Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет46/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

ДӘРІС №14
Тақырып: Халықты қорғау, халықты және мүлікті көшіру. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.
Жоспар:
1. Халықты қорғау, халықты және мүлікті көшіру.
2. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.

Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.


Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындардың толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшіру шаралары:

  • ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін – өндіістік прингцип бойынша;

  • халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;

  • көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндіндігінше жеке меншік көлік иелерінің көлігін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет