Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №2. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері. Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы



бет2/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №2. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері. Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

Тәрбие сапасы педагогтардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Көптеген дамыған елдерде тәрбиешілердің дайындығы жеткілікті жоғары деңгейде (Германия, Англия, АҚШ, т.б.) болып, олар әр түрлі бағыттарда (музыкалық, дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, эстетикалық) жұмыс жүргізе алады және балалардың дамуының өсуін бақылай біледі. Бұған физиологияны, балалар психологиясын, әлеуметтануды терең меңгеру ықпал етеді. Әлеуметтану оларға балалармен, ата-аналармен жұмысты сауатты құрып тіл табысуға көмек жасайды, жұмысты дербес және шығармашылықпен ұйымдастыруға әсер етеді. Әр түрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процестерін салыстыра келе, түрлі қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға қызмет еткеннің өзінде қоғамда бала тұлғасының дамуын көздейтін, олардың ғылыми негізделген заңдылықтарда көрініс табатын ортақ белгілері, ұстанымдары байқалады: отбасында, балалар ұжымында, қоршаған ортада, дүниетануда өзінен, отбасынан, балалар тобынан бастап, елді, құрлықты, жер шарын, ғарышты тануға бағытталуы; өзіне-өзі қызмет көрсетуде, шығармашылық табыстарында, ұмтылыстарында, т.б. тәуелсіз, дербес болуға барған сайын ұмтылу; өз бетінше ойлау, өз ойын, сезімін еркін жеткізу, еркін сөйлеу, түсініп оқу, түсініп тыңдау; балаға шектеуге болмайтын тұлға деп қарау, барлық жауапкершіліктің ата-анаға жүктелуі, мектепке дейінгі ұйымдарды оларда бар қабілет икемдері дамытады деп санау.

Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруда белгілі бір жүйесі қалыптасқан Батыс Еуропа мен Америка елдерінде қазіргі бар модельдрде 3 түрге топтастыру тенденциясы байқалады: Латынеуропалық (Франция, Белгия, Швицария, Италия), Скандинавиялық (Финландия, Швеция және Англо-саксондық (Ұлыбритания, АҚШ, Канада) Латынеуропалық модель өздерін «Отбасынан тыс тәрбие» деп атайды, 2-5 жас аралығындағы балалардың басым көпшілігі дамыған (Франция мен Белгияда-95%, Италияда 85% дейін). Франциядағы осындай «мектеп-ана» моделі 4-5 жастағы балалардың бәрін міндетті қамтуды көздейді. Алайда, олардың бағдарламалары бірыңғай емес: Бастауыш мектептен үйлестірілгендері де тіптен үйлестірілмегендері де бар. Бұл екінші жағдайда тәрбиеленген балаларды мектепке барғанда, бейімделу тұрғысынан қиындықтарға ұшыратады.

Скандинавиялық модельдің шведтік үлгісі мейілінше жалпы талаптарға жақын келеді. Олар 7 жасқа дейінгі барлық балаларды міндетті қамтыған және ата-аналары жұмыста болатын 7 жасар 1-сынып оқушыларын да қамқорлыққа алған. Олардың жоғарғы сапалығына ықпал ету үшін арнаулы бақылау ұйымдары құрылған және ондағы оқу тәрбие жұмысы ғылыми негізделген жағдайда ғана жүргізіледі. Оқу-тәрбие бағдарламасының орындалуын мемлекет мойнына алған, ата-аналар 10%-ын ғана төлейді. Балаға 1,5 жасқа келгенде мектепке дейінгі білім беру ұйымына қамтылуына кепілдік беріледі.

Англо-саксон моделі (Ұлыбритания, АҚШ, Канада) мынадай сипаттармен ерекшеленеді: Баланы өз тағдырын өзі анқтауға құқы бар тәуелсіз тұлға деп түсіну, теория мен тәрбие тұжырымдамаларының плюрализмі, мектепке дейінгі білім беруде мемлекет үлесін шектеу. Осының салдарынан ол елдерде орталықтанған басқарумен қаржыландыру жоқ, олар жергілікті билік ұйымдары құзырында, сондай-ақ бұл іске әр түрлі ұйымдар мен жеке адамдар қатыса алады. Бұл моделде бағдарлама сан алуан, сонымен бірге жергілікті жағдайлар мен баланың жеке ерекшеліктеріне, ата-ананың қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуге икемділігімен сипатталады. Бағдарламаның және бір ерекшелігі балабақшадағы оқу-тәрбие процесінде ата-анаға субъектілік орны берілген: Күн сайын белгілі бір ата-ана тәрбиеші жанында болып оған көмектесуі міндеттелеген.

Англо-саксон үлгісіндегі мектепке дейінгі тәрбие мемлекет құзырында болмағандықтан, оның балабақщадан тыс әрі қамқорлық көрсететін, әрі оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын көптеген түрлері бар:



  • «Үйдегі қамқорлық»- бала тәрбиеші мен күтуші тәрбиесінде болады, бірақ тәрбие өз үйінде жүргізіледі;

  • «Күндізгі отбасы қамқорлығы» - бірнеше отбасы бірлесіп, бір үйде балаларды күндіз қамқорлыққа алады, тәрбиеші мен күтуші жалданады және міндетті түрде ата-аналардың біреуі болады;

  • «Күндізгі қамқорлық орталығы» - отбасынан тыс арнаулы орында ұйымдастырылғын жекеменшіктегі балабақша;

  • Балалар мектебі – бастауыш мектепке дайындау сыныбы.

Біздің көзқарасымызша, жалпыұлттық мүдде тұрғысынан алғанда, мектепке дейінгі балабақша ісінің орталықсыздануының елдердің даму еркшеліктеріне лайықтылық сипаттары төмен.

Әр түрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастырылуына олардың типтері қамтылатын балалардың жас мөлшері, мақсат-міндеттері, бағдарламалары, әдіс-тәсілдері өзіндік ерекшеліктері бола тұра мақсаттры мен көздейтін нәтижелерінің бағыттастығы мен үндестігін көруге болады.

Англияда мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін ұйымдастыруда балалардың жас мөлшері басты факторладың бірі ретінде танылады. Мысалы, Англияда мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жаса аралығындағы балалар қамтылады. Ал 5 жастан бастап олар міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасына дейін сәби ана тәрбиесінде болуы дұрыс деп есептеледі. 3-5 жастағы сәбидің жас және психологиялық ерекшелігіне қарай мектепке дейінгі ұйымдар Англияда отбасы жағдайына неғұрлым жақын түрде құрылуды көздейтін күндізігі яслилер (муниципалды және жекеменшікті), толық ясли емес яслилік сыныптар, ойын топтары, аналар мен балалар клубтары (керегінді анасы қасында болады), күтушілер институттары, «мүмкіндіктер» топтары, тағы басқа әрбір тәрбиешігі 10-13 баланы қарау жүктеледі.

Білім бағдарламаларында бала өзінің жеке және жас ерекшеліктеріне қарай ойын арқылы қоршаған айналадағы болмысты белсенді танып білуші, қоршаған орта жағдайын белсенді пайдаланушы ретінде танылады, педагог пен баланың ортақ әрекет етуі көзделеді, балаға жеке дара тұрғыдан ықпал ету ізгілік бағыт тұжырымдамалық ұстаным болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет