Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №4. Бала тілін дамыту әдістемесінің отандық және шетелдік елдерде дамуы және ғылымда қолданылуы



бет6/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №4. Бала тілін дамыту әдістемесінің отандық және шетелдік елдерде дамуы және ғылымда қолданылуы

Мазмұны. Тіл дамыту әдістемесі-педагогикалық ғылым, балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілетін, бойына ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектпке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңалыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы- мектепке дейінгі ұйымдардан басталған орынды.

Тәлім-тәрбиенің сабақтастығы туралы М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде «Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі , жаны, ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады», - дей отырып, «ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатындықтан..... үшеуін бірдей тең тәрбие қылу- тәрбиешінің міндеті», - деген ойды анық айтады.

Мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу, білім беру мазмұнын анықтау мақсатында жүргізілген теориялық және тәжірибелік зерттеу нәтижесінде мынандай жаңалықтар енгізілді:

1.Балабақшада өтілетін тәлім-тәрбие мазмұны халық педагогикасы негізінде жаңартылды.

2. «Балалардың жас шамасына сай даму ерекшеліктері» деп аталатын бөлім М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі негізінде толықтырылды.

3. Баланың мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт дәстүріне үйлесімді қалыптастыру көзделіп, бағдарламаға «Имандылыық-инабаттылық тәрбиесі» деген бөлім берілді.

4. Әр топтағы күн тәртібіне өзгерістер енгізілді.

5. Балалардың білім мен тәрбиесіне жыл аяғында қойылатын талаптар нақты көрсетілді.

6. Экологиялық, экономикалық тәрбиенің алғашқы қарапайым негіздерін ққалыптастыру жайында мағлұматтар берілді.

7. Бағдарламалар мазмұнын іске асыру үшін бұлар: «Отбасы», «Балабақша», «Ойыншықтар», «Жыл мезгілдері», «Қазақстан - Республикам менің» деп аталатын нақта тақырыптарға топтастырылды. Мұндағы мақсат - тәрбиешінің жұмысын жеңілдетіп, бала білуге тиісті білім, білік көлемін толық аңғартуға мумкіндік жасау.

8. Осы тақырыптар бойынша балаға меңгерілетін сөздіктер тізбесі жасалады.

9. Бағдарламада көркем әдебиет бөлімі жоғарыда аталған әәрбәр тақырыптың мазмұнына сәйкес жүйеленеді.

10. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде тәлім-тәрбиені кешенді ұйымдастыру тәсілі қазақ тілінде тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Балабақшадағы оқыту, тәрбиелеу барысында берілетін білім мазмұны балалардың жсына қарай бөлінеген топтарына лайықталып екі бөлімге жүйеленеді. Олар: Балалардың күн режимін ұйымдастыру және сабақтарда білім беру. Сонымен бірге балалар орындайтын әр түрлі белсенді әрекеттердің барысында /ойын, еңбек, сабақ т.б. процестерде/ оларды отандық рухта тәрбиелеу ісін жүзеге асырудың мақсатын айқындап, мазмұнын жетілдіруге баса назар аудару керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет