Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»



бет1/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
лекция



Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту»

пәнінен лекциялар жинағы

5В10100– «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»

Кредит саны: 3

ШЫМКЕНТ, 2016ж.



Тақырып №1. Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, балалардың тілін дамыту ерекшеліктерін зерттейтін ғылыми пән.

Қазіргі таңда оқу орындары алдында оқу жүйесін демократияландыру студенттердің білім сапасын түбірімен өзгертіп педагогикалық проблемаларды жоғарыдан нұсқау күтпей өздігінен шеше алатын педагог-тәрбиеші даярлау міндеті ең басты мәселе болып қойылуда.

Соған орай тіл дамыту әдістемесі бойынша сабақ процесінде мамандыққа тән іскерлік пен дағдының қалыптасу міндеттері анықталып, шешілуге тиіс. Тіл дамыту әдістемесін оқу барысында студенттер мәнерлеп оқу туралы, білімдерді, ана тілінің лингводидактикалық және психофизиологиялық негіздерді терең ұғындыру, балалармен ұйымдастырылатын жұмыста тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана білу дағдыларын меңгереді.

Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты – баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі бар. Ол мәнерлеп оқыдың өзіндік табиғатына байланысты заңдылықтарға бағынады. Болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісіне-тәсіліне төселдіру, жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу, дикция, дауыс сапасын дамыту жолын үйретеді.

Тіл дамыту әдістемесі төмендегідей міндеттерді көздейді:


  • студенттердің тіл мәдениетін жетілдіру;

  • әр топ бойынша берілген көркем шығармалардың мазмұнын талдау;

  • сөйлегенде, оқығанда дауысты құбылта білуге дағдыландыру;

  • ғылыми педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу;

  • балалардың ауызша сөйлеу тілін өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қарастыру;

  • бала тілін дамытуға, ауыз екі сөйлеуге үйрету әдістемесінің ерекшеліктерін меңгерту

  • теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту

тілі, Бұл пән Қазіргі қазақ Балалар әдебиеті, Педагогика, Психолигия пәндерімен байланыста оқытылады.

Тіл дамыту әдістемесін оқу барысында студенттер мынандай нәтижеге қол жеткізеді:



  • қазақ тілін меңгерту заңдылықтарын;

  • қазақ тілін оқыту мазмұны мен жүйесін;

  • дыбыстау мүшелері, олардың қызметін;

  • мәнерлеп оқудың амал-тәсілдерін;

  • «Қазақ тілі» оқулығы мен кешеннің мазмұнын;

- Шағын фольклор жанр шығармаларын

  • Көркем шығарманы кейіпкерлендіре білуі және талдауы;

  • Тіл дамыту әдістемесінің міндеттерін;

  • Тіл дамыту әдістемесінің міндеттері бойынша сабақ өткізу әдістемесін;

  • әр топ балалардың тіл ерекшеліктерін;

  • мектепке дейінгі ұйымдарда топ жоспарын, бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендерін;

әдістемелік жұмыстардың формаларын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет