Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №5. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы. Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері



бет7/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №5. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы. Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері.

Ұлағатты ғалым-жазушылар өз еңбектерінде тәрбиенің негізі отбасы, яғни ата-анамен өскен орта екеніне айрықша назар аударады. Бұл туралы Шәкәрім «Үш анық» атты еңбегінде ар ілімі туралы: адамдық, ынсап, әділет, мейірім үшеуі қосылып ұждан деген ұғымды білдіреді. Ұждаын таза адамды еш нәрсе де қарайта алмайды деп көрсеткен. Содай – ақ оның өз шығармаларында «Адамшылық», «Адамдық борышың», « Еріншек» т.б. тақырыптар мен мақал –мәтелдерді көптеп қолданғанын көреміз.

А.Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде ауыз әдебиеті және жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық маңызымен қатар оның адамгершілікке, әсемдікке, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеудегі сырын, құдіретті күшін айрықша атап көрсеткен. Ұлылардың айтқан өсиет-идеялары С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ө.Тұрманжанов, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев Ә.Дүйсенбиев сияқты көрнекті ақын-жазушылардың

Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым-қатынас шеңбері кеңие түседі. Балалар біраз есейе түскен соң шағын отбасылық байланыстар шегінен шығып, адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбыларымен аралас бастайды. Сөөйлесетін адамдардың көбеюі баладан ең бастысы тіл болып табылатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделен түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды.

Тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдармен араласу кезінде оны іс жүзінде қолдану жетіле түседі, сонымен бірге тіл психикалық процестерді қайта қараудың негізі, ойлау құралы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет