Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет6/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология
promotei (1), 414378, 151295, Ашық сабақ математика Бірлесіп атқарылған жұмыс (4-сынып)
Өзіндік сұрақтары:
1.Ас қорыту жүйесіндегі негізгі мүшелерін ата?
2.Өт қандай құстарда болмайды?
3.Сілекей безінің қызметі?


5 лекция.
Құстардың тыныс алу жүйесі
Жоспар:
1.Құстардың тыныс алу жүйесі.
2.Тыныс алуда ауа қапшықтарының атқаратын қызметі.
Лекция мақсаты: Құстардың тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Лекция мазмұны: Тыныс алу жүйесі. Құстардың тыныс алу жүйесі өткізгіш жолдардан кеңірдек, бронхылар, сол сияқты көкірек клеткасының дорсальды бөлімінде орналасқан аздаған кеуекті құрылысты өкпеден және жұқа қабырғалы қапшықтардан тұрады. 9 ауа қапшығының болуы, олардың өсінділері кейде құстың бүкіл денесін тесіп өтеді, құстардың тыныс алу жүйесіндегі ауа көлемі сүтқоректілерге қарағанда біршама көп болуына себебін тигізеді. Кеңірдек, оның ұзындығы мойынның ұзындығына байланысты, әдетте сүйекті сақиналардан тұрады және ол бірден көмекейден (larynx) соң басталады, ал соңғысы құстарда ожау және сақина тәрізді шеміршектерден қалыптасады. Өкпеге жақындаған сайын кеңірдектің қимасы кішірейеді. Кеңірдектің еркін жатқан екі бронхыға бөлінуі әдетте көкірек тесігінің енген жерінде басталады. Кеңірдектің бронхыларға айырылу аймағында төменгі немесе нағыз көмекей (syrinx) орналасады, ол көптеген түрлерде күрделі құрылысты, дыбыс байланыстарының құрылысы түрлі отряд өкілдерінде түрліше болып келеді.
Өкпенің ішкі құрылымы ерекше. Бронхылар өкпеге енген соң, олардың шеміршекті сақиналары жойылады. Әрбір өкпеге бір басты бронхы еніп, онда кеңейеді (вестибулум). Вестибулумнан кейін өкпенің каудальды ұшына қарай мезобронхы жатады. Басты бронхы мен оның бөлімдерінен екінші дәрежелі бронхылар шығады, олардың арасынан вентральды және дорсальды екінші дәрежелі бронхыларды ажыратуға болады.
Құстардың тыныс алу жүйесінің өте маңызды ерекшеліктерінің бірі – ауа қапшықтарының болуы, олар жұқа қабырғалы кеңейген бронхылар болып саналады және өкпеден тыс жатады. Ауа қапшықтарында газ алмасу жүрмейді, олардың қабырғаларында капиллярлар тым аз және олар таза немесе қолданылған ауаның резервуарлары болып табылады. Барлығы 9 өкпе қапшығы бар. Олар: дара бұғанааралық және жұп мойын, төсалды, төсарты және құрсақ ауа қапшықтары. Ауа қапшықтары ішкі мүшелердің үйкелуін азайтады және ұшу кезінде организмнің жылу реттелуін қамтамасыз етеді, өйткені құстарда тері бездері жоқтың қасы. Су құстарында ауа қапшықтары өсінділерінің жақсы жетілуі мен сүйектерінің ауаға толы болуы олардың жүзгіштігін жақсартады. Өкпеде газ алмасу жүреді, ал артқы қапшықтарда оттегіге байыған ауа қоры болады. Дем шығарғанда төс омыртқа жотасына қарай көтеріледі, көлемі кішірейген дене қуысында қысым артып, құрамында көмірқышқыл көп ауа өкпеден алдыңғы қапшықтарға өтеді және кеңірдек арқылы сыртқа шығарылады, Осы кезде артқы ауа қапшықтарындағы таза ауа өкпеге айдалады. Қорыта айтқанда өкпе арқылы тыныс алғанда және шығарғанда бір бағытта оттегіне қаныққан ауа өтеді. Оттегіні осылай сіңіру тәсілін және өкпе арқылы осылай ауаның қозғалуын «қос тыныс алу» деп атайды. Бұл кезде өкпеде қарама-қарсы ағыс деп аталатын жүйе қызмет жасайды деп санайды, өйткені өкпеде ауа мен қан қарама-қарсы бағытта қозғалады. Қарама-қарсы ағыс кезінде ауадан оттегі барынша алынатыны белгілі. Құстардың тыныс алу жиілігі ұшу кезінде басқа жағдаймен салыстырғанда 10, тіпті одан да көп есе артады.
Құстардың тыныс алу жүйесі, бір жағынан, дене температурасының жоғары тұрақты, ұшу кезінде зат алмасудың қарқынды өтуіне байланысты бірқатар арнайы белгілерімен ерекшеленеді.
Құстарда иіс сезудің ролі шамалы, ал көру басым болып келеді. Рептилиялардағыдай құрылысты ұйымдасқан мұрын құрылымдарының мөлшері үлкен болмайды. Құстардың танаулары үстіңгі тұмсықтың түбінде орналасқан саңылаутәрізді. Мұрын қуысы анық екі бөлімге – кіре беріс қуысы және нағыз мұрын қуысына бөлінген, олар бір-бірінен мұрын қуысының түбінен шығатын кіреберіс табалдырығы арқылы бөлінеді. Құстардың кіре беріс қуысында иіс сезу қызметіне қатысы жоқ кеуілжір орналасады, оның қызметі жұтатын ауаны жылыту және ылғалдау болып табылуы мүмкін. Таңдай саңылауының артқы бөлімінде ішкі танау тесігі – хоаналар орналасады.
Мұрын қуысы, хоаналар тесігі және ауыз қуысы арқылы өткен ауа кеңірдектің алғашқы бөлімі – көмекейге келеді. Көмекей саңылауы тілдің түбінің артында орналасады. Құстың көмекейі тақ сақинатәрізді және жұп ожаутәрізді шеміршектермен ұсталып тұрады. Сақинатәрізді шеміршек үстіңгі көмекейді дөңгелене қоршап тұрса, ол ожаутәрізді шеміршектер оның дорсальды бөлімін ұстап тұрады. Құстарда қалқантәрізді шеміршек болмайды.
Құстардың көмекейінде дыбыс аппараты болмайды. Көмекей кеңірдекке өтеді, оның ұзындығы, кейбір құстарда мойнының ұзындығынан асады. Кеңірдек – созылмалы түтік, оның қуысын қабырғаларында орналасқан шеміршекті кеңірдек сақиналары ұстап тұрады. Жүрек тұсында кеңірдек екі бронхыға бөлінеді, әрқайсысы өз жағындағы өкпеге еніп, онда тарамдалады. Кеңірдектің астыңғы жақ бөлімі мен бронхылардың алдыңғы бөлімдерінде тек құстарға ғана тән астыңғы немесе үншіл көмекей қалыптасады, бұл көпшілік құстарда үн шығаратын негізгі мүше болып саналады. Дыбыс шығаратын аппаратты кеңірдектің соңғы сақиналарымен бронхылардың жартылай сақиналары арасында тартылып жатқан жарғақшалар қалыптастырады. Жарғақшаның тартылуын бронхылардың бұлшық еттері реттеп отырады. Кейде кеңірдектің төменгі сақиналары бір-бірімен бірігіп дыбыстарды күшейтетін және олардың ырғағын өзгертетін жұқа қабырғалы сүйекті аппаратқа айналады. Кейбір түрлерінде дыбыс күшейткіш қызметін ұзын кеңірдек атқаруы да мүмкін. Бұл тері астында жемсау маңында немесе тіпті төстің қыр сүйегінің арасына еніп жататын шумақтар (мысалы тырналар) арқылы жүзеге асады.
Құстарда өкпеден тыс ауа тасымалдайтын жолдар, бір қабатты көп қатарлы цилиндр тәрізді эпителиймен төсенген, онда өте көп бокалтектес клеткалар болады.
Құстардың өкпелері – біршама жинақы туындылар. Әрбір өкпе ұшы алға қарай бағытталған үшбұрыш пішінді. Оның астыңғы қабырғасына бронхы өтеді, ол негізгі бронхы (мезобронхы) ретінде ары қарай өкпенің артқы ұшына дейін созылып жатады. Мезобронхыдан үстіңгі бронхылар, немесе эктобронхылар және астыңғы, не энтобронхылар шығады. Экто және энтобронхылар парабронхыларға айналады, олар көптеген вестибюлумдар және бронхиолдар арқылы ауа капиллярларына сәйкес өкпенің тыныс алу бөлімімен қатысады. Мезобронхының кейбір бұтақтары өкпеден тыс өкпе паренхимасына өтеді және ауа қапшықтарына ашылады. Құстардың ауа тасымалдыу қапшықтарынан қайтармалы бронхылар басталады, олар парабронхылар жүйесімен байланысады. Сол себепті, құстардың ауа тасымалдау қапшықтары өкпеден екі қайтара – тыныс алғанда және шығарғанда – ауа өтуін қамтамасыз етеді. Бірақта басқа да пікір бар, ол бойынша құстарда өкпеден екі қайтара ауа өту жоқ, себебі ауа тасымалдайтын қапшықтардан ауа парабронхылар жүйесі арқылы емес, ол атмосфераға мезобронхылар арқылы өтеді.
Құстардың экто- және энтобронхылары нағыз жұмыс жасаушы бронхылар. Олар бірқабатты көпқатарлы цилиндртәрізді көптеген бокалтектес клеткалары бар тербелмелі эпителиймен төселген. Құстардың парабронхысы кубтәрізді эпителиймен, ал олардан ашылатын вестибюлумдар мен парабронхиолдар кубтәрізді және жалпақ эпителиймен төселген. Құстардың бронхиолдары жалпақ (тыныс алу) эпителийімен төселген ауа капиллярлы жүйесіне өтеді. өкпенің капиллярлары қантасымалдау капиллярларымен торланған. Құстар өкпесінің парабронхысы оны қоршаған ауа капиллярларымен бірге тыныс алу бірлігі – парабронхиальды кешен түзейді. Кешендер бір-бірімен борпылдақ дәнекер ұлпаның қабаттарымен бөлінген, оларда тамырлар мен жүйкелер орналасады. Ауа қапшықтары – жұқа қабырғалы туындылар, олар тек көкірек және құрсақ қуыстарындағы мүшелердің арасында ғана емес кейде сүйектердің ішіне де енеді. Бұлар жұп мойын, құрсақ, алдыңғы және артқы кеуде ауа қапшықтары және тақ бұғана аралық қапшық болып бөлінеді. Соңғысы қанаттарына, төс сүйектің қырына және бұғанаға тарамданады. Ауа қапшықтарының төсеніші әдетте тегіс болып тыныс алу бетіне ешқандай қатысы болмайды. Деседе олар өкпедегі ауа қозғалысында маңызы рол атқарады. Құстарда тыныс алу механизмі сорғыш насос принципі бойынша жұмыс атқарады, бірақ өкпенің кеңеюі және тарылуы шамалы. Құстардың қалыпты жағдайында тыныс алу қозғалысы қабырға бұлщық еттерінің қатысуымен көкірек қуысының мезгіл-мезгіл қысылуы және жазылуы арқылы жүзеге асады, ал төс кезек-кезек көтеріледі және төмен түседі. Бұл қозғалыстар ауа қапшықтарының созылуына және жиырылуына әсер етеді, осыған орай ауа өкпе арқылы оларға қарай өтеді. Ұшқанда қанаттарының көтерілуі мен төмен түсуі ауа қапшықтарының созылуы мен жиырылуына жәрдемдеседі. Тыныс алу актісі былайша жүзеге асады. Тыныс алғанда, төс омыртқа жотасынан алыстағанда, дене қуысының көлемі ұлғайып серпімді ауа қапшықтары кеңеседі, ауа енеді. Бұл кезде ауа өкпеден алдыңғы ауа қапшықтарына өтеді. Ал ауа сыртқы ортадан кеңірдек, бронхылар және олардың тармақтары арқылы ауа қапшықтары – артқыкөкірек және құрсақ қапшықтарына өтеді. Тыныс шығарғанда төс омыртқа жотасына жақындайды, дене қуысының көлемі кішірейеді және ішкі мүшелердің қысымымен ауа ауа қапшықтарынан шығарылады. Құрамында оттегі мол ауа артқы қапшықтардан өкпеге айдалады, ал ауа алдыңғы қапшықтардан – бұғанааралық, мойын және алдыңғы кеуде қапшықтарынан – бұларда оттегі аз, ал көмірқышқыл газы көп болады, кеңірдекке және одан сыртқа шығарылады.
Сонымен, оттегіне қаныққан ауа үзіліссіз, тыныс алғанда және шығарғанда, өкпе арқылы өтіп, қанды оттегімен қанықтырады (қос тыныс алу деп аталады). Қанның оттегімен толық қанығуынан оның өкпеде ауа ағынына қарсы қозғалуы да (қарсы ағыс жүйе принципі) себепші болады. Қарқынды қозғалыста, әсіресе ұшу кезінде, тыныс алу қозғалысы артады. Мысалы, барылдауық үйрек отырғанда минутында 10-16, ал ұшқанда 90-120 рет тыныс алады.
Ауа қапшықтары тыныс алу қарқындылығын арттырумен қатар жиі қозалыста организмді қызып кетуден сақтайды, себебі артық жылу тұрақты ауа алмасуы нәтижесінде денеден шығып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет