ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Сартбаева Г.М.
Орнитология
Лекциялар жинағы
(Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған)
ШЫМКЕНТ
2016
УДК 59.(075)
ББК 28.6 Я-73
С 58
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты оқу- әдістемелік кеңесінің қаулысымен баспаға ұсынылған (№__ хаттама, __.__.20__ ж.).
Пікір жазғандар:
Абилдаева Р. – биология ғылымдарының кандидаты
Байсеитова Н.М. – биология ғылымдарының кандидаты,доцент
Айтбаева А.Е. – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент
С 58 Сартбаева Г.М.
Лекциялар жинағы. – Шымкент: ОҚМПИ, 2016. -117 бет.
ISBN 9965-9911-7-0
Оқу- құралында 30 лекциялық сабақ қарастырылған.
Оқу-құралы жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне және осы пән бойынша дәріс беретін оқытушыларға арналған.
УДК 59.(075)
ББК 28.6 Я-73
С 58
ISBN 9965-9911-7-0
© Сартбаева Г.М.
КІРІСПЕ
Құстар адам өмірінде маңызды орын алады. Олардан ет, жұмыртқа өнімдері алынып, қауырсыны мен мамығын тұрмыста пайдаланылады. Құстар орман мен бау-бақша зиянкестерін құртып, пайдасын тигізеді. Қыран құстар саятшылықта қолданылады. Құстардың адамның эстетикалық және рухани өмірінде де алатын орны ерекше. Құстар омыртқалы жануарларға жатады. Олардың алдыңғы аяқтары ұшуға бейімделіп, қанаттарға айналған, денесінің көпшілік бөлігі қауырсынмен қапталған. Құстарды зерттейтін зоология ғылымының бір саласы -орнитология (грек тілінде, ornithos-құс, logos- ілім ) деп аталады. Қазіргі кезде, жер бетінде құстардың 9 мыңға (8600) жуық түрі бар. Олардың көпшіліктүрі (80% жуығы) тропикалық аймақтарды мекендейді. Жер шарының 34% аумағын алып жатқан Палеарктиканы құстардың 1100 түрі ғана мекендесе, Африкада (жер. шарының 20%) тиісінше, құстардың 1700 түрі, ал Оңтүстік Америкада (12%) - 2500 түрі тіршілік етеді.
Ұсынылып отырған оқу құралында Қазақстан құстары туралы жан-жақты мәліметтер келтіріледі. Оқу құралының жалпы бөлімінде, елімізде тіршілік ететін жабайы құстардың қазіргі заманғы жүйесі, яғни олардың қандай туысқа тұқымдасқа, отрядқа жататыны, сондай-ақ құстардың шығу тегі мен эволюциясы жайында баяндалады. Мұнан соң, Қазақстанда кездесетін құстардың негізгі топтарына, оның ішінде әрбір тұқымдасының кем дегенде бір өкілінің биологиялық ерекшеліктеріне таралуы мен практикалық маңызына көңіл бөлінеді. Кәсіптік құстар туралы, оның ішінде қазақ халқының саятшылық, құс бегілік өнері жайында да деректер беріледі.
Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының күндізгі және сырттай оқитын студенттеріне арналған
№1 лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |