Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №9. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері. Модульдік тапсырма орындату, проблемалық жағдаят жасау, сауалнама



бет11/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №9. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері. Модульдік тапсырма орындату, проблемалық жағдаят жасау, сауалнама.

Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға арналған сабақтарда тіл дамытуға арналған көрнекіліктерді пайдалануға болғанымен, бұл құралдар мазмұны мен мақсаты жағынан ерекшеленеді, өйткені бұл көрнекіліктер оқушының басқа машығы дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Байланыстырып сөйлеудің басты мақсаты мазмұндама мен шығарма жаздыру ғана емес, сонымен бірге нақтылы тілдік шеберлікті қалыптастыру мақсаты етіледі, ең алдымен тақырыпты түсіну және ондағы негізгі іс-әрекет пен оқиғаның әр түрлі жанрда (хабарлау, суреттеу, пікірлеу) жеткізу болып табылады.

Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында пайдаланатын көрнекі құралдардың өз ерекшеліктері бар. Шын мәнінде тақырыпты, шығармадағы негізгі ойды ұғыну мәтін мазмұны арқылы жүзеге аспайды, сонымен бірге, автордың басты идеясын түсінуге ықпал ететін көркем өнер мен әдебиет туындыларын (көркем сөз оқу, кескіндеме, графика, кинофильм т.б.) ұштастырып отыру аса тиімді.Әңгімеге қажетті материалдар мен жүйелеу дағдыларын тек кітаппен жұмыс жүргізу негізінде қалыптаспайды, бұл машықтардың орнығуына көркем өнер туындыларының фрагменттік бейнелерін (суреттер, скульптура) бақылау арқылы қабылдауды және жинақталған материалда ой елегінен өткізіп, көргенді, жүйелі түрде баяндауға жаттықтырудың да ықпалы мол.

Айталасты әр түрлі жанрда құру, шеберлік оқытуда әр түрлі білім көздерін қажет ететін логикалық операциялардың кең ауқымын қамтиды.

Суреттеу жұмысының нәтижелігі сипатталған іс-әрекеттің бағыт-бағдарын белгілеп білуге сипатталатын зат пен құбылыстың өзіне тән ерекшелігін айқындау мен оған деген өзінің қатынасын білдіру дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Аталған дағдыларды орнықтыру сурет, картина, сюжетті суреттер (ол сөз арқылы суреттелетін зат не құбылысты қайтадан қарап шығуға мүмкіндік береді) және кинофильмдер үлкен рөл атқарады.

Байланыстырып сөйлеу шы,арма, мазмұндама жаздыру арқылы қалыптасады. Оқушы өз ойын, пікірін білдіруде тілдік құралдарын пайдаланады. Ойды жеткізуге қажетті сөз таңдайды, сөз бен сөзді байланыстырады,, сөйлем құрайды. Мазмұндама мен шығарма мәтінін құру үшін оқушы сөз тіркестері мен сөйлем жайында теориялық және практиаклық дағдылар қалыптастыру тиіс. Біздіңше, байланыстырып сөйлеуге қалыптастыратын жазбаша жұмыстарының ойдағыдай болуына сөз тіркестері мен сөйлем синтаксисін білу жеткіліксіз, олай дейтініміз шығарма мен мазмұндама жеке-жеке алынған сөз тіркестері сөйлемдерден ғана тұрмайды, олар бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтін болып табылады.

Сөйлеу коммуникациясы ой идеялары және түсініктер, бір сөзбен айтқанда, адамдар арасындағы ой қызметі нәтижелерінің алмасуы екені жалпыға белгілі. Сөйлеу коммуникациясы тек мағыналық құндылығы бар, толық аяқталған тілдік единицалар негізінде жарық көреді. Нақ осы фактінің тілді меңгертудің негізгі бірлігі туралы мәселені дұрыс шешу үшін маңызы зор. Коммуникативтік лингвистика әр деңгейдегі мына коммуникативтік бірліктерді даралап көрсетеді: пікір, фразадан тыс бірлік, қайырым және мәтін. Бұлардың әрқайсысында өзіне тән коммуникативтік айқындық, қарым-қатынас процесінде көрсететін информация молдығы және үнемділік болады. Алайда тілдік единицаларды функциялық-коммуникативтік жақтан сипаттауда басты орын мәтінге теленеді. Бұдан тіл дамыту мазмұнында мәтін аса маңызды қызмет атқаратыны көрінеді. Тіл ұстартудың бастапқы кезеңінен бастап алға қойылатын мақсат оқушы бойында бағдарламалық мәтіндерді түсіну және өз бетінше мәтін құрай білуге үйрету. Біздің ойымызша, тіл дамыту мәтінмен басталып, мәтінмен аяқталады. «Оқу мәтіндері мен өзі құрайтын мәтіндерге апаратын жол-тілді оқыту меңгеру дегеніміз, міне осы»-дейді В.Бек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет