Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №8. Монологты сөзге үйрету әдістері. Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап әңгіме құрастыру және олардың маңызы. Әңгімелеудің әдістері



бет10/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №8. Монологты сөзге үйрету әдістері. Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап әңгіме құрастыру және олардың маңызы. Әңгімелеудің әдістері.

Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогты және монологты сөйлеу болып екіге бөлінеді. Диалог гректің dia – бірнеше және logos – сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінің сөйлеуі дегенді аңғартады. Шынында, диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алып отырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі.

Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды пайдаланып отырған жөн. Ал арнайы ұйымдастырылатын қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде балалардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын арттыру мақсаты іске асырылады. Бұл мақсатта балаларға мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, тірек сөздер жиынтығын бекіткен соң өзара тілдік қатысымға түсіру, тілге үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар ойындарын ойнату, әр түрлі тақырыптық әңгіме-сұқбат, саяхат, мұражай қызметкерлері туралы сахналық қойылымдар сияқты әңгіме әдістері арқылы балалардың сол нысандарға деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме - диалог сөйлеудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі практикалық жұмыс жүйесі үшін пайдаланылады.

3-4 жастағы балалардың тілдік ерекшеліктерінің бірі–тілдік міндеттердің бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір деңгейде дамып келе жатқан балалардың өзінде бір-бірінен айырмашылықтар байқалады. Себебі балаларға берілетін дидактикалық материал балалардың психикасының осы құпия кезеңінде өте әсерлі болуы керек. Оның бейнелеп, әсемдеп сөйлеуіне алғы шарт болатын үлкеннен естіген әсерлі әңгімесі, айналадан көрген әсем табиғат сұлулығы, суреттің таңғажайып колориті, персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, бір баланың тілін екіншісінен артық етеді. Бала өмір сүретін әлеуметтік орта әсері оның қандай мозаика сала алатынын, қандай суретті қабылдап ой түйе алатынын үйрететін болады. Зерттеушілердің айтуынша, үлкендер балаларға осы жаста мазмұнды, әсерлі ынтымақтастық құра алса, баланың әңгімелеп сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты сөйлеуін, 6 жаста кез келген тақырыпқа әңгіме құрастыра алуын еркін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл кезеңдер - тілі ана тілінде шыға бастаған балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін қазақша дамыту алдымен тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу қабілетіне байланысты. Бала тілінің дамуына тікелей басшылық жасау үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын ғылыми негізде сипаттап жазған еңбектер бүгінде шамалы, ал суреттер топтамасы енді ғана шығарыла бастады.

4-ке қараған балаға берілетін тапсырманың күрделігі тәрбиешінің оған көмекке келуімен жеңілдетілгенмен, әр баланың жеке мүмкіндіктері әр түрлі болатындықтан, көптеген мәселелерді ескеруге тура келеді. Алғашқы сабақтардың өзінде тәрбиеші балаларды еркін түрде жауап қатуға тартады. Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айтып берулерін сұрайды. Жекелеген заттарды, жеке заттар салынған суреттерді сипаттауға баулиды, «сөз» туралы, «дыбыс» туралы түсініктер береді. Сөз ішінен белгілі бір дыбысты дәл табуға үйренеді. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуы кезінде балаларға түрлі ойыншықтар беріліп, үстелдің жанына келіп оларды сипалап, қозғалтып сөйлеулеріне еркіндік беріледі. Балалар топтағы картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады.

Міндетті түрде картина қарастыру кезінде балаға айтылуы қиын дыбысты бірнеше рет айтқызып жаттықтыру тапсырмасы ескеріліп отырылады. Әрбір айдың 1-2 күнін сурет қарастырып әңгіме құрауға жоспарлау балалардың сүйікті әдетіне айналғанда, баланың ауызша сөйлеу тілі тиісті нәтиже бермек.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылатын тіл–өмір шындығын таныту құралы. Сөз өнеріне, тіл байлығына тәрбиелеу ісі баланың ең жас кезінен басталуы заңды болмақ. Бұл жағдайлар көрнекті психолог-педагог ғалымдардың сәби тіліндегі ерекшеліктері мен заңдылықтарды зерттеу мәселесіне арналған еңбектерінде баланың сөз қорын, сөйлеу тілін дамыту оның психологиялық процестерін (ойлау, қабылдау, елестету, түйсіну, т.б.) жетілдіруге тікелей әсер ететіндері жан-жақты дәлелденген. Бұрынғы одақтың және кейінгі жылдары республика ғылыми-зерттеу лабораторияларында жүргізілген эксперимент нәтижелері мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларының даму мөлшерін, кейбір балалардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді, сөз түсіну және грамматикалық тұлғаларды немесе жүйелі байланысты сөйлеу дағдыларын меңгерту, тағы да басқа тіл меңгеру үстіндегі психикалық процестерді анықтағанын көреміз.

Балаларды диалог немесе сөйлеу тіліне үйрету — әңгімелесу (сөйлесу) түрінде де, балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қатынасына түсу түрінде өтеді.

Мектеп педагогикасында әңгімелесу деген сөздің терминологиялық, мағынасы кез келген бір пән — табиғаттану, тарих, көркем жазу және т. б. бойынша теориялық білім берудің әдістерінің бірі екені мәлім. Әңгімелесу процесінде әңгімелесу шеберлігі артатыны, диалог жүрізу қабілеті дамитыны, демек, тілдің тиісті синтаксистік формалармен, сондай-ақ болмыстың белгілі бір саласын бейнелейтін лексикамен байитыны назарға алынбайды. Басқаша айтқанда, тілдік акт ретінде мектептегі әңгімелесу нақты мақсат емес, білім беру құралы; ал балалардың тілін әңгімелесу процесінде байыту жай қосымша пайдалы құбылыс ретінде қабылданады.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде әңгімелесу баланың байланыстыра сөйлеу қабілетін дамыту үшін жүргізіледі. Бірақ тіл міндетті түрде шындық құбылыстарды бейнелейтін, белгілейтін болғандықтан, мектепке дейінгі мекемелерде өткізілетін әңгімелесулер мектептердегідей білім береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет