Сабақ Тақырыбы: «Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі»



Дата28.01.2018
өлшемі127,36 Kb.
#34184
түріСабақ
Мұнайлы ауданы

№ 6 орта мектеп



АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі».



Күні: 30.01.2017

Сыныбы: 6 «Д»

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Танатарова Г.К.

2016-17 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.

Жалпы мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға ашықтұқымды өсімдіктер жайлы жалпы сипаттама бере отырып, білімдерін кеңейту;

ә) дамытушылық: оқушыларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер морфологиясы, түрлері және маңызы туралы білім бере отырып, түрлі әдістерді пайдаланып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелік: оқушылардың өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп – баптауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың өтілу әдісі: топқа бөлу, ауызша баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа пайдаланылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, слайд, ашық тұқымды өсімдіктердің бүрі, бейнеролик, үлестірме карточкалар, кроссворд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекші арқылы түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушыларды өсімдіктер суреттері арқылы 4 топқа бөлу.



1 топ – мүктер; 2 топ – плаундар; 3 топ – қырықбуындар; 4 топ – қырықжапырақтар. Әр топ өз тобы жайында мәлімет береді (топтық жұмыс).

Берілген сөйлемді аяқта

1 топ – мүктер.

  1. Плаунтәріздестер  ...................  пайда болған (ерте дәуірде)

  2. Қазіргі кезде плаунның  ..........  түрі белгілі (200-500)

  3. Қазіргі кездегі өкілдері ......... ................(көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер).

2 топ – плаундар. 

  1. Қырықжапырақтәріздестерді сәндік өсімдіктер ретінде ............... өсіреді

және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланады (өсімдікжайда).

  1. Шымтезек мүгінің кейбір түрлерінің суды өз салмағынан .......... есеге дейін артық сіңіретіндігі дәлелгенген (30-50).

  2. ............... – тұщы су қоры. Батпақты жерлерде мүктер судың жиналуына қатысады (мүктер).

3 топ – қырықбуындар.

  1. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкіліне ............ (шоқпарбас плаун) жатады. 

  2. Шоқпарбас плаунның жыныссыз көбеюі ............ арқылы жүзеге асады. (споралар).

  3. ...................  – түрі өзгерген жапырақ  (спорофилл).

4 топ – қырықжапырақтар.

  1. .................... – аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер (мүктәріздестер).

  2. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті .......................... деп атаған (қырықбуын).

  3. ................. – тең споралы және әртүрлі споралы өсімдіктер. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - ...................... (қырықжапырақтар), (еркек усасыршөп).

IІІ. Жаңа сабаққа даярлық.

Ашық тұқымды бірнеше өсімдіктерді көрсетіп аттарын сұрау. Оқушылар назарына видеоролик ұсынылады.



ІV. Жаңа сабақ түсіндіру.

Ашықтұқымдылар бөліміне (голосеменные) жататын өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері. Ашықтұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашықтұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып табылады. Ашықтұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашықтұқымдылардың бөлімінде шөптектес өсімдіктер болмайды. Ашықтұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып, қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқанжапырақтарынан айырылып, сидиып тұрады. Ашықтұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқанжапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқанжапырақтылар класына жатады. «Қылқанжапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқанжапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен. Енді біз кәдімгі қарағай деген түріне тоқталайық.

Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік.

Кәдімгі қарағай – жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзуде сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жеткілікті болғандықтан, бұтақтары жан-жаққа жайыла-таралып өседі. Қылқанжапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Сөйтіп ұсақ тамыршаларда микориза (грекше «микос» – саңырауқұлақ және «риза» – тамыр, қазақша баламасы: селбестамыр) түзіледі.

Қылқанжапырақтылардың өздеріне тән жапырақтары (ине тәрізді) бар. Жапырағын түсіретін кейбір түрлерінде (балқарағай) жапырағы жұмсақ, ені кең, топтанып орналасады. Секвойяның жапырағының ені кең, сызықты-қандауырша тәрізді болып келеді. Туйяның (бозарша) өскінінде қабыршақтар қаптаған енділеу келген жапырақтар орналасады. Самырсын - шыршаға ұқсас, бірақ қылқанжапырақтары жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды. Тек кәдімгі қарағайдың жіңішке (қылқаны) ұзынша, үш қырлы жапырақтары қысқарған өркенге қос-қостан (екі-екіден) орналасады. Қылқан жапырақтары өркендерінде 3–6 жылға дейін сақталады. Қарағай туысына жататын кейбір түрлерінде (сібірлік қарағай) жапырақтары қысқарған өркенде бес-бестен топтанып орналасады.

Қылқанжапырақтылардың екіүйлі түрлері де бар. Кәдімгі арша – екіүйлі қылқанжапырақты бұта. «Екіүйлі» деген – аналықтың бүрінің бір өсімдікте, аталықтың бүрінің екінші өсімдікте өсуі. Демек, бұл даражынысты өсімдік болып саналады. Кәдімгі аршаның бүрі – бірінші, кейде – екінші, тіпті үшінші жылда пісіп жетіледі. Оның бүрі – жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас болып келеді. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. Ондай бүр – қошқыл-көк немесе күрең-қызыл түсті болып келеді. Бүрдің етті бөлігі өте тәтті, сондықтан мармелад дайындауға пайдаланылады.



Жатаған шырша (Шренк шыршасы) да бірүйлі өсімдікке жатады. Бұл – Теріскей, Күнгей және Іле Алатауында сирек те болса кездесетін ашық тұқымды бұта. Жатаған шырша (Шренк шыршасы) Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген. Өте баяу өсетін тау өсімдігі. Бұтақтары көлбей, жертағандап өсетіндіктен, жатаған шырша деп аталады. Негізгі діңнің жуандығы 15 сантиметрге дейін, кейде биіктігі 10 метрге дейін жетеді. Қылқаны 4 қырлы. Тұқымы пісіп жетіле алмайды. Сондықтан қалемше арқылы өсімді жолмен көбейтіледі. Табиғатта 300 жылға дейін тіршілік етеді.

Зеравшан аршасы – биіктігі 5–10 м, едәуір жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш. Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік бөлігі, Талас Алатауында кездеседі. Өте сирек кездесетін болғандықтан, Қазақстан «Қызыл кітабына» тіркелген. Жапырақтары сырт жағы қырлы қабыршақты болып келеді. Шар пішінді ірі жидек тәрізді етті бүрі болады. Тұқым арқылы көбейеді. Өте баяу өседі, мың жылға дейін тіршілігін сақтайды. Тек 50 жылда ғана жеміс бере бастайды.

«Сен білесің бе?» (қызықты мәлімет)
- Шырша – 500 жыл бойы 30 - 35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м өседі екен.
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.

V. Сабақты бекіту.



Қылқанжапырақты өсімдіктер

Тұрмыстағы және шаруашылықтағы маңызы

1

Қарағай





2

Самырсын





3

Арша





4

Балқарағай





5

Шырша







  1. Биіктігі 5-10м, біршама жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш?

  2. Қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш?

  3. Жылу сүйгіш, шыршаға ұқсас, бірақ қылқан жапырақтары жұмсақ болғандықтан, денеге қадалмайды?

  4. Мәңгі жасыл, бір үйлі, қылқан жапырақты өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты шарда өсетін 10 – 11 туысы, 250-дей түрі бар?

  5. Тамырдың қызметін ризоидтар атқарады, грекше риза қандай мағынаны білдіреді?

  6. Ашық тұқымды өсімдіктер не арқылы көбейеді?

  7. Тұқымы жемісінің ішінде жетіледі, қандай тұқымдылар?

  8. Сабағы жиі бұтақталған көпжылдық өсімдік?

  9. Жер бетінің барлық жерінде кездеседі?

  10. Ағаш сабағы қалай аталады?

  11. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қалай атайды?

Жауаптары: Зеравшан, шырша, самырсын, қарағай, тамыр, тұқым, жабық, шымтезек, мүктер, дің, қырықбуын.
















А




















































Ш































Ы




















































Қ


























































Т














































Ұ






















Қ


































Ы


























































М























































Д




























Ы
















VІ. Қорытынды.

Бабаларымыз бойтұмарындай қастерлеген арша ағашының қадіріне жетіп жүрміз бе, оқушылар? Осыны бір сәт ойланып, жастарымызға өнеге өсиет ретінде үнемі құлақтарына құйып жүруді де ұмытпаған жөн. Бұл арада ардақты ақын ағамыз Қалижан Бекхожиннің мына бір ғана жыр шумағы тұла бойыңды шымырлатып, туған жердің таңға­жайып табиғатына деген жанашырлық, сергек сезіміңді селк еткізетініне сенімім мол!

…Тоқта, кәззап, шаппа жасыл аршаны,

Жас ұрпақтың жан саясы, аңсары.

Балталауға қайтіп оны қиясың,

Бұл ару ғой – көздің көркі, тау сәні.


VІІ. Бағалау. Оқушыларды тәртібіне, сабаққа белсенді қатысуына қарай бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

§39. Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі тақырыбын оқып келу, постер қорғау.




Каталог: uploads -> doc -> 02ab
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02ab -> Алматы облысы кербұЛАҚ ауданы шұбар орта мектбеі тақырыбы: «Ғасырдың Ғажап азаматы»
02ab -> Сабақтың тақырыбы: «Аялай біл, сен деп соққан жүректі» Құндылық: «Сүйіспеншілік»
02ab -> Сабақ Әдебиет 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмаділов. Қозыкүрең Жалпы мақсаты
02ab -> Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық орта мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет