Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет49/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Халықты қорғау, халықты және мүлікті көшіру.
2. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.
3. Азаматтық қорғаныс міндеттері. Осы мақсатта жергілікті атқару органдары, ұйымдары мына жұмыстарды орындайды.


Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
7. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі», 1991.
9.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.


ДӘРІС №15
Тақырып: Шұғыл құтқару және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Жоспар:
1. Авариялық шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.
2. Сұрапыл табиғи апаттар мен өндірістік апаттар кезінде халықтың жасайтын әрекеттері.
3. Радиоактивтік, химиялық заттардың әсерін азайту үшін адамдарды жасақтарға жеткізу
Жау шабуылының зардаптарын жоюдағы барлық жұмыстар құтқару және күттіруге болмайтын аварияны түзету болып бөлінеді. Олардың негізгі мақсаты жаппай қарудан зақымданудың әсерінен адамдарды тез құтқару.
Адамдарды құтқару күрделі жұмыс компоненттерінен тұрады. Радиацияның және өрттің жайын анықтау; қорғану құрылым жайында анықтау; азап шеккендерді іздеу; өртті таратпау; жою және құлаған үйінділерден өтетін жол жасау; бүлінген баспаналар мен панажайларды үйінділердің астынан жанып жатқан үйден, газ бен түтін толған бөлмеден азап шеккендерді шығарып алу; оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіп, қала сыртындағы емханаларға жіберу; радиациямен зақымданған және радиоактивті заттар жайылып кеткен аудандардан ауыл тұрғындарын шығару; адамдарды санитарлық қараудан өткізу және олардың киімдерін залалсыздандыру; территорияны дезинфекциялау.
Кезек күттіруге болмайтын аварияны түзету жұмыстары құтқару жұмыстарымен бір мезгілде жүргізіледі.
Олардың негізгі міндеттері адамдарды өте аз мерзімнің ішінде құтқаруы. Мұндай жұмыстарға қауіпсіз болу үшін үйлердің бүлінген конструкцияларын құлату және бекіту. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру өрт сөндіруде сумен қамтамасыз ететін құрылыстар мен негізгі магистралдық тораптарды қалпына келтіру, газ, канализация, энергетикалық тораптардағы аварияларды, байланыс линияларындағы зақымдануды жою.
Әрбір жасақтың зақымданған жерге және құтқару жұмыстарын жүргізетін объектіге баратын маршруттарын күні бұрын анықтайды.
Жаудың ядролық соққысынан кейін алғаш құтқару жүмыстарын жүргізетін объектідегі және маршруттағы радиацияның дәрежесін қорғану құрылыстарының күйін, зақымданған объектілермен орналасқан жерін, оларды құтқару жағдайларын, оларға жақындайтын барлау бөлімшесін жібереді.
Барлаудан соң әрбір маршруттағы жол қатынасы қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Ол әдетте инженерлік техникамен жабдықталған әскери бөлімдердің немесе құтқару, медициналық және өрт сөндіру жасақтарының құрамына кіреді. Олар өртті тоқтатын көпірлер мен жолдарды жөндейді; үйінділерден өтетін жолдарды жасап, залалсыздандырады. Әрбір маршруттағы жол қамтамасыз ететін отрядтың соңынан 1 – 2 алғашқы дәрігерлерге жол көрсететін отряд жүреді.
Объектілердегі барлаушылар тобы барлау жүргізуден басқа азаматтық қорғаныстың арнайы қызметшілері радиациялық, химиялық, өртті сөндіру, инженерлік, медициналық, бактериялық барлау ұйымдастырылады.
Зақымданған жерлердегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыратын жетекші бастық барлаудан соң зақымдалған жерде болып, жағдайды көзімен көріп, адамдарды құтқару жұмыстарының ретін және көлемін белгілейді, жасақтардың міндетін айтады және басшылық етеді.
Құтқару жұмыстарын жүргізу туралы міндеттеме алғаннан кейін жасақтар командирлер құрамындағы адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізетін белгіленген жерге шығаруды.
Зақымданған жердегі адамдарды құтқару жұмыстарын құтқарушы отряды жүргізеді.
Әрбір халық шаруашылығындағы объектілердегі мұндай отряд бірнешеу және олардың әрқайсысы бірнеше қорғаныс құрылыстарында құтқару жұмыстарын жүргізуге міндеттер алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет