Лекциялар жиынтығЫ Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы Барманбетова А. Н. Алматы 2010 лекция 1


ЛЕКЦИЯ 5. Радиоқабылдағыш құрылығылардың негізгі электр параметрлері



бет5/32
Дата13.12.2021
өлшемі406,75 Kb.
#100273
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
РПУ конспект КАЗ

ЛЕКЦИЯ 5.

Радиоқабылдағыш құрылығылардың негізгі электр параметрлері

  • Жұмыс жиілігінің диапазоны

  • Сезімталдық

  • Таңдаушылық

  • Жиілікті дәлдік

  • Динамикалық диапазон

  • Шығыс қуаты

Жұмыс жиілігінің диапазоны

Бұл жұмыс жиілік диапазонында РҚҚ бір жиіліктен екінші жиілікке баяу немесе лезде ауыса алады. Баяу түрде өзгергенде F0 minжәне F0 max яғни төмен және жоғары шекті диапазондар беріледі. Салыстырмалы түрде диапазон жолағын жабу коэффициенті КД сипаттайды:



Үлкен қамтамасыз ету үшін диапазонды бөліктерге -поддиапазондарға бөледі, және поддиапазондар бойынша жабу коэффициентін анықтайды:



Поддиапазон бойынша жабу коэффициенті конденсатордың айнымалы сыйымдылығымен шектелген







ұлғайтатын паразитті сыйымдылықты ескере отырып, жабу коэффициентін 2...3-ке тең етіп алады, қабылданушы сигналдың жиілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жабу коэффициенті азаяды.

Сезімталдық

Бұл РҚҚ-ның кірістегі сигнал деңгейі өте төмен болғанда оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қабілеті:



  • Миливольттар мен миливаттар – метрлік толқындар диапазонында сыртқы антенналарға сигнал қабылдауға арналған;

  • Микровольттар мен микроваттар - дециметрлік толқындар диапазонында сыртқы антенналарға сигнал қабылдауға арналған;

  • Магниттік антенналарға сигнал қабылдау үшін сезімталдық өрістің кернеулік бірлігінде өлшенеді – мВ*м, мкВ*м.

Қабылдау нүктесіндегі өріс кернеулігі ЕП және магниттік антеннаның әсер етуші биіктігі hд белгілі болса, РҚҚ-ның теориялық сезімталдығын, антеннадағы сигнал ЭҚК-ін есептеуге болады:

Еа = Еп*hд

Бірақ РҚҚ-ның теориялық сезімталдығы РҚҚ-ның өзінің шуларының әсерінен, өткізу жолағының кеңдегінен, қабылданушы сигналдың түрінен, каскадтардағы сызықты емес құбылыстардың әсерінен төмендейді. Сондықтан РҚҚ-ның сапасын бағалау үшін реалды сезімталдық және шектеулі сезімталдық атты түсініктермен қолданады.

Реалды сезімталдық – бұл антеннадағы ең төмен сигнал ЭҚҚ-і, оның арқасында берілген сигнал/шу қатынасы кезінде қалыпты шығыс қуаты қамтамасыз етіледі.

Қалыпты шығыс қуаты – қабылдағыш шығысындағы сигналдың номиналды қуатының 10%. Берілген сигнал/шу қатынасы қабылданушы сигналдың түрімен анықталады.

Мысалы, РҚҚ үшін сигнал қуатының шу қуатына қатынасы:



  • Радиотаралым 50...1000

  • Радиолокация 0,5...10

  • Радиотелефония 3...10.

Реалды сезімталдық детектор жұмысының режиміне байланысты, сондықтан РҚҚ бағалау үшін шектеулі сезімталдық шамасын пайдаланады – антеннадағы ең төмен ЭҚҚ-і сигнал/шу қатынасы кезінде 1-ге тең болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет