Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»



бет24/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №25. Байланыстырып сөйлеудің даму деңгейінің оқу әдістемесі. Балалардың сөздік қорын дамыту ерекшелігі. Балалардың жалпы тілін дамыту диагностикасының әдістемесі.

Бала табиғатының, жаратылысының жалпы табиғи мүмкіндігінің бір белгісі – кіші жас кезеңіндегі сөзге құлақ қойғыштық қабілет нышандары. Тәні таза, жаны сау бала қалай жетілсе, тілі де солай жетіледі. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесін жасаған әдіскер ғалымымыз С. Рахметова: «Бала тілді ешбір ереже білмей-ақ, оқымай-ақ сөздерді қиыстырады, сөйлемдер құрастырады, ойын жеткізе алады. Мұның барлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана. Бірақ, өкінішке орай, біздің мектептерімізге келетін балалар отбасының сөйлеу дәрежесінде екенін естен шығармауымыз керек. Қазіргі мәселе–балалардың ана тілін еркін меңгеруіне, сөзді таза қолданып, дұрыс құрастырып, сөз тіркестері мен сөйлемдерді өзара жүйесімен құрастырып жеткізе бермейтігінде. Көбінесе олардың сөздері жаттанды, не орысшадан тікелей аударған күйде келеді», - деп жазды. Бұл үшін әдістемеде не істеліп келген және не істеліп жатыр? Бұл сұраққа жауап бере қою да оңай емес.

Байланыстырып сөйлеудің екі формасы бар: өзара ауызекі сөйлесу және ойды өз атынан, өзге адамның, не кітап мазмұны бойынша ауызша әңгімелеп айтуы. Бұл балаларды сөйлеуді дамытуды қажет етеді.

Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару үшін, сол тілде баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек.

Тіл негізінен табиғи түрде, табиғи қалыптасқан ортада дамытылатын құбылыс екендігі белгілі. Дей тұрғанмен, екі-үш тіл қатарынан қолданылатын ортада бір тілдің екіншісіне кедергі келтіретіні, бір тілдің екіншісін басып тұратыны байқалады. Сондықтан да тілді жасанды түрде де меңгерту мәселесі туындап отыр. Ол үшін қандай жолдар керек? Үй-ішінде тілі орысша шыққан баламен ата-анасы ана тіліне аударма түрде сөйлесуі керек пе? Жоқ, басқа жолдарын қарастырамыз ба? Сұрақтар, кедергілер көп. Балалардың байланысты сөйлеуі қазақ тілі, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру сабақтарында біртіндеп үйретіледі. Балаға әр сабақта берілетін сөздерді өзге сөздермен мағыналық байланысқа түсетіндей етіп беру, баланың келесі сабақта сол сөздерден тіркестіріп бір ой шығаруға болатынын түсінуін қамтамасыз ету – олардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың басты жолы. Жеке сөздерді, бір ғана ұғым не бірнеше мағына беретін сөз бен сөз тіркестерін. Сызбадан, таңбадан көзбен көріп, көңілмен мейірлене қабылдағанда ғана балада байланыстыра сөйлеу пайда болады. Кеңес заманы тұсында одаққа кіретін он алты республиканың балабақшаларына, мектептің бастауыш сынып оқушыларына қанық бояулы қабырғаға ілетін суреттер топтамалары шығарылып тұратын. Балалар тақырыптық суреттерді пайдаланып, көрмеген самолеттерінің, метролардың, т.б. аттарын біліп алатын, көрмегендерін көңілдерімен армандап, сөйлемдер құрастыратын. Бүгінде компьютерді, суретті кітапшаларды қолданып, балалармен үлкендер мемлекеттік тілде сөйлесіп, үйреніп келе жатқанын мадақтап, бағалап отыру республикада тіл саясатын тұрақтандырудың бірден-бір амалы. Қазақ тілін ана тіліндей құрметтеп, мемлекеттік тілде балабақшадан бастап ауызша сөйлету негізі бағдарламаға сай етіліп, дұрыс салынса, байланыстыра сөйлеу мақсаты сонда нақты орындалады.

Баланың байланыстырып сөйлеуіне қажетті құралдардың түр-түрлерін компьютермен жасап алудың жолдары көп. Әрбір тақырыптық лексикалық тілдік материалдар өтілгеннен соң, балалардан ауызша сөйлеу тестілері алынуы керек. Топ балаларының айналасындағы қарым-қатынас нысандарына сәйкес мазмұнды тақырыптық суреттер, жергілікті және балалар әдебиетіндегі классик жазушылардың шығармашылығынан лайықты мәтіндер топтамасы әзірленуі балаларды байланыстырып, өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге ыңғайлайды.

Сонымен, тіл дамытудың үш бағыты әр деңгейде, әрбір оқыту сатысында баланы сөйлеуге жетелейтіндей деңгейде ұсталуы керек. Олар:

1. Балалардың лексикалық минимумының сөйлеуге бағыттайтындай етіліп беріліп, олардың жетілдіріліп отырылуы;

2. Балалардың қарапайым грамматикалық білім деңгейлерінің әр сабақта бекітіліп, жетілдіріліп отырылуы, яғни әр мәтіндегі әр тіркестің, сөйлемнің байланысына назар аудартып отыру. Осы екі деңгейдің грамматикалық, орфоэпиялық, мәнерлілік просодияларын ұстанған бала ғана байланыстырып сөйлеу деңгейіне жете алады. Осылардың сан алуан әдістерін сабақ мақсатына қарай таңдай білу– қазақ тілі мұғалімінің кәсіби міндеті.

Сөйлетуге үйретудің арнайы шарттары бар. Барлық оқыту сатыларында оқытуда ол әрдайым екеу: біріншісі–адамға өз ойын басқаға сол тілде білдірудің қажеттігі болуы; екіншісі–сөйлеушінің басқа адамға жеткізетін мағлұматы болуы. Бұл орайда, топ ішінде өткізілетін сөз жарыстары, балабақшада «Біз мемлекеттік тілде сөйлесеміз» атты арнайы күндер мен апталықтардың ұйымдастырылуы, жол көліктерінде, телефон байланыстарында, тұрмысқа қажетті қоғамдық орындарда тілдік қатысымның мемлекеттік тілде орныға бастауы негізгі шарттар болмақ.

Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруға арналған сабақтарда тіл дамытуға арналған көрнекіліктерді пайдалануға болғанымен, бұл құралдар мазмұны мен мақсаты жағынан ерекшеленеді, өйткені бұл көрнекіліктер оқушының басқа машығы дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Байланыстырып сөйлеудің басты мақсаты мазмұндама мен шығарма жаздыру ғана емес, сонымен бірге нақтылы тілдік шеберлікті қалыптастыру мақсаты етіледі, ең алдымен тақырыпты түсіну және ондағы негізгі іс-әрекет пен оқиғаның әр түрлі жанрда (хабарлау, суреттеу, пікірлеу) жеткізу болып табылады.

Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында пайдаланатын көрнекі құралдардың өз ерекшеліктері бар. Шын мәнінде тақырыпты, шығармадағы негізгі ойды ұғыну мәтін мазмұны арқылы жүзеге аспайды, сонымен бірге, автордың басты идеясын түсінуге ықпал ететін көркем өнер мен әдебиет туындыларын (көркем сөз оқу, кескіндеме, графика, кинофильм т.б.) ұштастырып отыру аса тиімді.Әңгімеге қажетті материалдар мен жүйелеу дағдыларын тек кітаппен жұмыс жүргізу негізінде қалыптаспайды, бұл машықтардың орнығуына көркем өнер туындыларының фрагменттік бейнелерін (суреттер, скульптура) бақылау арқылы қабылдауды және жинақталған материалда ой елегінен өткізіп, көргенді, жүйелі түрде баяндауға жаттықтырудың да ықпалы мол.

Айталасты әр түрлі жанрда құру, шеберлік оқытуда әр түрлі білім көздерін қажет ететін логикалық операциялардың кең ауқымын қамтиды.

Суреттеу жұмысының нәтижелігі сипатталған іс-әрекеттің бағыт-бағдарын белгілеп білуге сипатталатын зат пен құбылыстың өзіне тән ерекшелігін айқындау мен оған деген өзінің қатынасын білдіру дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Аталған дағдыларды орнықтыру сурет, картина, сюжетті суреттер (ол сөз арқылы суреттелетін зат не құбылысты қайтадан қарап шығуға мүмкіндік береді) және кинофильмдер үлкен рөл атқарады.

Байланыстырып сөйлеу шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы қалыптасады. Оқушы өз ойын, пікірін білдіруде тілдік құралдарын пайдаланады. Ойды жеткізуге қажетті сөз таңдайды, сөз бен сөзді байланыстырады,, сөйлем құрайды. Мазмұндама мен шығарма мәтінін құру үшін оқушы сөз тіркестері мен сөйлем жайында теориялық және практиаклық дағдылар қалыптастыру тиіс. Біздіңше, байланыстырып сөйлеуге қалыптастыратын жазбаша жұмыстарының ойдағыдай болуына сөз тіркестері мен сөйлем синтаксисін білу жеткіліксіз, олай дейтініміз шығарма мен мазмұндама жеке-жеке алынған сөз тіркестері сөйлемдерден ғана тұрмайды, олар бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтін болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет