Лекциялар жиынтығЫ Құрастырушы: арнайы пән оқытушысы Барманбетова А. Н. Алматы 2010 лекция 1


ЛЕКЦИЯ 2. Радиоқабылдағыштардың жіктелуі: Тағайындалуы бойынша



бет3/32
Дата13.12.2021
өлшемі406,75 Kb.
#100273
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
РПУ конспект КАЗ
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері, РПУ конспект КАЗ
ЛЕКЦИЯ 2.

Радиоқабылдағыштардың жіктелуі:



Тағайындалуы бойынша:

  • Кәсіби – байланыстық, радиоастраномдық, радиолокациялық, радионавигациялық

  • Радиотаратушы – телевизиялық, радиолық.

Жұмыс жиілігінің диапазоны бойынша:

  • Ұзынтолқынды

  • Ортатолқынды

  • Қысқатолқынды

  • Ультрақысқатолқынды қабылдағыштар

Қабылданушы сигналдың модуляциясы бойынша:

  • Амплитудалы модуляциялы қабылдағыштар (АМ)

  • Жиілікті модуляциялы қабылдағыштар (ЧМ)

  • Фаза модуляциялы қабылдағыштар (ФМ)

Қабылданушы ақпараттың түрі бойынша:

  • Радиотелефонды;

  • Радиотелеграфты;

  • Фототелеграфты;

  • Телевизиялық.

Қабылдағыштардың орналасуы бойынша:

  • Стационарлы

  • Борттық

  • Автомобильдік

  • Тасымалдаушы.

Қабылдағыштарды басқару және коммутациялау әдісі бойынша:

  • Қолмен басқару

  • Автоматты басқару

  • Дистационды басқару

Қабылдағыштардың қоректенуі бойынша:

  • Желілік қабылдағыштар

  • Батареялық қабылдағыштар

  • Әмбебап қабылдағыштар.

Қабылдағыштардың орындайтын қызметтерінің сапасын оның электр параметрлері арқылы бағалауға болады. Олар: сезімталдық, таңдаушылық, жиілікті дәлдік, жұмыс жиілігінің диапазоны, динамикалық диапазон және шығыс қуаты.

Сезімталдық дегеніміз қабылдағыштың антеннадағы немесе қабылдағыш кірісіндегі ең төмен сигнал кезінде шығарушы құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қабілеті. Сезімталдықты радиосигналдың ең төмен ЭҚК-мен немесе оның антеннадағы номиналды қуатымен бағалайды. Бұл шамалар неғұрлым аз болса, соғұрлым сезімталдық жоғары болады. Сезімталдық микровольтпен немесе микроваттпен көрсетіледі.

Таңдаушылық дегеніміз жиілік бойынша пайдалы сигналдан ерекшеленетін бөгеттің әлсіздену дәрежесі. Таңдаушылық радиоқабылдағыштың амплитудалы-жиілікті сипаттамасының (АЧХ)формасына тәуелді, яғни күшейту коэффициентінің кіріс сигналының жиілігіне тәуелділігі. Таңдаушылықтаңдаушылық коэффициентімен бағаланады, ол бөгеттің сигналмен салыстырғанда қанша есе әлсізденетінін көрсетеді.

Жиіліктік дәлдік – бұл шама белгілі уақытта корреспондент сигналының байланысқа түсу мүмкіндігін анықтайды. Жиілікті дәлдік көрсеткіш ретінде қабылдағышты баптау жиілігі мен қабылданушы сигнал жиілігінің арасындағы айырмашылық.

Жұмыс жиілігінің диапазоны – бұл сигналдың шығу сапасына әсер етпейтін радиоқабылдағыштың бір жиіліктен екіншісіне баяу немесе лезде ауыса алатын жұмыс жиілігінің аумағы.

Динамикалық диапазон – бұл кіріс сигналының шамасы өзгеретін шектеу. Динамикалық диапазон қуат немесе кернеу бойынша үлкен сигналдың кіші сигналға қатынасымен анықталады. Оның өлшем бірлігі децибел. Динамикалық диапазон қабылдағыштың амплитудалы жиілікті сипаттамасының сызықты бөлігінде орналасу керек, әйтпесе сигналда бұрмалаулар пайда болып, таңдаушылық төмендейді.

Қабылдағыштың шығыс қуаты дегеніміз шығарушы құрылғыға берілетін қуатты айтамыз. Оның шамасы номиналдыға сәйкес болу керек.

ЛЕКЦИЯ 3.

Радиоқабылдағыштардың структуралық схемалары



  1. Детекторлы радиоқабылдағыш.

А нтеннадан, тербелмелі контурдан және жоғары жиілікті сигнал детекторынан тұратын қарапайым радиоқабылдағыш. Сигнал антеннаға түсіп, тербелмелі контурмен бөлінеді, яғни таңдаушылық іске асырылып детектрленеді, жоғары жиілікті сигналдан төмен жиілікті сигнал бөлінеді. Детекторлы радиоқабылдағышта күшейткіш жоқ, сол себептен ол үлкен амплитудалы сигналдармен жұмыс істейді.

  1. Тікелей күшейту радиоқабылдағышы.

Бұл қабылдағышта жоғары және төмен жиілікті сигналдарды күшейту күшейткіштер көмегімен іске асырылады. Радиоқабылдағыш антеннадан, кіріс құрылғыдан, жоғары жиілікті күшейткіштен, детектордан, төмен жиілікті күшейткіштен және шығарушы құрылғыдан тұрады. Жоғары жиілікті күшейткіш антеннамен қабылданушы сигналдарды күшейтуге және сигнал жиілігінен айрықшаланатын бөгет жиілігін әлсіздетугеарналған. Бұл резонансты контур арқылы іске асырылады, резонансты контур лампаның анодына жүктеме ретінде қосылады. Радиоқабылдағыштың таңдаулылығы жоғарылайды. Төмен жиілікті сигнал детектордан кейін төмен жиілікті күшейткішпен күшейеді. Сигналдың күшеюі антеннадан детекторға дейін бір жиілікте іске асырылса, онда радиоқабылдағышты тікелей күшейту р адиоқабылдағыш деп атайды.

Тікелей күшейту қабылдағыштың қасиеттерін регенераторларды және жоғары регенераторларды, яғни оң кері байланыс арқасында резонансты контурда шығындар компенсацияланатын каскадтарды пайдаланумен жақсарады. Бірақ регенератор өзіндік қозуға жақын режимде жұмыс жасады, жұмыста тұрақсыз болады және сигналдың жоғары сапасын қамтамасыз етпейді. Жоғары регенеративті каскад контурдың эквивалентті сөнуі модуляция жиілігіне жақын жиілікпен ауысады. Ол жоғары сезімталдықпен, жақсы жұмыс тұрақтылығымен және сигналдың шығуының жақсы сапасымен ерекшеленеді. Сол себепті тікелей күшейту радиоқабылдағышы ұзақ уақыт бойы радиоқабылдағыштардың негізгі түрі болды. Бірақ тікелей күшейту радиоқабылдағышы жоғары сезімталдықты қамтамасыз етпейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет