Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет9/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Жұлын (Medulla spinalis) дорсовентральды бағытта біршама жалпақтанған түтік тәрізді. Басқа омыртқалылардағыдай, құстардың жұлын нервісі: дорсальды және вентральды түбіртек арқылы шығады. Дорсальды түбіртек жұлыннан бір бағана болып шығады бұл түбіртектің құрамында сезгіштік (афферентті) нейтондары бар арқа ганглий болады. Вентральды түбіртек жұлыннан, әдетте, үш бұтақпен шығады. Құстардың жұлынында иық және бел қалыңдаулары болады, ал олардан шығатын жұлын нервтері омыртқалардан шығар кезде иық және бел шумақтарын құрайды, олардың бұрақтары аяқ-қолдардың бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Жұлында өте анық екі қабат – сұр заттың орталық аймағы және ақ заттың шеткі аймағы бөлінеді. Құстар жұлынында афференттердің орналасуы, рептилияларға қарағанда, кірістердің тым жоғары жіктелуімен сипатталады. Тері рецепторларынан бейнелеулердің негізгі массасы сұр заттың дорсальды түбіртегінің ядросына бағытталады, ал маманданған рецепторлар (мысалы, тарамыстың) бейнелеулері дорсальды түбіртектің түбінде орналасқан. Сонымен, көптеген афференттер жұлынның вентральдық түбіртектеріне жетпейді, олардың қозғағыш нейрондармен түйісуі интернейрондар жүйесі арқылы жүзеге асады. Жұлынның вентральды түбіртектерінде қаңқаның көлденең-жолақты бұлшық еттерінің жұмысын басқаратын арқалық қозғағыш нейронда топтары орналасады. Қозғағыш нейрондар (мотонейрондар) жұлынның ең ірі клеткалары болып табылады. Әрбір бұлшық етті не бұлшық ет топтарын, олар мейлі жылдам ақ, не жай қызыл еттер болсын, белгілі қозғағыш нейрондар жүйкелендіреді.
Ми. Мидың іріленуі ең алдымен алдыңғы мидың ми сыңарларының дамуымен байланыста. Мысалы, мидың бұл бөлімі массасының барлық басқа бөлімдерінің массасына қатынасы тауықтектестерде 1:1 қатынасына тең.
Сопақша ми (Myelencephalon) артқы жағынан тікелей жұлынға, ал алдынан ол орта мидың көру бөліктерінің арасына еніп жатады. Сопақша мидың түбі қалың және төртінші қарынша қуысының жұқа қабыршағымен жабылған.
Сопақша мидың соматосенсорлы аймағында үштік жүйкенің негізгі және төмендегіш ядролары болады. Құстардың үштік жүйкесінің негізгі ядросы бастың сенсорлы туындыларының жіктелуіне байланысты біршама үлкейген. Үштік жүйке жүйкесінің ерекшеліктері бар: көз және жақ өрімдері ақпараттарды бас пен тұмсық аймағында орналасқан рецепторлардан алады; тіл орамы болмайды. Висцеросенсорлы аймақта беттік, тіл-жұтқыншақ және кезеген нервтердің жолдары жатады, әсіресе тіл-жұтқыншақ нервісінің ядролары жақсы жетілген. Бұл аймақтың ядролары ауыз қуысындағы рецепторлармен активтелінеді. Құстарда, бауырмен жорғалаушылардай, барлық үш нервтің сенсорлы бөліктері бір-бірімен қосылып, солитарлы жолдың ядросын құрайды. Бұл жүйеге үштік нервтің басты ядросы да қосылады, өйткені бұл жерде ауыз қуысы рецепторларының жолдары жатады. Солитарлы жолдың ядроларына гипоталамус пен соңғы мидың афференттері келеді. Эфференттер бас-сүйек – ми жүйкелеріне, таламикалық ядроларға және гипоталамусқа бағытталады.
Құстардың сопақша миының есту аймағында дыбыс сигналдары мен вестибулярлы ядроларды өңдеумен байланысты ядролар болады. Ядролардың екі тобы да есту жүйкесінің өкілдері орналасқан аймақты құрайды. Вестибулярлы кешеннің негізгі жолдары мишыққа, бассүйек – ми жүйкелерінің қозғағыш ядроларына, ретикулярлы формацияға, көз қозғау кешеніне, сол сияқты жұлынға бағытталған. Құс миында есту орталықтары көп жерді алып жатады және күрделі құрылысты болып келеді. Бұл орталық ядроларының нейрондары ақпаратты орта миға, ретикулярлы формацияға, бас сүйек – ми нервтерінің қозғағыш ядроларына тасиды. Бұдан басқа, есту орталықтарының эфференттері ішкі құлақтың орамына және орта мидың есту орталығына бағытталады. Ерекшелігі сол – соңғы мидың өрмелегіш жолдарының болуы.
Висцеромоторлы аймақта үштік, беттік және кезеген жүйкелердің ядролары болады. Құстардың тіл-жұтқыншақ және кезеген нервтерінің қозғағыш элементтерінің бірігуі қос ядроны қалыптастырады. Қос ядроның афференттері гипоталамустың, ақырғы мидың және есту аймағының сенсорлы ядроларынан түседі. Осылай әртүрлі көздерден шығуы тыныс алу мен дыбыс шығаруды бақылауды қамтамасыз етуі мүмкін. Құстардың үштік және беттік нервтерінің қозғағыш ядролары ауызды ашу және жақтарды жабатын бұлшық еттердің жүйкелендіруді қамтамасыз етеді. Сопақша мидың соматомоторлы аймағында көз қозғағыш кешен (көзқозғағыш, тежегіш және алыпкеткіш нервтер ядролары) мен тіласты нервтерінің ядроларыорналасады. Тіласты нервінің қозғағыш жүйкелері дыбыс шығару аппаратын жүйкелендіреді. Бұл аймақтың афференттері үн шығаруға байланысты орта мидың құрылымдарынан қалыптасқан.
Бассүйек – ми жүйкелері жүйесіне жататын ядролардан басқа, сопақша ми тұсында астыңғы олива орналасады, ол интернейрондар жиынтығын құрайды. Астыңғы олива эфференттерінің кешені мишық үстінің әртүрлі учаскілерінде бейнеленсе, ал афференттер жұлынның, тектум мен қызыл ядроның дорсальды бөлімдерінен түседі. Құстарда астыңғы оливадан басқа мишық қыртысына бейнелетін клеткалар жиынтығы – көпір ядролары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет