлекеттерде егінді үсік соғып кеткен соң Қазақстандағы астықтың бағасын алдын-ала болжамдап, сұраным мен ұсыныс заңын қолдана алады. Мұндайда бағаның көтерілгеніне ешкім де таласпайды, ал болжамның дәлдігі қолданылған үлгі сапасына байланысты болады. Бұл ретте олар логикалық-дедуктивті және эмпирикалық-индуктивті әдістерді қолданады. Логикалық-дедуктивті әдіс дегеніміз мәселені теория деңгейінен бастап шешіп, мұнан соң фактіге жүгіне отырып, теорияны тексеру немесе жоққа шығару. Яғни бұл тәсіл абстракция мен үлгіге негізделеді. Оның мақсаты: экономиканың қарапайым схемасын жасап, оның негізгі буындары мен параметрлерінің өзара байланыс принциптерін табу болып есептеледі. Жалпы заңдылық-әрекет етуге басшылық ретінде алынады. Эмпирикалық-индуктивті әдіс деп фактілерді жинақтаудан програматикалық зертеулерге сүйенуді айтады. Онан кейін, принциптер мен қорытынды шығару үшін оларды жүйелендіреді және талдайды. Оның мақсаты – нақтылы экономикалық құбылысты талдау нәтижесінде зерттеу жүргізу және заңдылықты табу. Экономика принциптері негізінде қалыптасқан экономикалық пән туралы көзқарас онан кейін принциптер мен қорытынды жасау үшін пайдалауы мүмкін. Экономикалық принциптер – ол терминнің және өз ішінде бірнеше дәйексіз сандық анықтамалар бар қорытындылау. Экономикалық принциптер немесе теориялар сөзсіз абстракция болып шығады. Абстракция – іс-әрекетке қатысы жоқ экономикалық және экономикадан тыс фактілерді экономикалық талдаудан шығарып тастау. Экономикалық зерттеулерде басқа да: талдау, синтез, теңестіру, үйлестіру, экономикалық математикалық үлгілеу ідістері қолданылады.