Лекциялар: 30 сағат Семинарлық сабақтар: СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны 90 сағ



бет5/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,11 Mb.
#6847
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

Лекция 12


Тақырып: 12

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі.
Жоспар:

  1. Сот билігінің Конституциялық негіздері.

  2. Сот билігінің функциялары.

  3. Сот жүйесі.

4. Судьяның мәртебесі.

5. Әділ соттың конституциялық негіздері.

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады. Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Президенті 2000 жылғы 1 қыркүйекте “Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша шаралар туралы” Жарлық қабылдады.

Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде бір тұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілер бар: 1) оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді; 2) оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады; 3) Сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс; 4) сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар, олардың бірлестіктері үшін міндетті; 5) сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.

Сот илігінің басқа бір өзіндік белгісі оның өкілеттіктерін асырудың ерекше рәсімі болып табылады. Біршама егеменді бөліктерден тұратын федеративтік мемлекетте әртүрлі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, процессуалдық заңдар болуы, олардың кейбірінің тиісті мемлекеттік бірліктер шеңберінде әрекет етуі және өзіндік ерекшелік белгілері болуы мүмкін. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде соттардың процессуалдық қызметін асқан дәлдікпен, егжей-тегжейлі реттемелейтін біртұтас азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық заңдар қабылданған және әрекет етеді. Енді әкімшілік-процессуалдық заңдарды әзірлеу қалды.

Сот бюилігінің елеулі бір нышаны мемлекеттік қызметкерлердің ерекше санаты болып табылатын судьялардың ерекше мәртебесі мен қызмет режимі болып табылады. Конституцияға сәйкес Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң мамндығы білімі, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жыл жұмыс стажы және біліктілік емтихананы тапсырған азаматтары судья бола алады. Конституцияда судьялар үшін заң қосымша талаптар белгілей алатыны көрсетіледі. Осындай қосымша талаптар “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Заң белгіленеді.



2. Сот билігнің функциялары.

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері Конституцияда бекітілген маңызды функциялардың бірқатарын атқарып отыр. Ол функциялар сот билігін біріншіден, мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына қатысты тежегіштер мен қарсы салмақтардың ерекше тетігі бар мемлекеттік органдар жүйесі ретінде; үшіншіден өзінің қызметін өзіндік ерекшелікті принциптердің, нысандар мен әдістердің негізінде жүзеге асырушы мемлекеттік билік ретінде; төртіншіден, әділ сотты жүзеге асырушы органдар ретінде сипаттайды.

Қазақстандағы сот билігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын тежеу мен шектеу, олардың қызметін құқықтық бақылау функциясын атқарады. Бұл функция әділ сотты жүзеге асыруға арналған сот билігінің мәнінің өзінен туындайды. Сөздің кең мағынасында әділ сот барлық азаматтардың, барлық мемлекеттік органдардың жоғарғыдан төменгісіне дейін, барлық мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінің құқыққа, құқықтық ережелерге сәйкестігін белгілеуге бағытталған қызмет болып табылады. Демек, әділ сот жайлы тек сот билігінде мемлекеттік органдардың қызметінде қолданыстағы құқық тұрғысынан бағалауға құқықтық мүмкіндігі болғанда ғана айтуға болады. Қарастырылып отырған функция біріншіден, соттар қолданылатын құқықтық нормаларды Конституция нормалары мен тексеріп отыруға тиіс екендігінен көрінеді.

Сот билігінің маңызды, тіпті басты функциясы әділ сотты жүзеге асыру болып табылады. Соттардың Конституция мен заңдар белгілеген өкілеттіктері оларға құқықтық, демократиялық мемлекет қалыптастыру мен дамыту бойынша міндеттерді шешуге қабілетті дербес мемлекеттік билік қасиетін береді. Сот қоғамдық өмірдің құқықпен реттелетін кез келген саласында оғамның жекелеген мүшелерінің арасында, олар мен мемлекеттің, оның органдарының арасында қақтығыстар туындаған жағдайда төрелік функциясын жүзеге асыруға арналған. Осындай төреліктің негізі Конституция, заң болып табылады, оларға сәйкес сот әрекеттердің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтың орын алғаны жайлы кінарат-талаптардың заңдылығы немесе заңсыздығы туралы шешім шығарады. Сот мемлекеттің атынан нақты қалмастық, азаматтық, әкімшілік, шаруашылық істер мен дауларды қарастырады. Сот билігі Конституцияның, заңдардың, өзге нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істермен дауларға таралады. Осы жерде Қазақстанда әділ сот бірінші кезекте Конституцияның негізінде жүзеге асырылатынын көрсететіні назар аударуға тұрады. Әрине, даулар мен істердің Конституцияға қатысы болмауы және оның ережелерін тура және тікелей қозғамауы да мүмкін. Бірақ кез келген істі қарастыру кезінде, сот қолданылатын құқықтық актінің Конституцияға сәйкес келетінін, келмейтінін тексеріп отыруға тиіс. Екінші бір елеулі сәт - Конституцияның сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін тағайындалатыны туралы ережесі болып табылады.


3. Сот жүйесі.

ҚР Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық заң күшіне ие Жарлық қабылдады. Ол бес жыл қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан тұруында оң рөл атқарды. Қоғамдық реалиялар сот жүйесін Конституцияда негізі қаланған идеялардың негізінде және оларға сәйкес одан әрі жнтілдіру қажеттігін алға тартты. Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ” Заң қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту болып табылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу конституциялық принципін анғұрлым толық және дәйекті іске асыруға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталған. ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары – сот алқалары, жеке дара судьялар жүзеге асыратын болады. Соттардың пленарлық мәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.

ҚР сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:

Конституцияда, “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық соттар мен судьялар үшін ортақ әділ сот принциптері белгіленген.

Барлық соттар тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл бір жағынан сот жүйесінің біртұтастығын нығайтады, ал екінші жағынан- сот билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығарады.

Аудандық және оларға теңестірілген соттар жергілікті соттарға жатады. Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - әскери гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке толмағандардың істері бойынша және басқа соттар теңестіріледі.

Аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық сотта бір судья көзделген болса, онда ол осы төрағасының өкілеттіктерін жүзеге асырады.

Аудандық сот бірінші инстанция соты болып табылады және оған соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын қарастырады, сот статистикасын жүргізеді, заң көздеген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады. Аудандық соттың төрағасына белгілі бір міндеттер: сот судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастыру, сот кеңселігіне жалпы басшылық етуді жүзеге асыру, азаматтарды қабылдау жүргізу, судья лауазымына кандидаттардың сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету секілді және басқа міндеттері бар.

Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады. Облыстық соттарға республика астанасының қалалық соты, қалалық, республикалық мәндегі қаланың соттары, мамандандырылған соттар (Республика әскерлерінің әскери соты және басқалары) теңестіріледі. Облыстық және оған теңестірілген соттарды (әрі қарай- облыстық соттар) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Республика президенті түзеді, қайта ұйымдастырады және таратады.


ІІ- сабақ.

1. Судьяның мәртебесі.

2. Әділ соттың конституциялық негіздері.

ҚР Конституциясында судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын бірқатар құқықтық нормалар бар. Оларға төмендегілер жатады: 1) судьялардың Конституциясы мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі; 2) судьялардың қол сұғылмаушылығы; 3) судьялар үшін саяси, жас және білім шектелімдері; 4) судья лауазымының негізгі қызметтің және жұмыстың кейбір түрлерімен сйыспаушылығы; 5) судьяларды материалдық тұрғын үймен қамтамасыздығы; 6) судьялардың тағайындалмалығы: 7) судьялар заң қолданған кезде басшылыққа алуға тиіс принциптер (77, 79, 80, 82- баптар).

Судьялардың құқықтық жағдайының маңызды элементі олардың орын ауыстырылмаушығы болып табылады. Судьялардың орын ауыстырылмаушығысудья лауазымы ғұмырлық деген сөз емес. Судьялар заң белгілеген мерзімге – 5 жылға тағайындалады. Оры ауыстырмаушылық осы мерзімнің ішінде судья лауазымынан босатылмайды дегенді білдіреді. Олар лауазымынан тек қана заңда көзделген негіздер бойынша босатылады.

Судьялар тәуелсіз және тек Конституциямен заңға бағынады. Судьяның тәуелсіздігі ешкім де әділ сотты жүзеге асыруға килігуге және судья мен сенімді заседательдерге қандай да бір әсер етуге құқысыз екенін білдіреді. Ондай әрекеттер заң бойынша қуғындалады.

Судьяның тәуелсіздігі оның қарастырылған немесе өндірістегі сот істерінің мәні бойынша қандай да бір түсініктер беруге міндектті емес екенінен де көрінеді. Мәжіліс бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтасаыз етілуге тиіс.

“Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі” туралы Заңда аудандық соттың судьясына кандидаттар үшін төмендегідей талаптар көзделген. Біріншіден, саяси шектелім. Аудандық соттың судьясы болып тек ҚР азаматы тағайындала алады. Екіншіден, жасы бойынша шектелім: азамат жиырма бес жасқа жеткен болуға тиіс. Төртіншіден, бұл біліктілік шектелімі: кандидат біліктілік емтиханын тапсыруға сотта сынақ мерзімін табысты өткеруге және соттың пленарлық отырысында оң мінездеме алуға тиіс. Соңғысынан басқа, барлық тізілген талаптар Конституцияда көзделген.

Судьяға қойылатын талаптар “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі” туралы Заңда көзделген. Олар әділ сотты жүзеге асыру ерекшеліктерінен туындайтын міндеттер ретінде тұжырымдалады. Судья:

ҚР Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай ұстануға; әділ сотты атқару бойынша өзінің конституциялық міндеттерін атқару кезінде, сондай- ақ қызмет бабынан тыс қатынастарда судья этикасының талаптарын сақтауға және судьяның беделіне, абыройына кір келтіруі мүмкін немесе оның объективтілігі мен риясыздығына шүбә келтіруі мүмкін нәрселерден аулақ болуға міндетті.




  1. Әділ соттың конституциялық негіздері.

ҚР Конституциясында судьялар заңды қолданған кезде төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс.

1.Аамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Бұл қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға сот шешімі заңды күшіне енгенше қылмыскер қылмыскер болып есептелмейді деген сөз. Бұл демократиялық мемлекеттердің қылмыстық заңдарында мойындалатын кінәсіздік презумпциясы болып табылады. Конституцияда мұндай принцип, әдетте, бекітілмейді. Қазақстан республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларында осы принциптің аталуын, Кеңес үкіметі жылдарында, кінәсіздік презумпциясы қылмыстық заң болып танылғанымен шын мәнінде іске асырылмағанымен, бұл адамдардың тағдарларына қайғылы әсер еткенімен түсіндіруге болады.

2. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Бұл принцип барлық құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты қолданылады. Егер адам қылмыс жасаса, сот тек бір жаза ғана қолдана алады. Дәл солай әкімшілік құқық бұзушылық үшін де бір әкімшілік жаза ғанан қолданыла алады. Бұл принциптің де сондай- ақ “тарихи” тамырлары бар. Онша алыс емес өткен шақтарда шын және жалған қылмыстары үшін адамдар бірнеше дүркін жазаланып, тіпті өмір бойы қуғынға ұшырап отырады.

3.Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Бұл принцип олда бар қылмыстық іс жүргізу заңдарына өзгерту енгізеді. Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бірінші инстанция сотының үкімі екі мәрте күші жойылған істі екінші инстанция соты өзінің қарастыруына қабылдай алатын ереже болған еді. Конституция осы ережеге сотталушының пайдасына елеулі түзету енгізеді. Соттылықты өзгерту сотқа таратылатынның тілегіне байланысты болады.

4. Әркімнің де сотта әркім өз сөзінің тыңдалуына құқылы. Конституциялық Кеңе төмен тұрған соттың өз өндірісіне қабылдауы, сондай-ақ соттылықты өзгертуге себеп болатын істі сол деңгейдегі басқа сотқа табыстау тек ісін сот қарастыратын тұлғаның келсімі бар да ғана мүмкін деп түсіндіреді.

5. Конституция белгілі бір жағдайларда заңдардың кері күші жоқ деп белгілейді. Төмендегідей заңдардың жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.

ҚР конституциялық құқығының” барлық тақырыптары бойынша оқып үйренуге ұсынылатын негізгі әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы, 2002

  2. Конституционное право Республики Казахстан. Сборник конституционно-правовых актов. Алматы, 2002

  3. Қазақстан: мемлекеттік кезеңдері (конституциялық актілер). Алматы, 1997

  4. ҚР Конституциясы. Ғылыми-құқықтық түсініктеме. Алматы, 1999

  5. ҚР Конституциясы. Схемалы альбом. Алматы, 1998

  6. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы

  7. Баишев Ж. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, 2001

  8. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. (Екінші бөлімі). Алматы, 2001

  9. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право Республики Казахстан. Алматы, 2001

  10. Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. Алматы, 2001

  11. Сафинов К.Б. Правительство Республики Казахстан на переходном этапе. Алматы, 2002.

  12. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти к президентской республике. Алматы, 1999.

Лекция 13



Тақырып: 13.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың конституциялық негіздері.
Жоспар:

1. Жергілікті өкілді органдар мәслихаттар.

2. Әкімдер және әкімшіліктерді құру, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы.

3. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі.

4.Алматы қаласының ерекше мәртебесі.

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң жергілікті өкілді орган ұғымын береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республиасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Осы ұғымда жергілікті өкілді органдарды мемлекеттік тетіктің ерекше бір бөлігіне бөліп шығаратын белгілер қатары келтірілген. Бірінші белгі- бұл сайланбалылық. Бірақ сайланбалылық жергілікті өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды. Парламент мәжілісінің епутаттары да сайланады. Конституция аудандық және одан төмен тұрған атқарушы органдардың сайланбалылық мүмкіндігін көздейді. Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында. Мәслихаттар әімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркінбілдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңда аталған осы белгіде “халықтың еркі” дегенде онша дұрыс түсінбеуден туындайтын Конституция қағидасын онша дұрыстамай қайталау бар.


Мәслихаттардың құрылу, қызмет тәртібі және құзыреті.

1. Мәслихаттардың құрылуы “Қазақстан республикасының Конституциясымен, Қазақстан республикасының Сайлау туралы Заңымен” және “Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңның бірқатар нормаларымен реттемеленеді. Конституцияда мәслихаттардың құрылуына арналған бірнеше нормалар бар. Оларда мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктер – облыс, қала, аудан аумағында сайланады деп көрсетіледі. Мәслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлайды.

“Сайлау туралы” Заң мәслихаттарға сайлауды одан көрі толығырақ реттемелейді.

“Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң Конституция мен “Сайлау туралы” заңның қағидаларын қайталайды және мәслихаттар депутаттарын сайлау Республикасның сайлау туралы заңдарымен реттемеленеді деп көрсетеді. Заңда тиісті мәслихат депутаттарының санын Республиканың Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде белгілейді: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында – елуге дейін; қалалық мәслихатта – отызға дейін; аудандық мәслихатта- жиырмаға беске дейін.

2. Мәслихат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілегеноның депутаттары жалпы санының кем дегенде төрттен үші сайланған жағдайда құқылы деп саналады. Мәслихат тұрақты әрекет ететлін мемлекеттік басқару орган болып табылмайды. Мәслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді, сессия мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Мәслихаттың өкілеттіктері бірінші сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің қайта ұйымдастырылуы (қосу, біріктіру, қайта құру, бөліп шығару немесе бөлу орын алуы) мүмкін.

Мәслихат депутатының құқықтарын үш топқа бөлуге болады: мәслихаттың жұмысына байланысты құқықтар. Оларға мәслихаттың жұмысына қатысу, саяси партиялар депутаттарының депутаттық топтары түрінде бірлестіктер құру және басқа құқықтар жатады; 2) жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысуға байланысты құқықтар. Депутат өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге; өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға лауазымды адамдарының есептемелерін сессияда тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге; тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға құқылы; 3) сайлаушылармен араласу; өз округі сайлаушыларымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен кездесулер және жиналыстар өткізу құқығы.


2. Әкімдер және әкімшіліктерді құру, құзыреті және қызметінің ұйымдастырылуы.

Әкімшіліктердің төмендегі буындары құрылады: 1) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық; 2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімшіліктер түзілмейді.

Облыстық (Алматының, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың), әкімдіктері Қазақстан Республикасының біртұтас атқарушы органдар жүйесіне кіреді. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттік, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтік әкімдіктер түзілмейтін болғандықтан, олар тиісті атқарушы органдардың бір бөлігі болып саналады.

Облыстық (Алматының, астананың), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімшіліктерінің ортақ бір міндеті бар : тиісті аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркес атқарушы үкіметтің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету. Әрине, әкімшліктердің аталған буындарының әрқайсысы бұл міндетті өз құзыретінің шеңберінде шешеді. Облыс (Алматының, астананың) әкімшілігі алқалы орган болып табылады. Алқалық сипатына орай заң облыс әкімшілігінің құзыретін белгілейді: Облыс әкімшлігінің құзыретінің төмендегідей бағыттары бар:

1) ұйымдық шаруашылық; 2) басқарушылық; 3) реттеушілік; 4) үйлестірушілік; 5) консультативтік.

Ұйымдық - шаруашылыққа атап айтқанда, төмендегі өкілеттіктер жатады: облысты (Алматыны, астананы), облыстық (Алматының, астананың) бюджетті дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу, облыс (Алматының, астананың) аумағында кәспкерлі қызметті , инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау, облыс (Алматының, астананың) аумағында су құбырларының тазартқыш құрылыстары, электр беру желістерінің басқа да инфрақұрылым обьектілерінің құрылысын ұйымдастыру, қоғамдық тәртіп қорғау және қауіпсіздік сақтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т.б.

Басқарушылыққа, атап айтқанда төмендегі өкілеттіктерді жатқызуға болады: аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, облыстық (Алматы , астаналық) маңызы бар жолдарды ұтымды іске пайдалану мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету, мемлекеттік стандарттарды сақтьауды қамтамасыз ету, азамтьтардың кепілдік берілген медициналық қызметке құқығын іске асыруын қамтамсыз ету, облыстық (Алматы , астаналық) коммуналдық меншікті басқару оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер құру.

Реттеушілікке заңдарға сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру жатады: әкімшілік нормативтік қаулылар қабылдайды.

Облыстық (Алматы , астаналық) әкімшілік аудандық әкімшіліктердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олардың жұмысын үйлестіреді, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмысты үйлестіреді.

Ақырында, облыстық (Алматы , астаналық) әкімшілік консультативтік жұмысты жүзеге асырады, ол үшін ведомство- аралық сипаттағы мәселелер бойынша консультативтік – кеңестік органдар түзейді.


ІІ- сабақ.

1. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі.

2. Алматы қаласының ерекше мәртебесі.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 мамырдағы “Қазақстан Республикасы астанасыфның мәртебесі туралы” Заңы астананың құқықтық мәртебесін, қызмет етуінің ұйымдық-саяси және экономикалық негіздерін белгіледі.

Қазақстан Республикасы астанасы Астана қаласы (бұрынғы Ақмола қаласы) болып табылады. Астана- әкімшілік-саяси орталық, Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Бас Прокуратура және орталық атқарушы органдардың орналасқан жері. Кейбір жекелеген орталық атқарушы органдар астанадан тыс орналаса алады. Бұл мәселе заңдық жолмен шешіледі.

Заңда астанадағы жергілікті мемлекеттік басқаруды заңдар белгілеген тәртіпте жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады делінген. Осындай тәртіпті 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң белгілеген, ол уралы жоғарыда айтылды. “Астананың мәртебесі туралы” Заң да сондай-ақ өкілді орган (Астана мәслихаты) үшін және атқарушы орган (Астана әкімшілігі) үшін облыстық мәслихаттар мен әкімшліктерге берілмеген ерекше өкілеттіктер белгіледі.

“Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң белгілеген өкілеттіктермен қатар, астаналық мәслихат:


  1. қаланың Қазақстан Республикасының астанасы міндеттерін жүзеге асыруын ескере отырып, астананың бюджетін, оның атқарылуы туралы есептерді аумақты дамыту жоспарларын экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді.

  2. Қазақстан Республиасының астанасын басқару схемасын бекітеді.

Астана әкімшілігі өз құзыретінің шектерінде “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң белгілеген өкілеттіктермен қатар мәселелердің едәуір ауқымды шеңберін шешеді. Оларға төмендегілер жатады:

а) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар, ғимараттар салуға жер учаскелерін береді;

б) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар мен ғимараттар салуға жер учаскелерін береді;

в) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне коммуналдық меншіктегі үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды береді;

г) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының астанасында жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды.

д) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары мен жергілікті бюджетті әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

е) Қазақстан Республикасы астанасының экологиялық қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады және оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді;

ж) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын әзірлеп, оны жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады.


2. Алматы қаласының ерекше мәртебесі.

ХІХ ғаысрдың екінші жартысында Орта жүздің қазақтары Ресейге қосылды. Осыдан кейін патша үкіметі Қытаймен аралықтағы шекарада күшейтілгенәскери мекендер тұрғыза бастады. Осындай мекендердің бірі қазақтар ежелгі заманнан “Ерен Қабырға ” деп атайтын айбынды “Алатау” тауының бөктерінде тұрғызылды. Кіші Алматы өзенінің жағасында қамал салынды, ал айналасында Ресейден көшіп келгендер, негізінен казактар қоныстай бастады. Сондықтан бұл жерде бастапқыда казак станциясы деп деп атала бастады. Кейіннен, мекен кеңейгенде, ол “Верное” деп аталды. Осы атау Кеңес үкіметі орнағанға дейін сақталды, содан соң ол Алма-Ата деп қайта аталды. 1925ж. Алма-Ата қаласына Қызылорда қаласынан Қазақ автономиялық Кеңес үкіметінің астанасы ауыстырылды. Алматыға қазақ автономиясының жоғарғы жәе орталық органдары көшірілді, мұнда жоғары, орта арнайы оқу орындары, ғылыми мекемелер, мәдени орталықтар құрыла бастады. 1944ж. Алма-Ата қаласында қыздар педагогикалық институты, консерватория ашылды. Бұл кезде ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы үшін кең жол ашқан Абай атындағы Алматы педагогикалық институты (қазірде университет), Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-кен (қазіргі политехникалық), Ауылшаруашылық, Мал дәрігерлік, Заң институттары мамандар шығарып жатты. 1938 жылғы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы ашылды, ол кейіннен, 1946 жылғы Қазақ КСР Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай Академияның жанында барлық ғылым бағыттары бойынша 50 ден астам ғылыми – зерттеушілік институттары қызмет істеді және 10 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Салтанатты Абай атындағы Опера және балет театры Қазақстанның мақтанышы болып табылды. Алма-Ата қаласы тек Қазақ КСР астанасы ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге ғылым, мәдениет, білім орталығы және ондаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар салынғандықтан, өнеркәсіптік орталық болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет