Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет10/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Мишық (Metencephalon) құстарда жақсы жетілген және құртша түрінде болады. Мишықтың сыңарлары жақсы дамымаған. Мишықтың өсінділері жан-жаққа таралатын латеральды қалыңдықты түзейді. Құстардың мишығы күрделі қатпарлы құрылысты.
Құс мишығы түгелдей дерлік көптеген сайшалармен он бөлікке бөлінген. Әр бөлік ішкі жағынан ақ затпен, ал сыртынан үшқабатты қыртыспен жабылған. Бөліктер мөлшері бойынша да, ішкі құрылымы бойынша да өзгереді. Мысалы, кейбір құстардың (қыран, пингвин) бөліктер аймағында ақ зат жоқтың қасы. Құстарға мишық ядроларының жақсы дамуы тән. Құстар мишығы афференттерінің бірнеше көздері болады, олардың арасында көру жүйесінің (көру жолының ядросы) сенсорлы туындылар, вестибулярлы кешен және соматосенсорлы бөлімдері (үштік жүйе мен жұлын ядролары) ерекшеленеді. Мишыққа кескінделетін басқа құрылымдардың арасында олива ядросы, ретикулярлы ядролар және көпір ядролары ерекшеленеді, себебі олар мишық афференттер жүйесінде маңызды буын болып табылады. Соңғы ми, тектум және жұлыннан ақпараттар беру сопақша мидың ядролар тобы арқылы барады. Мишық эфференттерінің негізгі бөлігі дорсальды таламусқа, қызыл ядроға, сол сияқты вестибулярлы кешен мен жұлынға бағытталады. Мишық эфференттерінің соңғы миға енуі таламикалық түзінділер арқылы жүзеге асады.
Орта ми (Mesencephalon) екі ірі көру бөліктері түрінде болады. Орта миға тән бөлім – көру тектумі, құстарда ол 15 қабат нерв клеткаларынан тұрады, оның бірінші қабаты ми үстіне шығып жатады. Құстың тектумі афференттерді көру сенсорлы жүйесінің әртүрлі туындыларынан: тор қабығынан, көру ақпаратын өңдеуге байланысты алдыңғы мидан қабылдайды. Тектуге бейнелетін басқа топтағы туындыларға тегментум мен ретикулярлы формацияның ядролары жатады. Құс тектумының эфференттері таламикалық туындылардың ядросына және ретикулярлы формацияның қозғағыш ядроларына бейнелеулер түсіреді.
Құс миының жартылай дөңгелек білігі, немесе торусы есту туындыларынан бастау алады. Торустан бір эфференттер таламикалық бөлімге (ету ядролары), басқа эфференттер дыбыс аппаратын жүйкелендіруді қамтамасыз ететін тіласты жүйкесінің ядросына бағытталады. Орта ми тегментумының бір аймағы көздің сыртқы бұлшық еттерін жүйкелендіретін көз қозғалтқыш және тежегіш нервтердің ядроларына толы болады. Орта ми қақпағының аймағында көп клеткалар жиынтығы – қызыл ядро орналасады. Байланыс сипаты рептилиялардағыдай. Афференттер мишық ядроларының соңғы ми ядроларын және астыңғы олива ядроларының жолдарын құрайды.
Аралық ми (Diencephalon) қалың бүйір қабырғалы, сұр заттың біршама массасы болатын көру төмпешіктерін түзейді. Көру төмпешіктерінің арасында үшінші қарыншаның қуысы орналасады, оның қақпағынан жоғары қарай пениальды мүшенің қуыс өсіндісі шығады, онда эпифиз (пениальды мүше) орналасады. Қарынша қақпағының көп бөлімінде нерв заттары болмайды және эпителиальды түрде қалады. Аралық мидың түбі жұқалау. Оның артқы бөлімінде әдетте гипофиз жауып жататын шанақ (воронка) шығады, оның алдыңғы бөлімі біршама үлкен – аденогипофиз, ал артқы кішірек бөлігі – нейрогипофиз деп аталады. Құстың дорсальды таламусының шегінде есту жүйесінің дамуы дәрежесімен үйлесімді болатын ядролар тобы ерекшеленеді. Құстың аралық миының таламикалық ядроларында көру жолының сомотосенсорлы жолдары және орта мидың есту орталығының кірістері болады. Таламустың барлық ядролық құрылымдарының эфференттері соңғы миға бағытталады. Мөлшері шамалы ғана болатын гипоталамус аралық ми түбінде орналасады. Ол нейрондары шашырап орналасқан нерв элементтері мен нейросекреторлық клеткалар аймақтары болып табылады. Нейросекреторлы клеткалардың аксондары гипоталамо-гипофизарлық жолды түзейді және гипофиз бөлімдеріне нейрогормондар бөледі. Осылайша мидың эндокриндік жүйемен тікелей байланысын қамтамасыз етелі. Бұл аймақтың өзіне тән белгісі торлы қабықта көру афференттерінің болуы. Гипоталамустың бұл аймағы организмде өтіп жататын әртүрлі процестердің тәуліктік (циркадты) ырғақтарын реттеумен байланысты болуы мүмкін. Гипоталамустың медиальды аймағының афференттері дәм сезу және иіс сезу рецепторларынан ақпарат өтуді қамтамасыз ететін ми бағанасының сенсорлы ядроларынан алады. Гипоталамустың эфференттері соңғы ми құрылымдарына, таламус, гипофиз, орта ми мен бағана ядроларына бағытталады.
Эпиталамус эпифизде (ісіктәрізді без) және габенулярлық ядролардан, ал эпифиз секторлары безді клеткалар – пениалоциттерден тұрады, бұлар жарық тітіркендіргіштердің эндокринді жүйеге әсерін қамтамасыз етеді, яғни нейроэндокринді элементтер болып табылады. Эпифиздің секторлары клеткаларының физиологиялық әсері гипоталамус ядролары арқылы өтеді, ол бейнелеуді торлы қабықтан алады. Бұл байланыстардың бұзылуы эпифизбен байланыста болатын эндокриндік жүйелердің жұмысындағы циркадты ырғақтардың бұзылуына алып келеді. Бұлардың афференттері орта ми құрылымдарының арасында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет