Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №16. Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін дамыту. Сөйлеу техникасымен жаттығу(тыныс алу, дауыс, үн реңкі)



бет17/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №16. Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін дамыту. Сөйлеу техникасымен жаттығу(тыныс алу, дауыс, үн реңкі).

Мектепке дейінгі кезеңде дамитын тілдің негізгі қызметтерінің бірі – қарым –қатынас жасау қызметі. Тіпті сәбилік шақтың өзінде бала тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланады. Әйтсе де ол тек жақын немесе жақсы таныс адамдармен ғана қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайда қарым-қатынас ересектер мен бала қатынасатын нақтылы жағдайдың есебінен пайда болады.

Әңгімелеу кездерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана білуге үйреткен жөн. Сөздік қорындағы жиі қолданатын сөздерді әр түрлі грамматикалық формада түрлендіріп айтуына көмектескен дұрыс. Сөйлеу кезінде грамматикалық кемшіліктерді байқап, сөзді дұрыс, таза, мәнерлі етіп айтуын қадалау керек.

Тілімізде жаңа орныға бастаған – Елтаңба, көгілдір түсті ел туы, Әнұран, ұшақ т.б сөздердің мағынасын ашып түсіндіру қажет. Жалпы ұғым беретін: қала, ауыл, мал, үй, киім, ыдыс, адам, ағаш, жеміс-жидек т.б. сөздерді қалай түсінгендерін анықтап, қайталап отыру, сөздік қорындағы сөздерді әр түрлі грамматикалық формада (септеп, жіктеп, тәуелдеп, жекеше, көпше түрде) қолдана білуді қадағалап, оны әрі қарай тереңдете жалғастыруға машықтандырған дұрыс.

Ауызша сөйлескен кезде сөзді дұрыс, анық, таза, мәнерлі айтуға үйретіп, өнер шеңберлерінің үнтаспаға жазылған сөздері, кешкі ертегі сияқты хабарларды тыңдатқан жөн. Әдеби үйірмелер ұйымдастыру арқылы балалардың дара қабілеттілігін жетілдіру. Өз беттерімен әрекет жасай білуге, шығармашылыққа үйреткен дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет