Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №7. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі



бет9/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №7. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшаның негізгі міндеті. Байланыстырып сөйлеудің түрлері (диалог және монолог). Сөздің диалог формасының қалыптасуы.

Тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры үш есе өседі. Мұнда сөз қорының өсуі тұрмыс және тәрбие жайларына тікелей байланысты; психикалық дамудың басқа кез келген салаларына қарағанда мұнда жеке түр өзгерістері басымырақ.

Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен де тез өседі. Егер грамматика заңдары бойынша сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамының өз бетінше өсуінің онша үлкен мәні болмаған болар еді. Мектепке дейінгі балалық шақта ана тілінің морфологиялық жүйесі игеріледі, бала іс жүзінде жалпы сипатта септеу мен жіктеудің типтерін үйренеді. Сонымен бірге балалар құрмалас сөйлемдерді, жалғаулық шылауларды, сондай-ақ оның үстіне кең тараған жұрнақтардың басым көпшілігін үйреніп алады.

Мектепке дейінгі жаста балалар сөздерді айтарлықтай жеңіл құрады, әр түрлі жұрнақтар жалғау арқылы олардың мәнін өзгертеді.

Тілді үйрену баланың өзінің тілге деген ерекше белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік баланың қолда бар үлгіден шығаратын сөз құраулары мен сөз өзгертулерінен көрінеді.

Баланың тілге деген активтілігі тек өлеңмен жазылған түрге ауысады, бірақ бұл шынында ақындық творчестводан әлі әлдеқайда алыс.

Мектепке дейінгі кезеңде дамитын тілдің негізгі қызметтерінің бірі – қарым-қатынас жасау қызметі. Тіпті сәбилік шақтың өзінде бала тілді қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады. Әйтсе де ол тек жақын немесе жақсы таныс адамдармен ғана қарым –қатынаста болады. Бұл жағдайдағы қарым-қатынас ересектер мен бала қатысатын нақтылы жағдайдың себебінен пайда болады. Қайсыбір әрекеттер мен заттарға байланысты нақтылы жағдайдағы қарым-қатынас жасау ситуациялық сөйлеудің жәрдемі арқылы іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет