Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет3/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология
promotei (1), 414378, 151295, Ашық сабақ математика Бірлесіп атқарылған жұмыс (4-сынып)
Өзіндік сұрақтары:
1.Орнитология пәні нені зерттейді?
2.Орнитология пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?

2 лекция


Құстардың дене құрылысы
Жоспар :
1.Құстар класына жалпы сипаттама
2.Тері жамылғы және оның туындылары
3.Ет системасы, құрылысы, қызметтері
Лекция мақсаты: Құстардың дене құрылысымен, оның басқа жануарлардан айырмашылығы мен ұқсастықтары жөнінде мәлімет беру.
Лекция мазмұны: Құстар жоғары сатыдағы омыртқалылардың ұщуға бейімделге түрі. Генеткиалық жағынан құстар рептилилерге ұқсас, оның прогрессивті бұтағы болып саналады
Құстардың рептилийлерден айырмашылығы:
Құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, соған қарай түрлі жағдайларға бейімделе алады.
Денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының ретінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан.
Ауа кеңістігінде ұшу қабілеті, көпшілігінің қозғалу, не болмаса өрмелеу қабілетін жоймаған.
Көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Құстар класы жастығына қарамастан жер шарында кеңінен таралған.
Морфологиялық жағынан денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерінің ішінде қуысы бар, ми сауытының шүйдесінде бұжыры бар, жүрегі 4 камералы, оның жанында бір ғана аорта барлығымен сипатталады.

Құстың дене құрылысы
Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері, тұмсық пішіні мен басы, мойынның ұзынды қысқалығы, қанаттары мен құйрығының пішіні – тіршілік жағдайының ортасына байланысты.
Бассүйектің созындысы ретінде мүйізбен қапталған құстың тұмсығы екі бөліктен тұрады: үстіңгі бөлігі - тұмсық үсті, астыңғы бөлігі - тұмсық асты деп аталады. Аяғы 4 бөліктен құралады: сан, сирақ, жіліншік және саусақтар.
Құстардың саусағы әр түрлі: 4,3 тіпті 2 саусақты (африкалық түйеқұс). Төрт саусақтың үшеуі ғана алға қарай, ал біреуі артқа бағытталған. Саусақтарының ұшында тырнақтары болады.
Құстардың терісі жұқа, сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Теріде без болмайды, тек құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған заттары қауырсындарын майлайды, сөйтіп оған су жұқпайды. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған.
Сүйекте туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Жоғары және төменгі жақтарының үсті азды көпті мүйізденген қапшықпен қапталған.
Құстардың эпидермис қабатының саны рептилияларға қарағанда біршама аз, мүйізді қабаты да өте жұқа. Құстардың эпидермисінің туындылары қауырсын, тұмсықтың мүйізді қапшығы, аяқтарындағы мүйізді қабыршақтар. Қабыршақтар мен қауырсынның алғашқы даму сатылары ұқсас. Филогенетикалық жағынан олар бір-бірімен байланысты болуы мүмкін, бірақ қауырсын өзінің шығу тегі жағынан рептилиялардың мүйізді қабыршақ тарымен байланысы жоқ, ол эволюция барысында жаңа туынды. Мезодермальды бүршік клеткаларының топтануының индукциялық әсерінен эпидермистің қалыңдануы жүріп, қауырсындар плакодтарының қатары пайда болады. Қауырсын плакодының эпидермальды шеті барлық аумағымен дермаға батып, қауырсын қынабын құрайды. Қауырсын бастамасы эпидермистің қалың қабаты қоршаған мезодерманың орталық массасынан (қауырсын жұмсағы) тұрады.
Қауырсын қынабы түбінің клеткаларының метотикалық белсенділігі арқасында қауырсынның орталық бөлімінің бастамасы эпидермис бетіне өсіп шығады. Десе де, бастама негізінің бүйір бөлімдерінің бөлінуінің мезгіл-мезгіл тоқтауына байланысты, ал орталық клеткаларының көбеюінің жалғасуы нәтижесінде орталық сояу мен бүйір мұртшалары бөлінеді.
Қауырсынның даму процесінде оның мезодермальды жұмсағы эпидермистен артта қалады және оның түбінде кішкентай емізікше түрінде сақталады. Емізікшеде көптеген қан тасымалдау тамырлары болады, олар өсуші қауырсынды қоректендіреді. Жабынды, мамық және жіп тәрізді қауырсындар болады. Жабынды қауырсын дермаға еніп тұратын көбеден, не қаламұштан тұрады. Көбенің көлденең қимасы дөңгелек, ал оның қуысы бір-біріне киіліп жатқан жұмсақ мүйізді қалпақшалардан-қауырсын доғаларынан тұрады. Ол- өсіп келе жатқан қауырсынды қанмен қоректендірген өлі емізікше. Қаламұштан мықты әрі серпімді мүйізді сабақ шығады, оның екі жағында жұмсақ сыртқы және ішкі желпуіштер (пәрі) орналасқан. Сабақтың үлкен жоғарғы бөлімі, оған желпуіш бекіген, сояу деп аталады, оның көлденең қимасы төртбұрышты.
Әрбір желпуіш көптеген ұзарған мүйізді тақтайшалардан – бірінші қатардағы мұртшалардан түзілген, олардан өз кезегінде көптеген жіңішке екінші қатардағы мұртшалар шығады, оларда кішкентай ілмешектер орналасқан. Ілмешектер көрші жатқан мұртшалармен байланысып, пәрдің серпімді тақтайшасын түзеді. Пәрдің ең төменгі мұртшаларында ілмешектер болмайды – бұл желпуіштің мамық бөлімі, оның қызметі – теріде ауа қабатын ұстап тұру. Қалыпты қауырсындар ересек құс қауырсынының үлкен бөлігін құрайды.
Бұлардың жекелеген топтары арнайы атқа ие: бағыттаушы қауырсындар, құйрық үсті, құлақ жабушы, қанатүсті қауырсындар, бірінші және екінші қатардағы қақпа қауырсындар және басқалар. Мамық қауырсындар әдетте қалыпты қауырсындардың астында орналасады, олар жіңішке өзекті және ілмешектері болмайды, осыған орай олардың пәрі тұтас емес. Нағыз мамықтың өзегі қысқарған, барлық мұртшалары оның жоғары ұшынан топтанып шығатын қауырсын. Нағыз мамық және мамық қауырсындар денеде жылу сақтауды қамтамасыз етеді. Қылтәрізді қауырсындар мен қылшықтар көптеген құстардың езуінде орналасады және олар өзегін сақтап қалған, бірақ барлық мұртшалары жойылған мамық қауырсындар болып табылады. Терінің қауырсындар орналасқан учаскелерін птерилиялар, ал олардың арасындағы қауырсынсыз жерлерді аптериялар деп атайды.
Құстың қанаттары орналасқан жерлеріне қарай бірнеше топқа бөледі.
Екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындары – қақпа (маховые) қауырсындар дейді.
Құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы (руль) қауырсындар деп атайды.
Қанаттың үстін жауып жататын қауырсындары – қанат үсті жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп атайды.
Қалыпты қауырсындар астыңғы жағында ұсақ-мамық қауырсындары орналасады. Бұл қауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардың серіппелері тұтасқан пластинкалар қалыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшаларысабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды – нағыз мамық қауырсын деп атайды. Мамық және нағыз мамық қауырсындар су құстарында көп болады. Олардың негізгі қызметі – организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық қауырсындардың арасында мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындарда кездеседі. Құстардың соматикалық Бұлшық еттерінің бір ерекшелігі сол, оның 50%-н аса жұмысы қанаттары мен артқы аяқтарын қозғаумен байланысты. Үлкен кеуде Бұлшық еттері (m.pectoralis major) қанатын түсіру, ал оның астында жатқан және төс әрі қыр сүйектің түбімен байланысқан бұғанаасты бұлшық еттері (т. subclavius) қанатты көтеру кызметін атқарады. Басқа майда бұлшық еттер – қабырға және қарын Бұлшық еттері-тыныс алу қозғалысының сипатына байланысты дамыған: олардың бірі көкірек клеткасының көлемін ұлғайтса (m.levatores costarum, m.intercostales), екіншілері кішірейтеді (m.obliquus abdominalis). Қарын бұлшық еттері құрсақ прессінің ролін (m.transverso-abdominalis және rectus ubdominis) атқарады. Құстардың аяқтарының бұлшық еттері күрделі болып келеді. Біріншіден, ұшу кезінде алдыңғы аяқтың иық белдеуін-жауырын, коракоид және бұғананы мықтап ұстайтын бұлшық еттер бар. Тоқпан жілікті козғалысқа келтіріп иықты артқа қарай әкететін басқа топтағы бұлшық еттерден арқаның жалпақ бұлшық етін (m.latissimus dor si) атауға болады. Дельта тәрізді бұлшық еттер (m.deltoideus major және minor) қанатты жоғары әрі алға қарай қозғайды. Қары жілік (иықалды) қозғалысы 9 бұлшық еттің көмегімен жүзеге асады, олардың ішіндегі ең негізгілері қанатты жазатын үшбасты бұлшық ет (т. triceps) және оны жинайтын-екібасты бұлшық ет –(m.biceps). Артқы аяқтың бұлшық еттерінің құрамына 30-дан астам бұлшық ет жатады, бірақ ерекше көңіл аударуға тұратын саусақтарды бүгетін бұлшық ет (m.flexor digitorum perforans), оның сіңірінің төменгі беті кедір-бұдырлы және көлденең өсінділері бар ерекше шеміршекті қуыста (қынаптәрізді) қозғалады. Осы құрылымдардың барлығы ешқандай Бұлшық ет күшінсіз-ақ құстың бүтақта еркін түрде мықты ұстап отыруына көмектеседі. Бұл құс биологиясын есепке алуға өте маңызды процесс болып табылады. Құстардың бұлшық еттерінің тағы бір ерекшелігі сол, олардың ұшуға қабілеттілігі және аэродинамика талаптарын қатаң сақтауға байланысты, маңызды бұлшық еттердің денеде орналасуы болып табылады. Бұл дегеніміз денеге жинақтылық және сусымалдық қасиет береді. Жақсы ұшатын құстардың кеуде бұлшық еттері алқызыл түсті (капиллярлардың және қанда миоглобиннің көп болуы), ал нашар ұшатын құстарда (тауықтар, күркетауықтар) бұл бұлшық еттердің ақ түсті болатыны байқалады
Құстардың бұлшық еттері олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Құстардың бұлшықеттері біршама жіктеліп барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табуға мүмкіндік береді.
Екіншіден аяқтарын икемделген көлемді бұлшықет дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұшымен аяқтарға бекінген.
Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшықеттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінен екі жағына орналасады, әсіресе аяқ еттері. Төс сүйегінің қырына бекітілген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 %-не жетеді, бұғана саты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Құс бұтаққа келіп қонғанда тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарынан иіп тұратын сіңір созылады. Бұтақта қонақтап, ұйықтап отырған құстар құлап кетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет