Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Көркем шығарманы оқу, жаттау, талдау әдістері –



бет14/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
лекция

Көркем шығарманы оқу, жаттау, талдау әдістері – Әрбір топ бағдарламасында балаға мағыналары түсінікті, досарымен, жақын адамдарымен, тірбиешімен сөйлесуде еркін қолданылатын сөздік қорды тез меңгерту көзделеді. Белсенді қолданылатын сөздік қорды топтау оңай емес. Оны таңдаудың негізгі ұстанымдары - тіл дамуының әр сатысына сай ауызша тілдік қатынасқа ол сөздердің практикалық қажеттігі болуы тиіс, сондай-ақ көркем сөзде, ауызекі сөйлеуде жиі қолданылуы қажет.

Балабақшадағы естияр ересек балалар тобындағы оқу-тәрбие жұмысында балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, бағдарламада аталған әдеби шығармаларды меңгерту-әңгімелесіп беру шығармалардың жанрын ажырата білу (әңгіме,ертегі,өлең т.б.) оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескеріледі. Ол үшін программалық шығармаларды оқу, тыңдау, әңгімелеу әңгімелетіп айтқызу (сабақта және сабақтан тыс)жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмысы әңгімелесуі, әңгімелету жаттығу жұмыстарына негізделеді. Ересек балалар тобына өтілген ондай жұмыс түрлері төмендегідей:



  1. Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу;

Қандай шығарма оқыдың? Ертегі екенін қалай білдің? Бұл әңгімеде кім, не туралы айтылған? Сен не істер едің? деген сияқты сұрақтар қоя отырып білім деңгейін анықтау.

2. Өздеріне сөздік жұмысын орындату. Синоним, антоним және көп мағыналы сөздердің мағынасын қалай түсіндіретінін байқау. «Сыңарын тап», «Тез ойлан » т.б. ойын түрінде бақылау жасалады. Ол үшін тәрбиеші бірнеше сөз айтады, ал балалар әр сөздің сыңарын табады.

Тез жылдам, шапшаң, жедел, жаз жазу, жел мезгілі, уақыт, мерзім, мезгіл, ұзын-қысқа, үлкен-кішкене, алыс-жақын, кең-тар, қара-ер,ат,таң деген сөздер алынады. Балалар аталған сөздердің тағы қандай мағынада қалай аталатынын төмендегі кесте арқылы салыстырып айтуға тиісті.

қара (етістік) батыр

байқа ер тоқым

Қара көр Ер маған ер

ірі қара мал

заттың түсі


ат (етістік) байла

Ат жылқы Таң таң ату

адамның аты таңдану, аң-таң

(омонимдер)

3.Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрете отырып бақылау

етік (-ші) трактор (шы) қой (шы)

4. «Берілген сөздерге терең сөз табу»

Мысалы: күз-алтын күз, бала сап-сары алтындай; қоңыр күз, күн қабағын түйе бастады

5. Белгілі бір тақырып бойынша өздеріне әңгіме құрату.

а) шығарма мазмұны сәйкес әңгіме құрады.

(көйлекті маған кім берді?)

ә) «Алтын дән», «Қырманда», «Бақшада» т.б.

6. Суреттермен жұмыс «Күзгі жапырақтар», «Алтын астық» Осы суреттерге сәйкес Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар», Қ.Мүсіреповтің «Алтын астық» атты шығармалар алынды.

7. Экскурссия

8. Дидактикалық ойын

9. Өздеріңнің көрген-білгендерді жөнінде әңгімелету. Бұл жұмыстар программаға сәйкес арнайы сабақ кезінде және сабақтан тыс (жеке бал-н) өтіледі. Ана тілінен өтілетін сабақтарда көркем шығарма оқыту, ертегіні әңгімелету, тақпақ жаттату творчестволық әңгіме құрату сияқты жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы 3 сабақ әдеби шығармаларды оқу және талдау жұмыстарына арналады, жүйесін бұзбай әңгімелеу талап етіледі. Шығарманы оқыған соң: Қандай шығарма оқылды? Шығарма кім не жөнінде? Шығармадан түсінгендеріңді айт. Шығарманың қай жері және қандай сөзі ұнады? Деген сияқты сұрақ тапсырмалар берілді. Өлең текстері оқылғандағы баланың көңіл күйі, бақыланады, өлеңде берілген образды сөздерге бақыланады, өлеңде берілген образды сөздерге көңіл аударту шығарма мазмұнын әңгімелету арқылы іске асырылды.


Тақырып №11. Сөздік жұмысының принциптері. Бақылау мен топсаяхаттың рөлі және оларды ұйымдастыру әдістемесі. Сөздікті молайту процесіндегі дидактикалық ойынның маңызы. Жалпылама сөздерді меңгерту.

Мектепке дейінгі шақта ойын іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігін емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

Мәселен қолына түскен заттармен қимыл жасағанда немесе үлкендердің үйреткендігін орындағанда бала ойнап отыр дейміз. Бірақ бір әрекетімен екінші әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілілік сипатта өтеді. Тек ойында ғана бала санасында белгілілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтсе де ойндық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым-қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы – қонжық, тұтас талы –кірекей (ана аю), шырпы қорабы –қонжықтың төсек-орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың –қонжық, шырпы талы –оның төсек-орны болуы керек деген шешімге ол мүлдем келіспейді. Бала бұған: Бұлай болмайды,- деп жауап береді.

Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс-әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рольді алады да сол рольге байланысты іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, шофеді бейнелейді. Балаға ойын іс-әрекет процесінде адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олардың провалары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.

Сәбилерге арналған ойын-жаттығулар.

Көңілді қуыршақтар

Қазіргі кезде жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес,жәдігер зат болып пайдаланып болды. Ал ойыншықтың бұл түрі бала саусағы басқаруы өзін ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.

Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз.Содан соң ойынды күрделендіре түсіңіз:екі қуыршақ,үш қуыршақ. Балаға аздап қиындық келтірсе асықпаңыз. Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік беріңіз.

Пирамидалар

Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр-түрлі болғаның қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек. Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлауына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап,содан соң  өз бетімен жинауға кіріседі.



Жиек бойымен жүргізіп шық.

Бұл ойынға мақпал жабыстырылған үй,машина,гүл кесе сияты суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға тигізе отырып суретте не бейнеленгенің сұрайды.Осы сурет бойымен моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шығу арқылы ойын жалғасады.

  Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш»ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге ,оның тілін ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.

  Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай-ақ төрт түлік малды таныстырып,оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатын уағыздайды.

    Саусақ ойындарының нәтижесінде:

-         Баланың сөйлеу тілі жетіледі;

-         Қимыл қозғалысы артады;

-         Икемділігі артады;

-         Логикалық ойлауы дамиды;

-         Танымдық деңгейі артады;

Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын негізінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Тақырып №12. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі. Қарым-қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту. Сөздің грамматикалық құрылысты қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері. Есту қабілетінің мәні.

«Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу» бағдарламасы бойынша суреттерді қарастыру сабақтары барлық топтарда өткізіледі. Сәбилер мен естияр балалар тобында педагогтің сұрақтарына жауап бере отырып, суреттерге сипаттама әңгіме құруға үйренсе, ересектер мен мектепке даярлық топтарда балалар әңгімені өздігінен құрастырып үйренеді. Мектепке дейінгі барлық балалар да ашық түсті, айқын салынған өздеріне таныс нысандарға қызыға отырып әңгіме құрайды. Әңгіме құрап тұрған бала өзінің білетіні жайлы суретке сүйеніп, еске түсіріп қатарластарына асыға әңгімелеп жатады.

Е.И. Тихеева бұл жайында: «Балалар суреттерге ерекше сүйіспендік танытады: олар өздеріне таныс жайттары, бастарынан кешірген уақиғалары туралы бөліседі, тыңдаушыларын да соған ынтықтырады. Осы сүйіспендікті педагог дер уағында пайдаланып, әңгімелеушінің айқын да анық бақылай білуін және тілін қатарынан дамытуды көздеу керек. Суретті қарастырған сайын бала сөйлеп тұрады. Педагог сол әңгімені қолдап, оған жетелеуші сұрақтар қойып, әңгімеге қатысушылардың зер салуы мен сөйлеуіне басшылық жасайды»,- дейді. Баланы суреттерге сүйене әңгімелеуге үйрету бірнеше кезеңнен тұрады:

Сәбилер тобында балаларды сурет қарастыруға дайындау кезеңі ұйымдастырылды. Бұл кезеңдегі мақсат – балалардың сөздік қорын бақылау. Жеке заттардың суреттері бар картинаны қарастыру арқылы балалар сөйлеуге белсенді араласады, картинамен танысу тәртібіне жаттығады.

Естиярлар тобында зат топтамалары бойынша сипаттама, мазмұнды сурет бойынша мазмұнды әңгімелер құрату ұйымдастырылады. Бұл әңгіме түрлерінде әңгімені бала алдымен тәрбиешінің көмегі арқылы, кейіннен өз қабілеті арқылы құрастырады.

Ересектер тобында балалардың ойлау, елестету қабілеттері артуына орай, олар өздігінен, тәрбиеші көмегінсіз сипаттама, салыстырма әңгімелер құрау кезеңі басталады. Балалар баяндау формасында ойша әңгіме сюжетін құрайды, сурет бойынша сюжеттің басталуын және аяқталуын ойдан шығарады.

Сипаттама әңгіме құрау үшін заттық және сюжетті дидактикалық суреттер қолданады. Ортаңғы топтан бастап балабақшада көркем шығарма мәтінің қайталап айтқызу сабақтары ұйымдастырылады. Мұндай сабақтар баланың байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруда өте пайдалы.

Суретпен әңгімелеуде маңызды тәсіл – тәрбиешінің бала әңгімесін бағалауы. Тәрбиеші баланың өте дұрыс құраған сәттерін және кемшіліктерін айтып отыруы керек. Сол сияқты ынтамен тыңдаған балаға да мадақтау айтқан жөн. Көркем шығармалардың мазмұнын қайталап айтқызу баланың байланысты сөйлеуін тез қалыптастырады. Сурет арқылы балалар әдеби тілге жақындайды, бейнелі сөздерді еске сақтайды, өзінің көркем ана тілін үйренеді. Мектепке даярлық тобында суретке қарап, бала өзінің өміріне таныс сюжетті ойдан шығара бастайды. Өз тәжірбиесінен әңгімелеуді баланың күнделікті өмірінде-серуен кезінде, саяхатта және ойын барысында таңдаған тақырыптарды пайдалануға болады. Тәрбиеші сабақта ғана әңгіме құратпайды, онымен күнделікті сөйлесу кезінде көрген- білгендері жайында әңгімелетеді. Әсіресе, бала үйден фотосуреттер әкеліп, «Менің туған күнімде», «Біздің отбасымыз», «Зообақ», «Жаңа жыл», «Наурыз» тақырыптарына әңгіме айтып беруді қалайды.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды сөйлеуге үйретуде сөйлеу тілінің материалы болып табылатын сөздік қорды дамыту – басты міндет.

Б.Баймұратова көптеген еңбектерде бала сөздігінің дамуына онымен ұйымдастырылатын лексикалық, дыбыстық жұмыстардың маңызына тоқталады. «Оқу жылы басталғанда сәбилермен жүргізілетін сабақтарда үй іші, киім-кешек, ойындар мен ойыншықтар туралы әңгімелесу, сөздік дәрежесін байқау, дұрыс айтуға үйрету тиімді болса, ересек, мектепке даярлық жастарда үйренген сөздердің мәнісін саналы түсініп сөз үйрету жұмысын сандық белгіден сапалық тұрғыға бағыттау керек. Олар көркем бейнелі сөздермен қатар синоним, антоним сөздеріне үйрету, етістік, сын есім, сан есімдерді меңгерту, зат есімдерді өздігінен септеп, жіктеп, тәуелдеп, жекеше, көпше айта білуіне үйрету жүргізіледі» деп жазылған ғалымның еңбегінде .

Мектеп жасына дейінгі балаларға дауыстап суреттерін қарап отырып, оқудағы мақсат оларды естуге және тыңдауға үйрету, сөзді дұрыс қабылдай білуге үйрету екені ілгеріде айтылды. Балаларға арналған кітапшалары сурет-иллюстрациялар оқылған мәтінді толығырақ түсіндіруге көмектеседі, бірақ оны өз орнымен тиісті жерінде көрсетпесе, ол қабылдауға кедергі жасауы да мүмкін.

Жаңа кітапшамен танысу негізіндегі сабақтарға әуелі мәтінді жеке оқып, содан кейін иллюстрациясын көрсеткен дұрыс екенін балалар бақшаларының тәжірибесі дәлелдеп отыр. Сурет әрбір сөзден кейін көрсетілуі тиіс, әйтпесе түрлі - түсті суреттерге еліктеген балалар тек суретті өзінше көреді де, көруден болған образ сөзбен үйлеспейді, өйткені балалар сөзді «естімейді», оның дыбыстық бейнесі оларды қызықтырмайды. Балалар көңілін толық аударып, оларды қызықтыру үшін өте әдемі өрнектелген кітапшаның мұқабасы ғана жеке көрсетіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптар әдетте жақсы суретшілердің қолынан шыққан әр түрлі және бір түспен боялған суреттермен безендіріліп шығарылады. Шығармалары көркемделген жазушылармен өзін сол автормын деп есептеуге құқылы суретшілердің есімдері мәлім.

С.Михалковтың шығармаларына Ф.Лемкуль салған суреттер балаларға оларды сөзбен берілген образын толық түсінуге көмектеседі. Осындай жанды суреттері бар кітаптардың мәтіндерін қазақша аударып, суреттерге сәйкестендіріп мәнерлеп оқу бала тілін, оның қазақ тілінде сөйлеуін жетілдіруге бірден-бір себеп. Бұл сөзімізге қазір шетелден шығарылған «Біздің Даша» кассетасының орыс және қазақ тілінде қолданысқа енгізілуі нәтижелі болғандығын мойындамасқа болмайды. Бұл мүмкін баланың полиглоттылыққа, көптілділікке апаратын бірден-бір жол .

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиеші кітапшадағы көркем иллюстрацияны қарап көрсету тәсілдерін өзгертіп отырады. Ол тәсілдер мыналар:

1-ші кішкенелер тобында: 1. Алдында отырған екі-үш балаға тәрбиеші оларға бұрыннан белгілі «Әтешім, әтешім, алтын айдар әтешім!» атты тақтаға салынған картинкаларды көрсетеді (бұл тақпақты алғашқы рет оқығанда балалар ойыншық әтешті көріп, ал ауылдағы балалар бақшасының балалары тірі әтештің өзін көрген болатын), әуелі бір балаға, сосын екінші балаға сұрақ қойылады:

— Айгүл, кәне әтешті көрсетші. Саусағыңмен айдарын көрсетіп, атын ата! (Қыз көрсетеді.)

— Алтын айдарлы әтеш, міне, осы.

— Ал әнді, Асқар, сен көрсетші, оның айдары қайсы. (Бала көрсетеді.)

— Міне, әтештің басындағы айдары — алтын айдары осы.

— Енді картинкаларды көріп, салыстырайық: біріншісін әтеш дән шұ-қып жеп жүр, ал екіншісінде ән салып тұр. Сапия, ән салып тұрған әтешті көрсетші. (Бала тауып көрсетеді.)

2. Балалар үшін күрделірегі — тәрбиеші көрсеткен картинкалардағы кейіпкерлердің, заттардың, оның бөліктерінің аттарын атау.

1-ші кішкентайлар тобында тәрбиеші сол суретті, әтешті арнайы таяқшамен нұсқап көрсетеді де:

— Алмас, бұл не?

— Әтеш .

— Дұрыс, әтеш. Алмас оны бірден таныды. (Оның айдарын көрсетеді.) Ал оның басындағы немене, Нәзгүл?

— Айдары (айдары).

— Дұрыс, Нәзгүл, жақсы айтты. Енді мына кітап суретінен, әтештің не істеп тұрғанын көрейік. Мынада әтеш қалай... Ол не істеп тұр, Самат?

— Ән сал...

— Әтеш ән салып тұр. Ол бар даусымен ән салып тұр. Ол кімге ұйқы бермейді?

Орта және ересек топтағы балалармен картинка-иллюстрацияларды қарап алып, мәтін сөздерінің суретпен қатыстылығын айыру тәсілінде өтеді.

Мысалы, «Қаздар» ертегісін қайталап оқыр алдында бес жастағы балалар картинкаларды ойыншық-кітапшадан (панорамадан) қарап көреді (Панорама-кітапшаларда суреттің «қозғалмалы белгілі болатыны мәлім: бір бетін ашқанда екінші жағынан композицияның әуелі біреуі, сосын екіншісі қозғалып отырады, ал басқа белгісінде қозғап отыратын тұтқасы болады.)

Орта және ересек топтағы балалармен картинка-иллюстрацияларды қарап алып, мәтін сөздерінің суретпен қатыстылығын айыру тәсілінде өтеді.

Мысалы, «Қаздар» ертегісін қайталап оқыр алдында бес жастағы балалар картинкаларды ойыншық-кітапшадан (панорамадан) қарап көреді (Панорама-кітапшаларда суреттің «қозғалмалы белгілі болатыны мәлім: бір бетін ашқанда екінші жағынан композицияның әуелі біреуі, сосын екіншісі қозғалып отырады, ал басқа белгісінде қозғап отыратын тұтқасы болады.)

Мұндай панорама-картинкамен сабақ жүргізгенде, тәрбиеші қысқа ғана бір үзіндіні оқиды да (әрине, иллюстрациясы бар үзінді), балалардың біреуінен соған сәйкес суретті көрсетіп талап етеді. Кейде, керісінше, біз суретті көрсетіп, бір баладан мұнда ертегінің қай тұсы суреттелгенін еске түсіруді сұрайды.

Мұндай тәсіл жай жазық иллюстрацияларды көргенде де қолданылады. Ересек және мектепке дайындық топтарының балалары иллюстрация-картинкаларды бағалай біледі: сұрақтарға жауап беріп («Картинка ұнады ма, жоқ па?», «Неліктен?»), тақырыпқа өзінше шешімдерін ұсынулары мүмкін (сурет сабақтарында). Егер балаларға бірнеше суретшінің бір әдеби шығармаға салған иллюстрацияларын көріп, салыстыруға үйретсе, олардың алуан түрлі иллюстрацияға баға беріп, неғұрлым негізді бола түседі.

К.И.Чуковскийдің «Кірқоймас» ертегісін алғаш рет төрт жастағы балаларға оқылатыны белгілі. Сол уақытта олар бір суретшінің иллюстрациясын қарап көреді. Жұмыс әдеттегі тәртіппен өтеді: 1) тәрбиеші алдымен мәтінді, балалар көңілді де көркем образдарды суреттелген сөздерге аудару үшін, картинкасыз оқиды; 2) мәтінді жазушының сөзі бейнеленген картинканы бір мезгілде көрсете отырып оқыды; 3) балалар картинкаларды өздері қарап көреді; 4) тәрбиеші тағы да мәтінді иллюстрациясыз оқып шығады.

Балалар бұл ертегімен одан кейінгі жаста да кездесетін болады.

Алты жасар балаларға әрбір суретші салған иллюстрацияларды ертегіден көрсеткен дұрысырақ болады.

Қазіргі бақылау, зерттеу экспериментінің нәтижелері суретті кітаптар әдістерінің артықшылығын дәлелдеп отыр. Құрғақ сөзбен түсіндіргенше, балаларды өзара білім салыстыру үшін «Тағы басқаша қалай айтуға болады?» деген сөздік жарысын өткізген тиімді. Балалардың диалогтық сөйлеуді монологтық сөйлеумен қатар үйретілуінің, меңгертілуінің мәні зор. Қазақ тілі сабақтарында баланың монологты тілін дамытатын, түсінікті тілде (қазақша, не орысша) мынандай әдістер қолданылады:

1) Ауызша түсіндіру (мұғалімнің, тәрбиешінің сөзі). Ауызша мазмұндап баяндаудың бұл түрі – әрі теориялық, әрі практикалық материалдардың өзара заңдылықтарына сәйкес қолданылатын әдіс түрі. Бұл әдісте түсіндіру тәсілі арқылы сөздердің мағыналық жағына назар аударылады. Мәселен, сөздің қосымша мағынасын (синонимді, антонимді, бейнелі сөздер мен тіркестерді) бала санасына дұрыс қабылдату үшін, аталымдарын өздеріне тапқызып, нысандарын түсіндіре көрсету үшін, көрнекіліктермен қосымша білім беру үшін мұғалімнің, тәрбиешінің ұғынықты түсіндіру тәсілдері қолданылады.

2) Ауызша мазмұндау. Монологтық сөйлеудің бұл түрі баланың оқыған мәтінді түсінгенін және қалай меңгергенін байқап білу тәсілдеріне саналады. Ауызша түсіндіру мен ауызша мазмұндаудың бір-бірімен аздап болса да өзіндік ерекшеліктері бар. Ауызша түсіндіруде, негізінен, тыңдаушының ойын, назарын аударып, дерексізден деректіге қарай ұғындыру амалы мен тәсілі басым. Сондықтан түсіндіруде беріліп отырған нысанның өзіндік белгілеріне қарай айтылатын ой өте анық, дәл және ықшам болуды талап етеді. Ал ауызша мазмұндауда тыңдаушының ойы мен қиялын, елесі мен сезімін оятып, объектіні көркем бейнелеп беру қасиеті күшті келеді.


Тақырып №13. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі. Арнаулы сабақтарда, грамматикалық жаттығуларды, дидактикалық ойындарды қолдану және өткізу әдістемесі.

Мектепке дейінгі кезеңде тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кезегімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры үш есе өседі. Мұнда сөз қорының өсуі тұрмыс және тәрбие жайларына тікелей байланысты. Психикалық дамудың басқа кез келген салаларына қарағанда мұнда жеке түр өзгерістері басымырақ.

Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және шылау сөздердің есебінен де тез өседі. Егер бала грамматика заңдары бойынша сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамының өз бетінше өсуінің мәні болмаған болар еді. Мектепке дейінгі балалық шақта ана тілінің морфологиялық жүйесі игеріледі, бала іс жүзінде жалпы сипатта септеу мен жіктеудің типтерін үйренеді.

Мектепке дейінгі жаста балалар сөздерді айтарлықтай жеңіл құрады, әр түрлі жұрнақтар жалғау арқылы олардың мәнін өзгертеді.

Тілді үйрену баданың өзінің тілге деген ерекше белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік баланың қолда бар үлгіден шығаратын сөз құраулары мен сөз өзгертулерінен көрінеді. Мектепке дейінгі жас тіл құбылыстарына деген аса сергектіктің байқалатын кезі болып табылады.

Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар мектеп жасына дейінгі балалар мәнінің қандай екендігіне қарамастан сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қояиындығы байқалады. Олар көбіне сөздің түрін әдейі өзгертеді, жаңа сөздер ойлап табады, сөз ырғағын құрастыруға беріле жаттығады. Мысалы, бес жасар бала мынаған ұқсас ырғақтарды құрастыруға беріле жаттығады. «Сабақ, қабақ, табақ, қала, дала, сала». Құрастырып отырған тақпақтың мазмұны баланың назарынан тыс қалады, өйткені ол үшін бастысы – өзінің бар ынтасы ауған ырғақ. Ырғақ құрастыруды ол ойынға айналдырып жібереді.

Баланың тілге деген активтілігі тек өлеңмен жазылған түрге ауысады. Бірақ бұл шынында ақындық творчестводан әлі әлдеқайда алыс.

Алты жасқа қараған баланың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өз шама-шарқына лайықты тапсырмаларды ынталықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Айналасындағы адамдарға пайдалы жұмыс түрін орындауға ынталанушылық көрініс табады. Сөйтіп өз іс-әрекетін бағдарлап, басқара білу дағдыларын меңгеруге, олардың жан-жақты дамуына негіз болады.

Тақырып бойынша меңгеретін сөздер: Мысалы, Жомарт күз: Күз айлары, сары алтындай, нөсер, бұршақ, қарлы жаңбыр, гүлдер солады, суық жел, пеш, отын, дайындау, аралау, ағаш кесу, сұлу, тары, қырман, қойма, қой қырқу, жем-шөп дайындау, алтын дән.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет