Лекциялар: 30 сағат Семинарлық сабақтар: СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны 90 сағ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет2/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,11 Mb.
#6847
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Филология – тарих” факультеті




“Құқық” кафедрасы

ҚР Конституциялық құқық пәні бойынша 050301 “Заңтану” мамандығының студенттері үшін


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай 2005 ж.


8. Лекция сабақтары.

Лекция1
Тақырып: 1
ҚР конституциялық құқығы” – құқықтың және заң ғылымының бір саласы.
Жоспар:

І- сабақ.


  1. Конституциялық құқық – құқық саласы ретінде.

  2. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.


Қонституциялық құқық – ҚР құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнін құрайды.

Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ практикалық мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен ролін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін. Емес. Конституциялық құқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді талдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір әсідер мен әдістердің көмегімен мемлекетік және қоғамдық қатыастарды реттейді. Конституциялық- құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей: 1) міндеттеу әдісі; 2) тыйым салу әдісі; 3)рұқсат ету әдісі; 4)тану әдісі қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Конституциялық құқықта тыйым салу әдісі де кең қолданылады. Бұл әдәс, көбіне мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қоданылады.

Конституциялық құқы демократияның шынайы көрінісі болып табылатын рұқсат ету әдісін де кең қолданылады. Мұндай әдіс көп жағдайларда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады.

ҚР конституциялық құқығы, құқықтық ркттеудің тағы бр әдісін – тану әдісін қолданады.


2. Конституциялық құқықтың бастаулары мен жүйесі.

Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілер бар. Біріншіден, Конституцияда құқық нысандары (бастаулары) аталады. “ҚР қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады” (ҚР Конституциясы 4-бабының 1-тармағы).

Көрсетілген конституциялық қағида құқық бастауларын жалпылай сипаттайды. Конституцияда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің нысандарының бәрі брдей оның бастаулары болып табылмайды. ҚР Конституциялық құқығының негізгі қайнар көзі, тұтас алғанда, Конституция болып табылады. Ұлттық құқықты қалыптастырудың қайнар көзі ретінде тек Конституцияның құқықтық нормалары ғана емес, сондай-ақ оның басқа да элементтері: принциптері, жалаң қағидалары, міндеттер мен мақсаттары да қызмет етеді.

Мемлекет және оның органдары қызметінің негізіне алына бастаған бұрын, ол принциптер әр мемлекеттік органның ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілуі тиіс.



Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықтың қайнар көзі ретінде сипатталады?

  1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық - құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

  1. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан – жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағытарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысы мен ерекшеленеді.

  2. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Қазақстанның барлық аумағында қолданылады. ҚР қабылдаған заңдар және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

  3. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

  4. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, сондай-ақ тек мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге тұтастай қоғамның да негізгі заңы екендігі мен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР Конституциясының идея, принциптері, құықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді: жекелеген адамды, азаматты, қоғамдық қызметтің барлық субьектілерін (бірлестіктерді, қозғалыстарды, өзін-өзі басқару органдарын, және басқаларын) қамтиды.

  5. Сондай-ақ, Конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшелінеді. Мұндай тәртіп Конституциясының мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайдын мәнімен сипатталады.

  6. ҚР Конституциясының конституциялық құқықтық қайнар көзі ретіндегі тағы бір өзіндік қыры - онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жай заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР конституциялық құқының қайнар көзіне ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады. Президенттің нормативтік жарлықтары үш топқа : 1)конституциялық заң күші бар жарлықтарға, 2)жай заң күші бар жарлықтарға, 3) заңға сәйкес нормативтік жарлықтарға бөлінеді. Әрине тәртіп бойынша, Президент өзінің заң шығармашылық қызметін заңға сәйкес нормативтік жарлықтар қабылдау жолымен жүзеге асырады. Парламент өзінің заң шығармашылық өкілеттігін Президентке берген жағдайда ол заңдық күші бар жарлықтар қабылдауға құқылы. Заңдық күші бар жарлықтардың заңдық күші ҚР Парламенті қабылдаған заңдардың заңдық күшімен тең.

Президенттің нормативтік жарлықтарының бәрі бірдей конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды. Ондай – жарлықтар конституциялық құқықтық нормалардан тұратын нормативтік жарлықтар.

ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілері конституциялық құқықтың, конституциялық - құқықтық нормалардан тұратын сала ретіндегі қайнар көзі болып табылады.
ІІ- сабақ.

1. Конституциялық құқық ғылым саласы ретінде.

Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық ғылымның бір бөлігі ретінде қарастырғандықтан, ол салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым- қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді.

Аталған ғылым мәртебесі конститцциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, әрине оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді.

Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік- аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық принциптерін зерттеу жатады.

Ғылым “конституциялық құқық” деп аталғандықтан, оның негізгі бастауы – Конституция болып табылады. Ол конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жай заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады. Бұл- конституциялық құқық ғылымының нормативтік құқықтық қайнарлары. Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы – конституциялық-құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-құқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді. Конституциялық-құқықтық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми ілім, тұжырымдамалар , идеялар туғызудың негізі болып табылады. Коеституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі – отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, заңдық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері.
Әдебиеттер.

1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997



Нормативтік құқықтық актілер

  1. ҚР Конституциясы 1993 ж.

  2. ҚР Конституциясы 1995 ж.

  3. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

  4. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек

Лекция2


Тақырып: 2
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттар және принциптер.
Жоспар: 1


  1. Конституциялық-құқықтық нормалар

  2. Конституциялық-құқықтық институттар

Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық нормаларды атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық–құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субьектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық – құқықтық нормалар жатады.

Құқықтық институттар.

Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік – құқықтық институтқа ие. Құқықтық норма – құқықтық әлемнің тіні. Ал құқықтық институт құқықтық жалпылықты, яғни, өздерінің заңдықө мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын сырттай емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары конституциялық - құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтық реттеудің тұйықталмаған тетігімен, конституциялық құқықтың басқа да құқықтық институттарымен байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.

Әр конституциялық -құқықтық институт тек қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар, терминдер, қағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны “азамат”, “азаматтық”, “азаматтық алу”, азаматтықты жоғалту”, “азаматтықтан шығу”, “азаматтың құқы бостандығы және жауапкершілігі” т.б. осындай ұғымдардан көрінеді.
ІІ- сабақ.


    1. Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық принциптері

Құқықтық принциптер – тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған, бірақ мемлекеттің, оның органдарының, азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін ұйымдастырудың белгілі бір бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық принциптер – Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін ұйымдастыру бағытын анықтайтын құқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституциялық принциптер қандай болса, конституциялық құрылыс та сондай немесе керісінше.

Конституциялық принциптер, түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезеңде қалыптасқан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі. Сыртқы факторларды: әлем таныған халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейтіндігі атап айтылған. ҚР Конституциясы нормаларын талдау көрсеткендей, конституциялық принциптерді айтылу нысандарына қарай екі топқа:



    1. Конституцияда айқындалған;

    2. Айқындалмаған конституциялық қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға республика қызметіне негіз болатындай принциптер (1-баптың 2- тармағы), мемлекеттік билікті заң шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу принципі (77-баптың 3-тармағы) жатады.

Қоғамдық келісім принципі бірінші орында тұрады. Мұндай принципті нығайтудың қажеттігі мынада, әр түрлі обьективтік және субьективтік факторларға байланыстықоғам әр түрлі қабаттарға, топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге, конфессияларға және басқаларына бөлінеді. Мұндай бөліну әр түрлі дүниетанымдарды, көзқарастары, идеялары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас қайшылығына, текетіркеске, өзара күрес себептеріне түрткі болмауы тиіс. Басқа топтың, тектің, ұлттың діннің, нәсілдің өкілдеріне төзбеушілік тек көзқарас қайшылығын ғана емес, сондай-ақ ушығушылықты, текетіркесті, ашық қарсы тұрушылықты тудырады. Мұндай жағдай ушыққан жақтарға ғана емес, бүкіл қоғам үшін де қауіпті, оның қалыпты жұмысына, әр адамның тыныш өмір сүруіне кесел келтіреді.

Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің маңызы айрықша. Оған қоғамның, оның органдарының парманенттік қызметті арқылы қол жеткізіледі.

Конституция қазақстандық патриотизм принципін негізгі принциптердің бірі ретінде есептейді. Патриотизм Қазақстан азаматтарының өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен берілгендігін ілдіретін, оның өмірдің барлық салаларында табысқа жетуіне, оның қуатының қорғаныс қабілетінің артуына, халықаралық аренада беделінің нығаюына ықпал ететін идеяы, сезімі мен әрекеті, Қазақстандық патриотизм – ол Қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр ұлттың адамдарының мүдде бірлігін сезіну, бұл елдің тарихи өткеніне құрметпен қарау, жаңа мемлекет құрып, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді қызмет. Қазақстандық патриотизм ұлттық тарихқа, ұлттық әдет, дәстүрлерге селсоқ қарайтын ұлттық тоғышарлықпен келіспейді.

ІІІ- сабақ.

1.ҚР Конституциялық құқықтың ерекшеліктері.

Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешу – ҚР қызметінің негізгі принципі. Конституция мемлекет өмірі мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін қарастырған. Ол – мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді халықтың өзінің республикалық референдум арқылы шешуі. ҚР Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы Республикалық референдум туралы Жарлығында бүкіл халықтық дауыс беруге шығарылуы мүмкін мәселелер тізімі келтірілген. Бұл мәселелер Республика Конституциясында, конституциялық заңдарда, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңдарда, қабылданған. Референдумға мемлекет өміріндегі шешілуге тиісті басқа да маңызды мәселелер шығарылды. Республикалық референдум өткізу:



  1. референдумға ерікті түрде қатысу және азаматтардың өз қалауын еркін айту;

  2. Жабық сайлау кезінде референдумға азаматтардың жалпыға ортақ, тең және ткелей қатысу құқы;

  3. Жариялылық принциптеріне негізделеді.

Парламенттің қызметі демократиялық әдістер – негізінде жүзеге асырылады. Оның палаталарының құзіретіне жататын барлық мәселелер, тұтас алғанда, ашық қарау, талқылау, дауыс беру жолымен шешіледі. Конституция мемлекет өміріндегі маңызды мәселелері шешудің басқа жағдайларын да көздейді. Конституциялық кеңес, Үкімет, орталық атқарушы органдар өз қызметтерінде тарихи тәжірибесін ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Әдебиеттер.

1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997



Нормативтік құқықтық актілер

  1. ҚР Конституциясы 1993 ж.

  2. ҚР Конституциясы 1995 ж.

  3. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

  4. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек

Лекция 3


Тақырып: 3

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің ата заңы
Жоспар: 1


  1. Конституцияның мәні және Конституцияны қолдану.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының арақатынасы және конституциялық заңдарының қалыптасуы
ҚР Конституциясы – демократиялық, өркениетті аму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси – құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашашққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституцияляық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

  1. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституц ия халықтың еркін білдіреді деп есептеледі. Осыған орай халық еңбекшілерден – жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллегенциясынан тұратындығы атап көрсетіледі. Халықты бұлайша сипатау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл – лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделді.

  2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден- бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік – экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін білгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық принциптері нығайтылған. Ол – мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.

  3. Бір жағынан, мемлекеттің екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықты. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген заңдардың қайсыбір жекелеген қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституцияны басшылыққа алады.

ІІ- сабақ.

1.Конституциялық заңдылық.

Бүкіл конституциялық кеңістікке Конституция пәрменін жүргізу онда конституциялық заңдылықтың орныққандығын білдіреді. Конституциялық заңдылық ҚР Конституциясында бекітілген нормаларды, идеяларды, принциптерді мемлекеттің оның органдарының, ұйымдарының лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың, заңды тұлғалардың, шетелдіктердің орындауынан көрінеді. ҚР Конституциясында Парламент: “ Республика Конституциялық кеңесінің Республикадағ конституциялық заңдылықтың жай күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды” (53-баптың 11-тармағы) делінген. ҚР Конституциясында конституциялық заңдылықпен бірге “заңдылық” термині қолданылады. ҚР Конституциясының 83-бабында, прокуратураның “заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданылатындығы” айтылады.


Конституциялық тәртіп. Конституциялық заңдылық негізінде конституциялық тәртіп, режим белгіленеді. Оған мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібі жатады. Сөйтіп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді (5-баптың 1- тармағы). Конституциялық режим қоғамдық бірлестіктер ісіне, мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға жол бермеуден көрінеді берілмейді (5-баптың 2- тармағы).

ІІ- сабақ.

  1. Конституциялық нормалары және халықаралық құқық нормалары.

ХХ ғасырдың екінші жартысында халықаралық қатынастарда ұлттық заң жүйесіне әсерін тигізіп, ықпал ететіндей халықаралық – құқықтық құжаттар әзірлеуге айқын бетбұрыс байқалады. Бұл бетбұрыс бара-бара күш алып, тұрақты құбылысқа айналып келеді. Аталған бағыттың сипатты белгісі ұлттық заңдарды демократияландыруға, гуманитарландыруға, интернационалдандыруға, мемлекеттік – саяси құрылымды жетілдіруге ықпал ету болып табылады.

Әрине, халықаралық – құқықтық нормалар ұлттық заңдардың және мемлекеттік құрылыстың барлық салаларын қамти алмайды. Басқару мен мемлекеттік құрылым нысандарын әр халық өзі таңдайды және мұндай таңауға халықаралық құқық ықпал ете алмайды. Еуропа мемлекеттерінің қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы жөніндегі Кеңесте оған қатысушылар егеменді теңдік және құқықты құрметтеу принципін тұжырымдай келе “бір-бірінің өздерінің саяси, әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелерін еркін таңдап, дамыту құқын құрметтейтіні сияқты, өздерінің заңдары мен әкімшілік ережелерін белгілеу құқын да солай құрметтейтін” болатындығы туралы келісімге қол жеткізді (1974) . Сөйтіп, халықаралық құқықтық мемлекетті өздерінің өзара қатынасын ұлттық заңдарын құрметтеу негізінде құруға міндеттейтін маңызды нормасы халықаралық деңгейде орнықтырылады.

Сонымен бірге халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңға әсері туралы да айтуға болады. Осы ретте халықаралық құқық нормаларының өзінен - өзі пайда болмағанын, әр түрлі елдердің мемлекеттік – құқықтық құрылыс жөніндегі заңдарына мейлінше өміршеңдерін бойына жинақтағанын атап көрсеткен жөн. Енді ол нормалар жекелеген елдер халықтарының еркін білдіретін сипатта емес, алдыңғы қатарлы халықаралық қоғамдастық арқылы халықтардың жинақталған еркін білдіретін жаңа сапада жекелеген мемлекеттерге қайтып оралады.

Тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде құрылған күнінен бастап Қазақстан заңдары халықаралық құқық нормаларын ескере отырып қалыптаса бастады. Бұл бағыт ҚР 1995 жылғы Конституциясында барынша сабақтастықпен көрініс тапты.
Әдебиеттер.

1. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы 2004

2. Сапаргалиев Ғ. ҚР конституциялық құқығы Алматы 2004

3. Жоламанов Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелов А.Н.

“Мемлекет және құқық теориясы Алматы Каз Мзу 1999

4. Зиманов С.З. Конституция и Парламент РК Алматы 1996

5. Котов А.К. Суверенный Казахстан; Гражданин, нации, нород Алматы 1997

6. Ашитовтер З.О.Казахстан егемен құқығы Алматы 1995

7. Бейсенова А., Біржанова Л. ҚР мемлекет және құқық негіздері

оқып- үйренуге көмек Алматы 1997



Нормативтік құқықтық актілер

8. ҚР Конституциясы 1993 ж.



  1. ҚР Конституциясы 1995 ж.

  2. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі Алматы 1995 ж

  3. “ҚР сайлау туралы” Заңы 1995 жылы 28 қыркүйек Халық кеңесі 1995 жыл 30 қыркүйек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет