Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет43/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

ДӘРІС №12
Тақырып: Химиялық жағдайларды барлау құралдары. Әскери химиялық барлау құралы, құрылысы, жұмыс істеу принциптері.
Жоспар:
1. Химиялық барлау. Химиялық барлау аспаптары.
2. Радиациялық барлау. Инженерлік барлау 
Химиялық барлау — әскердің орналасқан жерін және жүретін маршруттарын химиялық жолмен барлау арқылы карсыластың уландырғыш заттар қолдану мүмкіндігін анықтау. Химиялық барлаудың міндеті жергілікті жерлерде, ауада әскери техникадағы уландырғыш заттарды тез арада табу, уланған аймақтың шекарасын анықтап бөлімге (бөлімшеге) хабарлау, уландырғыш заттардың түрін анықтап, айналып өту жолдары мен уланған аудандардағы неғұрлым қауіпсіз аймақтарды анықтау. Химиялық барлау барлық бөлімдер менротаға дейінгі белімшелерде химиялық әскерлер, сондай-ақ арнайы дайындықтан өткен әр түрлі әскер түрлеріндегі бөлімшелердің, есептердің, экипаждардың көмегімен үнемі үздіксіз жүргізіліп тұрады. Химиялық барлау міндетін орындау үшін химиялық бақылау орындары (постылар), химиялық барлау шолғындары және әскердің козғалуын күзету немесе барлау үшін бөлінген бөлімшелердің құрамындағы арнайы химиялық барлау топтары құралады.
Химиялық барлау аспаптары — ауадағы, жергілікті жердегі, ұрыс техникасындағы, киім-кешектегі және басқа да заттардағы улағыш заттарды аныктауға, сондай-ақ зақымданған материалдардан (жер, қар, су, тағам) сынама алуға және ауадағы улы немесе бейтарап түтіндерден сынама алып, іріктеуге арналған құрал. Дала жағдайында уланған заттарды анықтауға арналған аспаптардың ішінде неғұрлым кең қолданылатыны — ПХР54 және ПХР деп аталатын химиялық барлау аспаптары. ПХР-54 құралы ішіне қол сорғысы (насос),индикаторлы түтікшелері бар кағаз (таспалары, түтінге қарсы сүзгісі, сынама алуға арналған құтысы, сорғы саптамасы, корғаныш қалпакшасы) орнатылған қақпағы бар тұрқыдан (корпус) тұрады. Сонымен бірге құрал жиынтығына сынама алуға арналған қалақша, залалданған бөлікті көрсететін таспа, қалта электр фонары, жазбаларды түсіріп отыратынконверт пен нұсқау кіреді.
Радиациялық барлау — жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау (өндіріс) орындары туралы мәліметтер алу.
Радиациялық барлау әскерлердің (күштердің) ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер (күштер) тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді.Акваторияны радиациялық барлауды арнайы (рейдтік) кагерлер, ұшақ (тікұшақ) экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ (тікұшақ) экипаждары жүргізіледі.
Инженерлік барлау – жаудың инженерлік құрылыстарының дәрежесі және ұрыс қимылдары жүріп жатқан жердің сипаты жөніндегі деректерді дер кезінде алуға арналған барлау түрі. Инженерлік барлау инж. бақылау постылары, инж. барлау топтары, инж. фотоға түсіру постылары арқылы жүргізіледі.
Инженерлік фотобарлау (Инженерная фоторазведка) — қарсыласты және жергілікті жерді инженерлік барлау тәсілдерінің бірі. Инженерлік фотобарлау жер үстінен, әуеден болуы мүмкін. Жер үстілік суретке түсіру қарсылыстың жүргізетін инженерлік шараларын, сондай-ақ оның фотоаппарат қамти алатын қашықтықта орналасқан жеке объектілерін анықтау үшін қолданылады. Әуеден суретке түсіру қарсылыс тылының тереңіндегі объектілер туралы мәліметтерді жер үсті құралдарымен алу мүмкін болмағанда, оларды барлау үшін қолданылады.
Инженерлік әскерлер (орыс. Инженерные войска) — әскердің барлық түрлеріндегі соғыс қимылдары кезіндегі міндеттерді (бөгеттер жасау, қорғаныс шебін құру, өтпелер жасау және оларды жөндем қалпында ұстау, жолдар, көпірлер салу, т.б.) орындайтын арнаулы әскер саласы. Инженерлік әскерлер өздерінің міндеттеріне қарай жалпы (саперлер) және арнаулы (понтонды көпір салушылар, инженерлік құрылыс, бүркемелеу және т.б. жұмыстарын жүргізетін бөлімдер мен бөлімшелер) болып белінеді. Инженерлік әскерлер өз мідеттерін моторландырылған атқыштар, ракета әскерлері, артиллерия, танк және т.б. әскер түрлерімен өзара қоян-қолтық қимылдай отырып орындайды. Инженерлік әскерлер бекініс, жол, көпір салатын, ағаш дайындайтын күрделі техникамен, машиналарыен, бүркемелеу құралдарымен, далада сумен қамтамасыз ететін ыдыстармен, миналайтын және минасыздандыратын аспаптармен жабдықталады. Армияның ядролық қарумен қарулануына байланысты Инженерлік әскерлердін мәні де артты. Осыған байланысты олардың ұрыс даласында бөлім мен белімшелердің маневрлілігін арттыруға және жаппай қырып-жоятын қарудан сенімді қорғауға бағытталған инженерлік жұмыстары күрделілене түсті. Ұрыс кезінде Инженерлік әскерлер инженерлік барлау жүргізеді, басқару пункттерін жабдықтайды, миналандырылған жерден өтуге жол салады және минасыздандырады, өткелдерді ретке келтіреді, қарсыластың ядролық шабуылының зардаптарын жоюға қатысады және т.б. міндеттерді орындайды.
Радиациялық барлау - жергілікті жердің, ауа кеңістігінің, акваториялар мен әскери объектілердің радиоактивті зақымдану сипаты, ауқымы мен дәрежесі, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілерді сақтау орындары туралы мәліметтер алу. 
Радиациялық барлау әскерлердің күштердің ұрыс қимылдарынын барлық түрлерінде ұйымдастырылады. Оны радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, ұшақ тікұшақ экипаждары, сондай-ақ радиациялық барлау аспаптарын қолдану арқылы барлық әскерлер күштер тектерінің барлау бөлімшелері және бақылаушылары жүргізеді. 
Акваторияны радиациялық барлауды арнайы рейдтік кагерлер, ұшақ тікұшақ экипаждары, ал әуе кеңістігін радиациялық барлауды арнайы дайындалған ұшақ тікұшақ экипаждары жүргізіледі.Жинау, талдау және бағалаудан турады. Радиациялық жағдайды бағалау болжау негізінде немесе радиациялық барлау мен дозиметриялық бақылау мәліметтері бойынша
Химиялық барлау шолғыны - химия әскерінен құралған радиациялық және химиялық барлау органы. Міндеті жауынгерлер орналаскан немесе жүруге тиісті аймактагы артиллериялық, инжинериялық, радиациялық химиялық, биологиялық, т.б. түрлері де бар. Әскери Теңіз Флотында кемелік және гидроакустикалық Барлау түрлері жүргізіледі ал химиялық бақылау посты жоғарыдағылармен қатар, химиялық және радиациялық барлау аспаптарымен жабдықталады. Түнде және көру шектеулі жағдайларда бақылау тартылады. Оған қозғалуға қажетті құралдар, байланыс, химиялық және радиациялық барлау эвакуация және жол техникасы құралдары, қажет жағдайда басқа да бөлімшелер басқа әскерлер түрінің құрамына енеді. Химиялық әскерлерге радиациялық және химиялық барлау жүргізу, киім - кешекті, әскери жабдықтарды, аяк киімдерді және авиациялық шабуылдау кезінде радиациялық және химиялык барлау аспаптарын қосады және олардың кәрсеткіштерін бақылап отырады, радиациялық химиялық, биологиялық.Шолғын орыс. Дозор - қарсылас, жергілікті жер, радиациялық және химиялық, жағдайлар туралы мәлімет табу, қорғаныстағы әскерлерге тұтқиылдан шабуыл
ұйымдастырылатын шаралар жүйесі. Оны дозиметриялық аспаптарды колданып, радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері, радиометриялық лаборатория, химия нұскаушылар бөлімді жаудың тұтқиыл шабуылынан қорғау, жау әскерлері, табиғи бөгеттер, радиациялық және химиялық жағдайлар туралы мәліметтер жинау, т.б. тапсырмалар орындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет