Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Популяцияға анықтама беріңіз.
2.Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз
3.Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз.
4.Туылу, өсу жылдамдығы, өлу дегеніміз не?
5.Туылу мен өлімнің типтері қандай?
6.Биотикалық потенциал дегеніміз не?
1. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама беріңіз.
2. Биоценоздың трофикалық құрылымына сипаттама беріңіз.
3. Қоректік тізбек, трофикалық деңгей, қоректік торларды сипаттап беріңіз.
4. 10% заңдылығын түсіндіріңіз.
5. Экологиялық пирамида (сандық, биомассалар, энергия пирамидасы) дегеніміз не?
6. Экологиялық сукцессия дегеніміз не?
Әдебиеттер
1. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, «Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «Қазақ университеті», 2000.
7.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма- Ата, «Ана тілі», 1991.
8.Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
ДӘРІС № 4
Тақырып: Биосфера - ғаламдық экожүйе
Жоспары:
1.Биосфера туралы ілім. Биосфераның негізгі бағыттары.
2.Биосфераның негізгі қасиеттері
3. Зат айналымы және олардың бұзылуы.
4. Ноосфера –биосфера эволюциясының жаңа сатысы
Дәріс мақсаты: Студентгерді биосфера түсінігімен, биосфера жайлы іліммен, биосфера компоненттерімен таныстыру.
Биосфера туралы ілім. Биосфераның негізгі бағыттары.
XIX ғасырдың басында ғылымға «биосфера» түсінігін енгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б. Ламарк (1744-1829) болған. «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін «гидросфера», «литосфера» ұғымдарымен бірге XIX ғасырдың аяғында атақты австрия геологы Э.Зюсс (1831-1914) ұсынады. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады (литосфераның жоғарғы бөлігі, гидро және тропосфера).
Егер «биосфера» түсінігі, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді.
Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бөлімін қазіргі заманға биосфера немесе необиосфера деп атайды, ал көне биосфераға палеобиосфера немесе өткен биосфера жатады.
Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И. Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның, химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. В. И Вернадский тұжырымдаған константалық заң бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылады. Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік болып табылады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Оған геомеотаз қасиеті тән.
Биосфераның шекаралары. 1926 жылы ВЛ. Вернадский биосфераның шекаралары туралы мәселені қойды.
1.Көмірқышқыл газы мен оттегіні жеткілікті мөлшерде болуы.
2.Судың жеткілікті болуы (міндетті түрде сұйық күйде).
3.Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауыкерек.
4.Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.
5.Су ортасының белгілі бұр түздығы.
Тірі ағзалар ортаның химиялық жағдайларының кең диапазонында тіршілік ете алады. Жердегі алғашқы тіршілік иелері оттексіз ортада өмірсүрген. Анаэробты зат алмасу қазіргі ағзаларда, соның ішінде көр жасушалы ағзаларға тән. Бірқатар микрооргранизмдер тұздардың концентрленген ерітінділерінде де тіршілік ете алады. Кейбір тұрақты түрлер иондаушы радиацияның әсері жағдайында да тіршілік ете алады. Мысалы, бірқатар инфузориялар Жер бетіндегі радиациялық фонның табиғн деңгейінен 3млн. есе жоғары сәулеленуді көтере алады. Кейбір бактериялар ядролық реакторлардың қазандықтарынан да табылған.
Қазіргі заманғы көзқарас бойынша неосфера шекарасы атмосферадағы, шамамен озон экранына дейін (полюстерде 8-10 км., экваторда 17-18 км., басқа жер беттерінде 20-25 км.). Гидросфераны түгелдей, соның ішінде Әлемдік мұхиттың (11022 м.) ең терең түңғиығын да тіршілік алып жатыр. Литосферадағы тіршілік бірнеше метрге дейін топырақ қабатын алып жатыр.
Палеосфера шекаралары атмосферадағы необиосферамен сәйкес келеді, ал су астындағы палеобиосфераға тау шөгінді жыныстары да жатады, В. И. Вернадский бойынша барлығы тірі ағзалардың үндеуінен өткен.
Достарыңызбен бөлісу: |