Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Гипостатура Гипостатура –



бет30/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Гипостатура Гипостатура – баланың салмағы мен бойының біркелкі қалыс қалуы. Тамақтанудың бұзылысының бұл түрі туа болған жүрек ақулары бар, эндокриндік патологиясы бар балаларда кездеседі. Негізгі ауруларын емдеген соң физикалық дамуы қалыпқа келеді. Квашиоркор Квашиоркор – белоктық-коллориялық жетіспеушілікпен сипатталатын гипотрофияның бір түрі.
Тұрақты симптомдары: - ісік ( басында аяқ басында, артынанан жоғары көтеріліп ішкі ағзаларға дейін барады); - физикалық дамуының қалаыс қалуы (салмағы, бойы); - бұлшық еттердің гипотрофиясы, тіпті атрофиясы; - психикасысның арта қалауы (ұйқышылдық, сылбыр, енжар, тәбетінің төмендеуі, жылағыштық, меңіреулік);
Маразм
Алиментарлық маразм – мектепке дейінгі және мекетеп жасындағы балаларда кездесетін, белок пен коллорияның жетіпеушілінен болатын жағадай. Тұрақты симптомдары:

  • Салмақ дефециті жасына сай салмақтан 60% төмен

  • Бұлшық ет пен тері асты май қабатының жұқаруынан, аяқ-қолдары жіңішке, беті «қартайған адам» сияқты болады.

Паратрофия- тамақтанудың созылмалы бұзылысы, дене салмағының артық болуымен (10%) сипатталады. Этиология: гиподинамия, артық тамақтандыру, бір жақты көмірсулармен тамақтану. Бейімдеуші фактор экссудативті-катаральды және лимфатико-гипопластикалық диатездер. Клиникасы: бала болбыр, тері асты май қабаты артық дамыған. Аз қозғалады, сылбыр, тез шаршайды, белсенді қозғалыс кезінде ентігу, тахикардия байқалады. Психомоторлық дамуының қалыс қалауы болады. Нәжісі тұрақсыз, сұйық, қышқыл иісті. Жедел ауруларға бейім келеді. Емі: тамақтануды дұрыстау, көк-өніс, витаминге бай тамақатар беру. Гиподинамиямен күрес. Осы бағытта массаж, гимнастика, таза ауада сереуендеу, спортпен айналысу, шынықтыру.
Рахит (Мешел). Конституция ауытқулары, аллергоздар. Спазмофилия Рахит (мешел) Рахит – негізінен Д витамині жетіспеуінен организмде фосфор-кальций алмасуы бұзылып, сүйек түзу мен сүйектің минерализациялану процессінің өзгерістерімен сипаталатын ерте жастағы балалар ауруы.
Этиологиясы. Мешел ауруының пайда болу негшізгі себебі Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витамин тағамда аз болуына немесе ультракүлгін сәулесінің әсерінен терісінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Аурудың пайда болуына ас қорыту жолдарында Д витаминін сіңіру мен оны белсенді метоболитка айналдырудың бұзылуы, белок, А, С, В витаминдері, минералдар, әсіресе кальцидің дефициті әсер етеді. Ауруға бейімдеуші факторлар: анасының созылмалы аурулары, шала туу, көп ұрықты жүктілік, жасанды тамақтандыру, баланың аурушаңдығы, тұрмыстық жағдайының, гигиеналық жағдайдың нашар болуы, жағымсыз климаттық факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет