Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет61/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
Клиникасы. Серонегативті ревматоидты артритте висцеральды мүшелердің зақымдануы сирек кездеседі, ауыр деструкция болмайды, зақымданған буындар саны аз. Серонегативті Ревматоидты артритте циклофосфамид проспидин төмен
эффект көрсетеді. Ревматоидты артриттің даму эволюциясы 2 сатыдан тұрады:
экссудативті және полиферативті. Экссудативті сатысында буында сұйықтық бар, біріншілік синовит белгілері: ауырсыну, ісік, буын контуры білінбейді, қызметі емнен кейін қалпына келеді. Ауырсыну түннің екінші жартысында күшейеді, таңертеңгілік буындар қозғалысының шектелуі (скованность) ұзақ уақыт байқалады. Ісінген буын ұстағанда ыстық, бірақ қызару белгісі жоқ болады.
Экссудативті кезең 1 жылға созылады. Науқастардың 15-20% бірнеше айға не
жылға ремиссия беруі мүмкін.
Пролиферативті кезеңде аурудың клиникалық белгілері айқын білінеді. Буынның синовиальды қабығы гипертрофияға ұшырайды,грануляциялық тін пайда болып, ол эпифизарлышеміршекпен бірінеді. Шеміршек тіні бірте-бірте ыдырап, буындағы қимыл шектеледі. Бірте-бірте сүйектердің эпифизарлы бөлігінде өзгерістер пайда бола бастайды. Қабыну процесі азаяды. Бұлшық ет атрофиясы байқалады. Буын синдромы рецидивті өтеді. Жалпы әлсіздік, астения, ұйқысы мен тәбеті төмен, арықтау белгілері байқалады. Ревматоидты артритпен ауыратын
науқастардың 10-13% плевра, перикард, ішкі мүшелердің сірі қабығының қабынуы пайда болады. Ішкі мүшелерден плевра мен өкпе жиі зақымданады, экссудативті плеврит, интерстициальды пневмони, бүйрек амилоидозы, ревматоидты кардит және кардиодистрофия кездеседі. Васкулит белгілері: мұрыннан, жатырдан қан кету, әртүрлі тері бөртпелері байқалады.
Фелти синдромының белгілері:
- Ревматоидты артриттың негізгі белгілері.
- Спленомегалия.
- Лимфоаденопатия.
- Тробоцтопения, анемия.
Ревматоидты артриттің висцеральді түрінің ең ауыр белгісі псевдосептикалық синдром (Висслер-Фанкони синдромы). Өткір артрит, қызба, жедел арықтау, анемия, висцериттер, васкулиттер кездеседі. 5-2 жылдан кейін рентгенограммада деструктивті өзгерістер білінеді.
- Ревматоидты артритта ЭТЖ өте жоғары, С-реактивті белок жоғарылайды.
- Ревматоидты артриттің ремиссия кезеңінің белгілері:
- Таңертеңгілік буындар қозғалысының шектелуі (скованность) 15 мин артық емес. Әлсіздік жоқ. Буындар ауырмайды.
- Пальпация және қимыл қозғалыс кезінде буындарда ауырсыну білінбейді.
- Буындарда ісік жоқ.
- ЭТЖ 20мм/сағ.жоғары емес.
Буын рентгенографиясындағы өзгерістер:
І дәрежесі-деструкциялық өзгеріс жоқ, буын айналасының остео- порозы анықталады.
ІІ дәрежесі-буын саңылауы аздап тарылған, аздаған сүйек «өрнектері».
ІІІ дәрежесі –сүйек және шеміршек ыдырауы, буын саңылауы тарылған, бірнеше сүйек «өрнектері» анықталады.
ІV дәрежесі-жоғарыда көрсетілген өзгерістерге анкилоз қосылады.
Емі. Кешенді жүргізіледі. Төсек режимі. Бүйрек, бауыр, жүрек зақымданғанда арнаулы диета тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет