ЛЕКЦИЯ 5
Тақырып:TCP/IP, IPX/SPX, NetBIOS/SMB, SNA және DECnet стектері.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.TCP/IP стегі.
2.IPX/SPX стегі. NETBIOS/SMB стегі. SNA стегі.
3.DECnet IEEE802.x стегі.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
TCP/IP стегі.
Тrаnsmіssіоn Соntrоl Рrоtосоl / Іntеrnеt Рrоtосоl (ТСР/ІР) -гетерогенді (әртүрлі) ортада байланысты қамтамасыз ететін өнеркәсіптік хаттамалар тобы, яғни әртүрлі типті компьютерлер арасындағы үйлесімділікті орнатады. үйлесімділік - ТСР/ІР хаттамалар стегінің ең маңызды артықшылықтарының бірі, сондықтан да ЖЕЖ-нің көпшілігі оны қолдайды. Сонымен қатар ТСР/ІР Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді және өнеркәсіп аумағындағы желі үшін бағыттауыш хаттама болып табылады. ТСР/ІР бағыттауды қолдайтындықтан, көбінесе желіаралық хаттама ретінде пайдаланылады. ¤зінің кең тарауының арқасында, ТСР/ІР желілік әрекеттесудің сөзсіз стандартына айналды. ТСР/ІР ашық жүйеге негізделген және ОSІ үлгісінің жүйелік архитектурасына сәйкес келеді.
Місrоsоft фирмасының орындауындағы ТСР/ІР төртдеңгейлі үлгіге жатады (1-сурет).
ІР хаттамасы желілік деңгейде жатыр және жіберуші мен қабылдаушы арасында дейтграммалар деп аталатын деректер блоктарын жіберуді қамтамасыз етеді. ІР хаттамасы қосылысты қамтамасыз етпейтіндіктен, сенімсіз хаттама болып табылады, яғни ІР деректердің жеткендігін растамайды, алынған деректердің бүтіндігін бақыламайды және қызметші ақпаратпен қамтылмаған. ІР хаттамасы әрбір дейтграмманы жекеше тәуелсіз бірлік түрінде өңдейді. ІР-дің негізгі мақсаты -дейтграммаларды бағыттау (дейтграммалардың түйіннен түйінге өтетін жолдарын анықтап беру).
2.IPX/SPX стегі. NETBIOS/SMB стегі. SNA стегі
IPX/SPX стегі. Бұл стек Novell фирмасы 80-ші жылдардың басында өзінің желілік NetWare операциялық жүйесі үшін жасап шығарған хаттамаларының түпнұсқа стегі болып табылады. Стекке атау берген Internetwork Packet Exchange (IPX) және Sequenced Packet Exchange (SPX) хаттамалары, IPX/SPX-ке қарағанда едәуір аз дәрежеде таралған Xerox фирмасының XNS хаттамаларының тікелей бейімделуі болып табылады. Орнату саны бойынша IPX/SPX хаттамалары көшбасшы, және бұл NetWare ОЖ-сінің өзі әлемдік ауқымда шамамен 65% үлеспен орнатылған көшбасшы жағдайында болуына байланысты. Novell фирмасының хаттамаларының топтамасы және олардың үлгілерінің ISO/OSI үлгілеріне сәйкестігі 2.10 суретте көрсетілген. Физикалық және арналық деңгейлерде Novell желілерінде осы деңгейдің барлық әйгілі хаттамалары қолданылады (Ethernet, Token Ring, FDDI және басқалары) Желілік деңгейде Novell стегінде IPX хаттамасы және де RIP NLSP (TCP/IP стегінің OSPF хаттамасына ұқсас) маршруттық ақпаратпен алмасу хаттамасы жұмыс істейді. IPX Novell желілерінде дестелерді адрестеу және маршруттау сұрақтармен айналысатын хаттама болып табылады. IPX маршруттық шешімдері оның дестесінің тақырыбындағы адрестік өрістерге, және де маршруттық ақпаратты алмасу хаттамаларынан келіп түсетін ақпаратқа негізделген. Мысалы, IPX дестелерді беру керек компьюбтерге немесе келесі маршрутизаторға беру үшін не болмаса RIP хаттамасы беретін, не болмаса NLSP (NetWare Link State Protocol) хаттамасы беретін ақпаратты қолданады. Өз жұмысында IPX сондай-ақ SAP жоғарғы деңгейінің хаттамасын да қолданады. IPX хаттамасы хабарламаларды алмасудың тек қана дейтаграммалық әдісін қолдайды, соның есебінен есептеу ресурстарын үнемді пайдаланады. Сонымен, IPX хаттамасы үш функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: адресті беру, маршрутты орнату және дейтаграммаларды тарату. Novell стегінде OSI үлгісінің көліктік деңгейіне хабарламаларды қосылыстар орнату арқылы беруді іске асыратын SPX хаттамасы сәйкес келеді. Жоғарғы қолданбалы, өкілдік және сеанстық деңгейлерде NCP және SAP хаттамалары жұмыс істейді. NCP (NetWare Core Protocol) хаттамасы NetWare серверінің және жұмысшы станцияның қабықшасының өзара әрекеттесу хаттамасы болып табылады. Бұл қолданбалы деңгей хаттамасы клиент-сервер сәулетін OSI үлгісінің жоғарғы деңгейінде жүзеге асырады. Осы хаттаманың функцияларының көмегімен жұмысшы станция серверге қосылуды жүргізеді, сервер каталогтарын дискжетектерінің жергілікті әріптерінде көрсетеді, сервердің файлдық жүйесін қарап шығады, өшірілген файлдарды көшіреді, олардың атрибуттарын өзгертеді және т.б., және де принт-серверде қашықтықтағы баспаға шығаруды іске асырады. NCP хаттамалары Novell желісінің түпнұсқа хаттамасы болып табылады және басқа желілерде қолданылмайды. 2.10 сурет. -IPX/SPX хаттамалар стегі SAP (Service Advertising Protocol) – сервис туралы жариялау хаттамасы – RIP хаттамасына концептуалды ұқсас. SAP хаттамасы желілік құрылғыларға желіде қазіргі кезде қандай сервистік қызметтер бар екендігі туралы деректерді тұрақты түзетіп тұруға мүмкіндік береді. Старт кезінде серверлер SAP-ты желінің қалған бөлігін өз қызметтері туралы хабардар ету үшін қолданады. Сервер жұмысын аяқтаған кезде, ол желіні өз қызметінің тоқтатылғандығы туралы хабардар ету үшін SAP-ты қолданады. Novell желілерінде NetWare 3.х серверлері кеңхабарлаушы SAP дестелерін минут сайын таратады. SAP дестелері желіні біршама дәрежеде ластайды, сондықтан жаһандық байланысқа шығатын маршрутизаторлардың негізгі міндеттерінің бірі болып, SAP-дестелердің және RIP-дестелердің графигін фильтрлеу табылады. IPX/SPX стегінің ерекшеліктері NeyWare ОЖ-нің ерекшеліктеріен, атап айтқанда, оның ертеректегі нұсқаларының (4.0 дейін) жұпыны ресурстары бар дербес компьютерлерден тұратын шағын жергілікті желілердің жұмысына бағытталғандығына байланысты. Сондықтан Novell-ге іске асырылуы үшін оперативтік жадының ең аз мөлшерін қажет ететін (MS-DOS-тың басқаруындағы IBMүйлесімді компьютерлерде 640 Кбайтпен шектелген) және шағын есептеу қуаттылықтары бар процессорларда тез жұмыс істейтін хаттамалар керек болды. Нәтижесінде IPX/SPX стегінің хаттамалары соңғы уақытқа дейін жергілікті желілерде жақсы жұмыс істеді де, үлкен корпоративтік желілерде – онша жақсы жұмыс істемеді, өйткені баяу жаһандық байланыстарды осы стектің бірнеше хаттамалары қарқынды қолданатын, мыслаы клиент пен сервер арасындағы байланысты орнату үшін қолданатын кеңхабарлаушы дестелермен тым көп жүктеді. Бұл жағдай және де IPX/SPX стегінің Novell фирмасының меншігі болып табылатындығымен және оны жүзеге асыру үшін одан лицензия алу керектігімен, көп уақыт бойы оның таралуын тек қана NetWare желісімен шектеді. Дегенмен NetWare 4.0 нұсқасы шыққан сәтте Novell өз хаттамаларына оларды корпоративтік желілерде жұмыс істеуге икемдеуге бағытталған салиқалы өзгерістер енгізді және енгізуді жалғастыруда. Қазір IPX/SPX стегі NetWare-де ғана емес, басқа да бірнеше әйгілі желілік ОЖ-де - SCO UNIX, Sun Solaris, Microsoft Windows NT іске асырылған.
SNA стегі. SNA (Systems Network Architecture) – бұл үлгіні IBM мейнфреймдері базасында жасалған желілерге арнап IBM жасап шығарған,және желінің барлық элементтерінің: компьютерлердің, терминалдардың, концентраторлардың, жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың арасындағы өзара әрекеттесуді стандарттайды. SNA хаттамалары желілік хаттамаларға қойылатын негізгі заманауи талаптарды қанағаттандырады: маршруттау құралдарының болуы, сервистің әртүрлі деңгейі, берілетін деректердің түрлері мен тәуелсіздік, басқа желілік сәулеттермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Корпоративтік желілердің саны көптеп өсуі жергілікті желілерді мейнфрейм желілерімен біріктіру сұрақтарын өзекті еткендіктен, SNA стегі жақын уақытта бұдан да кең таралуға ие болатындығын күтуге болады.
3.DECnet IEEE802.x стегі.
DECnet стегі. Digital Equipment корпорациясы хаттамалардың меншік стегін – DECnet-ті қолдайды, ол физикалықтан бастап қолданбалыға дейінгі барлық деңгейлердің сервисінен тұрады. DECnet хаттамасының стегінің бес фазасы (Phases) немесе нұсқалары бар. Корпоративтік желілерде қолдану үшін ең қолайлы болып Phase IV және Phase V нұсқалары табылады. DECnet Phase IV стегін Digital Equipment корпорациясы 1982 жылы OSI стандарттық үлгісіне сәйкес келмеген меншік көпдеңгейлі тәсілді қолданып жасап шығарған. Барлық жерде қолданылатын Ethernet типіндегі хаттаманы төменгі деңгейде қолдай отырып, бұл стек негізінен меншік, фирмалық хаттамалардан тұрған және көбінесе VAX компьютерлерінде қолдануға бағытталған. 1987 жылы Digital корпорациясы Phase V стегін жариялады және оны Advantage – Networks деп атады (стектің алғашқы өнімдері тек 1991 жылы пайда болды). Оны жариялау кезінде қолданушыларға көпхаттамалы желіні жасауға және оны басқаруға көмектесуге ұмтылу ерекше атап өтілді. Бұл стектің ерекшелігі болып, оның Phase IV-те іске асырылған DECnet меншік стегімен қатар, TCP/IP және OSI стектерінің хаттамаларын біруақытта қолдануға мүмкіндік беретіндігі табылады. Phase V стегі қосымша стандартты хаттамаларды қосудың есебінен Phase IV стегін дамыту ғана болып табылмайды. Ол OSI үлгісіне сәйкес толығымен қайта жазылған, сондықтан хаттамалар модульді жұмыс істей алады. TCP/IP және OSI хаттамаларымен өзара әрекеттесуден басқа, ол сондай-ақ атаулардың таратылған қызметін және желіні таратылған басқаруды қоса алғанда, корпоративтік желіде өте қажет дамыған сервистерді ұсынады. Беттері көрсетілген негізгі әдебиет
Бақылау сұрақтары:
Желі түйіні дегеніміз не?
ІР-адрес дегеніміз не?
OSI стегі дегеніміз не?
TCP/IP стегі дегеніміз не?
Қолданылған әдебиеттер:
К.С. Дүйсебекова, Ш.А. Жомартова «Есептеу желілерінің негіздері»
Котус, И. Влейник - Интерфейс «человек-компьютер», 1996.
Ханенко В.И. - «Информационные системы» - Л: Машиностроение, 199S.
Косарев В.П., Еремин Л.В. - Компьютерные системы и сети - М: Финансы, 1999.
ЛЕКЦИЯ 6
Тақырып: Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары.
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
1.Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі. 2.Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.
3.Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функциональды сай келуі.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
1.Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі.
Модульдік – есептегіш желілердің табиғи және бөлінбес қасиеттерінің бірі. Модульдік желінің шеткі түйіндеріндегі коммуникациялық протоколдың көп деңгейлі көрсетімінде ғана көрінбейді, ол желілік архитектураның маңызды және принципиалды ерекшелігі. Желі әр түрлі модульдің үлкен санынан тұрады: компьютерлер, маршрутизаторлар, модемдер, операциялық жүйелер және қосымшалар модулі.
2.Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функциональды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар.
Адаптерлер.
Пайдаланатын кабельге қарамастан әрбір жұмысшы станциясы үшін желілік адаптер болуы қажетт.
Желілік адаптер – бұл компьютердің аналық платасына қойылатын плата болып табылады. Оны желілік кабельге аралған 2 разъемі бар.
Желілік адаптерлер ISA/EISA немесе Micro Channel архитектуралары үшін қарастырылады. Бірінші архитетура IBM AT компьютерлер сериясында және олармен үлесімді компьютерлер үшін, екіншісі IBM сериясы ps/2 компьютерлерінде пайдаланылады. Бұл адаптерлер констуктивті түрде бір – біріне ерекшеленеді. Жұмысты жылдамдату үшін желілік адаптер платасында буфер болуы мүмкін. Бұл буфердің өлшемі адаптерлердің әр түрлі типі үшін әр түрлі болады 8-биттік адаптерлер үшін – 8 кб, ал 16-32 – биттік адаптерлер үшін 16 кб және одан көп болуы мүмкін.
Ethernet желілік адаптерлерді енгізу / шығару порттарын және бір үзілу каналын пайдаланады. Кейбір адаптерлер жадқа тікелей қол жеткізу каналдарымен (ДМА) жұмыс істеуі мүмкін.
Адаптер платасында Дискісіз жұмыс станцияларын құру үшін (ТЕСҚ)туралы есте сақтау құрылғысының микросхемасы орналасуы мүмкін.
Бұл не винчестері, не флоппидискісі жоқ компьютерлер. Операциялық жүйені жүктеу желі арқылы орындалады, және оны қашықтықтан жүктеу микросхемасында жазылған бағдарлама орындайды.
Желілік адаптерді копьютердің аналық платасына орнатпас бұрын ауыстырып – қосқышта (адаптер платасында орналасқан) көмегімен енгізу (шығару порттары, үзілу командалары, дискісіз стансиялыққашықтықтан жүктеудіғң ТЕСҚ базалық адресі мәндері дұрыс басу қажет.
. Көпір - сегменттер мен желілерді қосатын құрылғы. Көпірдің мақсаты:
желінің өлшемін үлғайту;
желідегі компьютерлердің максималды санын арттыру;
желідегі тар жолдарды жою;
желідегі әртүрлі сегменттерді қосу;
әртүрлі физикалық таратушыларды қосу.
Көпірлер О8І үлгісінің Арналық деңгейінде жұмыс істейді, сондықтан бұл үлгінің өзінен жоғары жатқан деңгейлеріндегі ақпаратпен жұмыс істей алады.Бір хаттаманы екіншісінен ажыратпай, желіде барлық хаттамалардың жұмыс істеуін қолдайды. Кез-келген хаттама көпір арқылы өтетіндіктен, әрбір компьютер өзінің қандай хаттамамен жұмыс істейтіндігін өзі анықгауы керек. Ортаға енуді басқару деңгейінің көпірлері келесі қызметтерді атқарады:
барлық трафикті «тыңдайды»;
әрбір пакеттегі жіберуші мен қабылдаушының адрестерінтексереді;
бағыттауыш кестесін құрады;
пакеттерді жібереді.
Көпірдің қызметі желінің әрбір түйінінің жеке адресінің болатындығына негізделген. Көпір жұмысының басында бағыттауыш кестесі бос болады. Түйіндер пакеттерді жібере бастаған кезде, жіберуші көздердің адрестері бағыттауыш кестесіне көшіріледі. Көпір бұл деректердің көмегімен компьютерлердің желі сегменттеріндегі орналасуын зерттейді.
Пакетті қабылдағаннан кейін, көпір бағыттауыш кестесіндегі жіберу көзінің адресін іздейді.
Егер жіберу көзінің адресі табылмаса, оны бағыттауыш кестесіне қосады. Содан кейін көпір қабылдаушының адресін бағыттауыш кестесіндегі деректер қорымен салыстырады.
Егер қабылдаушының адресін бағыттауыш кестесінде бар болса және ол адресат жіберу көзімен бір сегментге орналасқан болса, пакет алынып тасталынады. Бұл сүзгілеу желілік трафикті азайтып, желі сегменттерін оқшауландырады.
Егер қабылдаушының адресі бағыттауыш кестесінде бар болса және адресат пен жіберу көзі әртүрлі сегментте орналасса, онда көпір пакетті сәйкес порт арқылы адресатқа жібереді.
Егер қабылдаушының адресі бағыттауыш кестесінде жоқ болса, көпір пакетті ол қабылданған портынан басқа барлық портгарына жібереді.
Егер желіні ұзарту үшін кепірді пайдаланатын болсаңыз, келесі фактілерді есте ұстау керек:
көпірлерде репитерлердің барлық мүмкіндіктері бар;
екі сегментті қосады жэне сигналдарды пакеттер деңгейінде қалпына келтіреді;
О8І үлгісінің Арналық деңгейінде қызмет етеді;
беріліс жылдамдығы 56 Кбит/с-тан аз ортада жұмыс істемейді;
бір мезетте бірнеше бағьпты пайдалана алмайды;
желінің артық жүктелуін есепке ала отырып, кең таратылатын хабарламаларды өткізеді;
әрбір пакет үшін жіберу көзінің адресін және қабылдаушының адресін оқиды;
қабылдаушының адресі көрсетілмеген пакеттерді де жібереді;
Көпірлердің негізгі қызметі:
желіні ұзарту үшін немесе түйіндер санын арттыру үшін екі
сегментті қосады;
желіні сегменттерге бөлудің есебінен трафикті азайтады;
әртүрлі желілерді қосады.
4. Маршрутизатор дегеніміз - әрбір сегменттің адресін білетін, ең тиімді бағытты анықтайтын және кең таралған хабарламаларды сүзгіден өткізетін құрылғы. Ол О8І үлгісінің Желілік деңгейінде жұмыс істейді. Олар пакегтерді көптеген желі арқылы бағыттап отырады және адрестерін анықтайды.
Бағыттауыш кестесінде желілік адрестер сақталады. Желіде қолданылатын әрбір хаттама үшін өзінің бағыттауыш кестесі құрылады. Ол келесі ақпараттан тұрады:
барлық белгілі желілік адрестер;
басқа желілермен байланыс тәсілдері;
бағыттауыштар арасындағы мүмкін жолдар;
бұл жолдар бойынша беріліс құны.
Әртүрлі варианттардың мүмкіндігін және жолдардың құнын салыстыра отырып бағыттауыш деректер үшін ең тиімді бағытты таңдайды (5 - сурет).
Бағыттауыштар хаттамалардың барлығымен жұмыс істей бермейді. Бағыттауыштармен жұмыс істейтін хаттамаларды бағытталушы деп атады. Оларға DЕСnet, ІР, ІРХ, ОSI, ХNS хаттамалары жатады. Бағытталмайтын хаттамаларға LАТ, NetBEU жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |