Биосфераның негізгі қасиеттері. 1) Биосфера - орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)
2) Биосфера - ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфераға әрқашан күн сәулесі түседі.
3) Биосфера - өзін-өзі реттеуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.
4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығының негізгі шарты.
5) Биосфераның маңызды қасиеті - заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.
3. «Тірі заттар»-биосфераның негізі.
«Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В.И.Вернадский енгізген. Ол бүл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді.
«Косты» заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. (Мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге, «Биокосты» заттар кең таралған.
«Тірі заттар» - биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:
1) Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілгем қасиет бойынша В.И.Всрналский келесідей қортындыға келді, белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.
2)Қозғалыстың белсенділігі. Ерікті қозғалу биосферадағы кез келген тірі затқа тән белгі.
3)Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау. Тірі затты құрайтын хииялық қосылыстар ақуыздар, ферменттер және т.б. тек тірі ағзаларда ғана тұрақты болады.
4)Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).
5)Реакция жүруінің жоғары жылдамдығы. Тірі жәнеөлі заттың айырмашылығы химиялық реакциялардың жылдамдығынан көрінеді.
6)Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.
7) Биосфераның тірі заты энергияның үлкен қорымен сипатталады.
8)Тірі зат өлі затқа қарағанда біршама жоғары морфологиялық және химиялық көп түрлілікпен сипатталады.
9)Биосферадағы тірі зат мөлшері әр түрлі жеке ағзанар түрінде болады
Тірі зат өзіне тән қасиеттерге ие бола отырып биосферада белгілі бір биогеохимиялық функциялар атқарады.
Энергетикалық функциясы. Биосфералық планеталық құбылыстарынкосмостық сәулеленумен, негізінен күн радиациясымен байланысын жүзеге асырады.
Энергетикалық функция екі биогеохимиялық принциптен тұрады.
принцип:биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.
2-принцип:өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.
2)Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын, атмосферасын өзгерту мен тұрақты ұстау қабілеттілігі. Газдардың миграциясы мен өзгеріс жүзеге асыра отырып, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз етеді.
3)Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны 02 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ» 02 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі. Тотығу дәрежесі өзгермелі атомдары бар заттардың химиялықөзгерістері. Жер бетінде тотығу меи тотықсызданудың биогенді процестері басым болады.
4)Концентрациялық - шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі. Қоршаган ортаның биогенді элементтерін тірі ағзаларын жиналуынан көрінеді.
5)Деструктивтік - органикалық заттар қалдығы мен «косты» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға - саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады). Өлімнен соң ағзалардың ыдырауымен байланысты процестер. Оның нәтижесінде органикалық заттың минерализациясы жүреді. Нәтижесінде биосфераның биогенді және биокостық заттары түзіледі.
6)Транспорттық - ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы. Ауырлық күшіне қарсы, горизонтальды бағытта заттардың тасымалдануы жүзеге асырылады. Тірі заттың кері төменнен жоғары, мұхиттан континенттерге тасымалдауын қамтамасыз ететін бірден бір фактор.
7)Орта өзгерткіштік - бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады. Орта түзуші функция. Тіршілік процестерінің нәтижесінде ортаның физикохимиялық өлшемдері де өзгереді.
8)Информациялық.
4. Зат айналымы жөне олардың бүзылуы:
Заттар айналымы 2 түрге бөлінеді:
1) Үлкен немесе геологиялық (құрлық пен мұхит арасында).
2)Кіші немесе биологиялық (экожүйе ішінде).
Энергия айналымы. Күн энергиясы Жер биосферасының жылу балансымен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің Күнді айналуына байланысты Жер бетіне түсетін Күн сәулесінің интенсивтілігі Жер - Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеріп отырады. Жер мен Күннің ең аз ара кашықтығы 147 млн. км. шілденің басында байқалады. Ара- қашыктықтың өзгеруі Жер бетіне түсетін радиацияның тәуліктік мөлшерінің ауытқуына әкеледі. Жер Күн шығаратын энергияның тек 5* 1010 бөлігін ғана алады. Бұл радиацияның жиынтығы 5,42* 1024 Дж жылына құрайды. Бұл энергия Жер бетіне атмосфера, мұхит және құрлық бетін қамти отырып, таралады. Жердің Күннен алатын энергиясының 33% бұлт пен құрлық беті, атмосфераның жоғарғы қабатындағы ұсақ дисперсті шаңнан шағылысады.
67% энергияны атмосфера мен жер беті сіңіреді де, бірқатар өзгерістен соң кеңістігіне қайтарылады.
Кіші зат айналым геологиялық зат айналымның бір элементі болып табылады.