Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №22. Балалардың сауатын ашу. Балабақшадағы балалардың сауатын ашу және мектепке даярлаудың мақсаты мен міндеті. Дыбыс және әріп туралы ұғым



бет21/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №22. Балалардың сауатын ашу. Балабақшадағы балалардың сауатын ашу және мектепке даярлаудың мақсаты мен міндеті. Дыбыс және әріп туралы ұғым.

Сауат ашу технологиясы тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселелерді оқып меңгеру – ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білу қажет етеді.

Табиғи жағынан дыбыс қандай да болмасын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп, қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі. Дыбыс өтетін орта – ауа кеңістігі. Ауа кеңістігінсіз ешбір дыбыстың жасалып, пайда болуы мүмкін емес.

Дыбыстың жасалуында: оның ырғағы, күші созылыңқылығы, әуені ажыратылады.

Дыбыстың ырғағы белгілі бір уақыт мөлшері (әдетте 1 сек.) ішіндегі дірілдің саны; ол неғұрлым көп, жиі болса, ырғақ солғұрлым күшті болады. Ал, керісінше, дірілдің саны аз болса, ырғақ та солғындап, әлсірей береді. Адамның құлағы 1 сек ішінде 16-дан 20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты қабылдап, ести алады. Дауыс құбылысы осы ырғаққа, яғни сөйлеу барысында ырғақтың өзгеруіне байланысты болады.

Дыбыс күші дірілдің қарқынынан шығады. Егер дірілдің кеңдік (амплитуда – лат. amplitudo) қарқыны көбейе түссе, дыбыс күші де ұлғайып, күшейе береді. Сөйлеу де дыбыс күші екпінмен қарым-қатынасқа түседі.

Дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен ұштасады. Дірілдің ритмикалық және ритмикалы емес деп аталатын түрлері болады.

Тіліміздегі дыбыстар өкпедегі ауаның сөйлеу аппараты (өкпе, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз, мұрын қуысы, тіл таңдай тіс, ерін т.б.) арқылы Дыбыстарды айтуда әсіресе дауыс шымылдығы мен тіл айырықша қызмет атқарады: дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады; ал тілдің бірде көтеріліп, бірде төмен түсуінен, сондай ақ оның артық шені мен орта шенінің немесе ұшының қимылынан әр түрлі дыбыстар жасалады.

Тіл дыбыстарының артикуляциясына айрықша қатысы бар дыбыстау мүшелерінің бірі – ерін.

Қазақ тілінде 37 дыбыс бар. Олар дауысты, дауыссыз болып, екіге бөлінеді. Бұлайша бөлу дыбыстардың буын құрау қызметіне негізделеді. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс буын құрайды. Дауыстылар: а, ә, о, е, ы, і, ұ, ү, е, э, и, у. Дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. «У» дыбысы дауыстыдан кейін келсе, буын құрай алмай, үнді дыбыс болады. (бастау, тау, т.б.); ендеше, «у» бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады.

Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде ауа: 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, лепсіз, бірқалыпты шығады; 3) созып айтуға келеді. Ал дауыссыздарды айтқанда ауа: 1) кедергіге ұшырайды; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі де, ауа етіп шығады; 3) созып айтуға келмейді.

Дауыстылар мен дауыссыздардың жасалуын Бодуэн де Куртенэ: дауыссыз дыбыста қысымы – дыбыстау аппаратының бір ғана мүшесіне түссе, дауысты да, жалпылама өтеді – деп, айқындаған болатын.

Сөйтіп, тіліміздегі дыбыстарды дұрыс айтып үйрену – сауат ашу кезеңіндегі ерекше көңіл аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылатынын әрі аңғарады, әрі өздері айтып үйренеді.

Тәрбиеші тілдің артқы таңдайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар (а, о, ы, ұ), тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жуықтауынан жіңішке дауыстылар (ә, ө, і, ү, е, з) шығатынымен таныстырады. Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар – дауыссыздар. Тіпті кейбір балалар дыбыстарды мектепке келгенде айта да алмайды (мысалы, «р», «с»). Осыған орай, кейбір дауыссызды айтқанда тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кететін («д», «т»), кейбіреулері астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе тіске тиюінен (п, б, м, ф, в), енді біреулер тіл ұшының астыңғы тіске жуысуынан (с, з), ал тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан (к, г, қ, ғ, х), жұтқыншақтың тарылуынан («һ») дыбысының пайда болатынын байқатып айтқызып балаларды дағдыландырады.

Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айитуға дағдыланумен бірге олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді үйрену – сауатты болудың алғашқы баспалдағы. Әріптерді білу арқылы жазуды меңгереді.

Сауат ашу кезінде балалар сөздің дыбыс, буын құрамын меңгереді, сөйлеммен танысады. Буындардан қалайша сөз құруға болатынын біледі, жаңа сөздер үйреніп, сөздік қорларын байытады, практикалық түрде қазақ тілінің нормасына сай сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып беруге дағдылана бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет