Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің саны;
орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері ;
жұмысшылар, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерін көлікпен ( транспорт түрлері бойынша) және жаяу тәсілмен әкетілетіні;
эвакуациялық шаралар үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;
жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жаяу тәсілмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттері, демалу аудандары, аралық пункттері;
ұйымдар бекітілген немесе өрістірілген эвакуациялық жинау пункттері, олардың нөмірлері мен орналасатын орындары, ұйымдардың эвакуациялық пункттерін өрістету уақыты;
жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің эвакуациялық жинау пунктіне келген уақыты;
жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын отырғызуға және тасымалдауға жауапты эшалондардың бастықтары, автомобиль легінің басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың бастықтары;
адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыруға бөлінген пункттер мен қауіпсіз аймақтағы аралық эвакуациялық пункттері;
қауіпсіз аймақта жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды ұйымдастыру;
халықты түсіру пункті мен эвакуациялаудың аралық пункттерінен орналастыру орындарына жеткізу тәртібі және ол үшін бөлінетін көлік ( саны, сиымдылығы, келетін уақыты, бөлген адам);
Азаматтық қорғаныс міндеттері. Осы мақсатта жергілікті атқару органдары, ұйымдары мына жұмыстарды орындайды:
Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;
Шаруаылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;
Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;
Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;
Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;
Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техногендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;
Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;
Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;
Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі және олардың зардаптары;
Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және қажет күш-құралдар санын анықтайды;
АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;
Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;
Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды дұрыс бағамдай білуі, бейбіт мезгілде АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім қабылдау білуі, бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |