Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №21. Сабақтан тыс уақытта кітаппен жұмыс істеу. Балабақшадағы кітап бұрышының маңызы және оны безендіру



бет20/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №21. Сабақтан тыс уақытта кітаппен жұмыс істеу. Балабақшадағы кітап бұрышының маңызы және оны безендіру.

Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіп жетілуімен қатар, ХІХ ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің дамуына ат салысып, жетекші роль атқарды.

Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтын бесігі десек, «Әліппе», мен «Букварь» балалар кітабының, балалар жазба әдебиетінің негізі болды дер едік.ХІХ ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жазба әдебиеті өінің тұрақты педагогикалық көз-қарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.

Тұңғыш ағартушы, тамаша педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин мен ұлы ақын Абай мұндай төзімсіз жағдайларға ашықтан-ашық қарсы шықты. Чернышевский әдебиет өмір оқулығы болуға тиіс десе, осы идеяны ілгері қарай дамытқан Ы.Алтынсарин-балаға өмір танытатын әдебиет алдымен діни сөздерден, діни уағыздардан, дінді насихаттайтын үгіттерден арылуға тиіс деп күн ілгері жар салды.

Ыбырай Алтынсарин сол жылдардың өзіндік-ақ қазақ мектептерінде орыс әрпімен оқытылсын деген жаңа идея ұсынды, оның пайдалы жақтарын түсіндірді.

Орыс халқының мол әдебиетімен танысқан Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрып, балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударып, таныстырады. Халықты, жастарды оқуға шақырып, «Кел, балалар оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдерін арнады.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар. Кел, балалар, оқылық,

Тілегенің алдыңнан, Оқығанды көңілге

Іздемей-ақ табылар. Ықыласпен тоқылық.

деп ұран салады.

«Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде де өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды мәдениетті орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, үлгі-өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.

Ы.Алтынсарин шығармаларын тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастырамыз.

Еңбек тақырыбына арналғаншығармалары – «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Байлық»,т.б.

Отырықшылыққа арналған шығармалары – «Қыпшақ Сейітқұл», «Ағаш үй мен киіз

өлеңдер жазды. Оларды өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын ескертіп өтеді. Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі -өнеге аларлық насихат белгілері көп табылады. Абайдың жылдың төрт мезгілін, табиғаттың әсем көріністерін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жастарға тіршілік тірегі деп түсіндіреді.

Ұлы орыс халқының атақты сыншысы В.Г.Белинский: «Сіз оларды тамаша дүниенің шексіз әралуан құбылыстарымен таныстыра отырып, олардың білімдерін байыта аласыз... Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету керек» деген. Белинский айтқандай Абай өлеңдерінің балаларға лайықты әсем түрлері алдымен осы табиғат байлығын танытудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен байланыстыра суреттеуден басталады. Өйткені «Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар» деп А.С.Пушкин айтқандай, Абай да көркемдікті қабылдаудың, сүйсінудің қайнар бұлағы өмірдің өзі деп түсінген. Оның бәрі де еңбек процесі арқылы туатынын да жақсы білген.

Адамды қуантатын да, бақытқа жеткізетін де еңбек процесі екенін практикадан да, өмірдің өзінен де көрген. Сондықтан да Абай жылдың төрт мезгілін еңбек прцесіне, қимыл-әрекетке байланыстыра суреттеген. Ол тек пейзаждық көркем көрініс емес, өмір тіршілігі ретінде сүйкімді нәрлі көрінеді. Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды таң-тамаша етеді. Соған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады.

Абайдың байқағыштық, талғампаздық қабілеті күшті де өткір. Бұл қасиет оның барлық өлеңдерінен де байқалады. Абай қай нәрсенің болса да ең қажетті ерекшеліктерін, тым ұсақ өзгешеліктеріне дейін таба білген. Тайға таңба басқандай етіп, нанымды суреттейді.

«Әсемпаз болма әрнеге» (1894) деген өлеңінде Абай жастарды өнер білімге щақырады.

Әсемпаз бома әрнеге,-

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан –

Деп жастарға ақыл айтып жөн сілтейді. Бұл өлеңде жасөспірімдердің ойына қозғау салаларлық, ақыл берерлік, көңіл оятарлық терең ой жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет