Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №17. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы жалпы мағлұмат



бет18/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №17. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы жалпы мағлұмат.

Сөздің дыбыстық құрамына талдау жасай білуді қалыптастырып, сөз құрап тұрған дыбыстардың орын тәртібін ретімен айтқызу жұмысы жүргізіледі.

Сауат ашу жұмысына даярлық кезеңінде дыбыстарды өту төмендегіше қарастырылады:

І тоқсан. 3-4 дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасап, сөз құрап тұрған дыбыстарды тауып, қай орында тұрғанын атап айтуға және ол дыбыстардың айтылу ерекшелігін, созылыңқы, келте айтылатындығын түсіндіру. Сөз ішіндегі дыбытардың – дауысты, дауыссыз немесе қатаң, ұяң екендігін айыра білуге арналған жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оларды салыстырып айтуға, талдауға төселдіру қажет.

ІІ тоқсан. Сөз құрамына 4-5 дыбыстан құралған сөздерден дыбыстық талдау жасатып, сөздегі дыбыстардың айтылу ерекшелігін түсіндіреді. Сөз дыбыстан құралатындығын нақты мысалдармен түсіндіріп, сөз жөніндегі түсініктерін практикалық жолмен меңгертеміз. Сөзді бірнеше бөлікке бөлуге болатынын көрнекі түрде, мысалы: қағазды екіге, төртке бүктеп, әр бүктеу бүтіннің бөлігі екендігі үғындырылады. Ол бөлік буын деп аталады. «Буын» ұғымын меңгерту, сөзді буынға бөлуге жаттықтырады. Әр түрлі дыбыстық тапсырма бойынша мысалдар ойлатып, сөз құратып (ауызша) ол сөздерді буынға ажыратады.

ІІІ тоқсан. Сөзге дыбыстық талдау жасауды әрі қарай жалғастырып, үйренген ұғымдарын қайталайды. Дауысты, дауыссыз, қатаң, ұяяң деген дыбыстарды қайталайды. Әр дыбысқа сөз ойлап табады. Ол сөздерді буынға бөледі

ІҮ тоқсанда сабақ өтілмейді.


Тақырып №18.Ұтымды оқу іс-әрекетінің маңызы, мазмұны. Балалар сөзінің мәнерлілігін тәрбиелеу. Балалар әдебиетін пайдалану. Балалардың сөздік, дыбыстық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті жағдай. Тіл мәдениетінің ерекшелігі.

«Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс», - делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі – еңбектің творчестволық сипат алуы. Осыған орай, біздің мектептеріміздің бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің бірі-балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру, творчестволық белсенділігін арттыру. Мектеп реформасының оқытудың мазмұнын ғана емес, сонымен қатар бүкіл әдісін, құралдарын ұйымдастыру формаларын онан әрі жетілдіруді қарастыруы, оқушылардың белсенділігін туғызатын әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды ұсынуы кездейсоқ емес.

Тілдің қатынас құрал болып қызмет атқаруы сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал мұның өзі адамдардың сөйлеу әрекеті болғандықтан психология ғылымының зерттеу объектісіне айналады.

Сөйлеу әрекеті алдымен ішкі және сыртқы сөйлеу деп аталатын үлкен екі түрге, сонан кейін сырттай сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен диалектикалық тығыз байланыста іске асып отырады. Өйткені олардың физиологиялық негізі бар, ол негіз – ми жарты шарларының қабығындағы екінші сигнал системалары. Олардың негізінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, ой өрісін кеңейтеді, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.

Психологтардың анықтауынша, бастауыш класс оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшеліктерін творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялдың шарықтап дамуының ең жоғары сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланыста болады. Қиял екі түрлі : пассивтік және активтік. Ал активтік қиялдың өзі қайта жасау, творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады. Өйткені кітап оқу, түрлі суреттер, диафильмдер көру арқылы алуан түрлі оқиғаларды көз алдына елестету – қайта жасау қиялының көрінісі болса, бала қиялының бетін шындыққа бұрып, іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға, толықтыруға үйрету творчестволық қиялдың дамуына әсер етеді. Осыған байланысты, шығарма (әсіресе еркін тақырыпқа), сондай-ақ мазмұндама жұмыстарын түрлендіріп жүргізудің оқушыларды творчестволық жұмысқа үйретуде атқаратын ролінің зор екені келіп шығады.

Шығарма мен мазмұндамада психикалық таным процестерінің қызметін, түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиялды күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді, анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстарын жасайды және жетілдіре түседі.

Шығарма мен мазмұндама жүргізуге дайындалу барысында, әсіресе 1-класс оқушыларының психикасында 1-сигнал системасының қызметі басым болғандықтан, балалардың өмірде көрген-білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, оқиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену қажет.

Тесті алдын ала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған дұрыс. Өйткені тексті алдын ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын тесті жобалап алудың қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық және синтетикалық жағы неден көрінеді?


  1. Сөз таңдағанда оқушы әңгімеленгелі отырған оқиғаға сай келетін сөздерді таңдап ала білсе, бұл-аналитикалық процесс, ал осы сөздерді текстің ішіне енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі.

  2. Сөйлем құрастыруға – анализ – субъектілер мен предикаттарды іріктеп және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу; ал синтез-осылардың сөйлем ішінде орын-орнына қойып орналастыру.

  3. Текст құрастыруға анализ – тұтас, тесті бірнеше бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Жазуға дайындық кезінде, текске жоспар жасау – анализ арқылы іске асса, сол жасалған жоспар бойынша толық тексті құрастырып айтып не жазып беру синтетикалық процесс болып табылады.

  4. Шығарма жазу барысында анализ үнемі синтезден бұрын жүреді, анализдың бұрын келуі синтезге жол ашады.

  5. психология оқулықтарында бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдауы эмоциямен, сезіммен сабақтас жүретіні айтылады. Сондықтан мазмұндамаға алынатын текстер мен шығармаға ұсынылатын материалдар балаларда болатын көңілділік, сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттер ескеріле іріктелуге тиіс.

Шығарма, мазмұндама жазу кезінде оқушылар негізінен мыналарға әдеттенеді: дұрыс отыру, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаның үстіне дұрыс қою, әріптерді дұрыс жазу, лексикалық (сөзді дұрыс қолдану), морфологиялық және синтаксистік тесті алдын ала синтездеу, ойлау операцияларын дұрыс қолдана білу, жазғандарын тексере білу және қателерін түзете білу т.б. машықтар. Бұл тәсілдердің қалыптасу дәрежесі әр түрлі. Мысалы, егер қаламды дұрыс ұстау, дұрыс отыру 2-класқа дейін толық қалыптастып бітетін болса, орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және тексті алдын ала синтездеу әлі әлсіз, сананың бақылауын қажет етеді. бұл әдеттердің қалыптасуына мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының әсері зор. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарының мақсатының өзі оқушылардың ойлау қабілетін (анализ, тинтез, жалпылау, нақтылу, салыстыру, абстракциялау) жан-жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер тұрақтанып, қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет