Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет62/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
Жедел сатысында стероидты емес қабынуға қарсы препараттар тағайындалады. Бірнеше ай бойына аспирин, бруфен, ортофен, вольтарен, метиндол қолданылады. Олар қабынуға қарсы, антипиретикалық, аналгетикалық әсер етеді. Бұл дәрігерлердің қолайсыз әсері бар, науқаста гастрит, дуоденит сияқты аурулар пайда болады. Асқорыту мүшелерінің кілегейлі қабығын қорғау мақсатында алмагель, фосфалюгель тағайындалады. Қабынуға қарсы препараттар әсері болмаған жағдайда: хингамин, делагил, резохин, плаквенил 5 мг/кг салмағына тәулігіне тағайындалады. Препарат тәулігіне 1 рет түнде 3-6 ай беріледі. Емдік эффект 3-4 айдан кейін білінеді. Ревматодты артриттің ауыр түрінде преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне тағайндалады. Ревматикалық фактор түзілуін азайту үшін аптасына 1 рет иммунодепресант, азатиоприн 2-3 мг/кг, хлорбутин 0,2 мг/кг салмағына метопрексат 5-7 мг қолданылады. Курсы 6 ай. Буын ішіне препараттарды енгізудің маңызы зор. Кеналог 5-10 мг ірі буындарға, орташа буындарға 2,5-5 мг, майда буындарға, 1,5-2 мг тағайындалады. Курс 4-5 инъекция, 5-7 күнде 1 рет қолданылады. Жергілікті ем: диметилсульфоксидин аппликациясы, гормоналды майлар «триакорт», «элакон» т.б.
Емдік физкультура, массаж. Емдік процедураларды қабыну процесі басылысымен ерте бастау керек. Физиотерапиялық емнен эффект жоғары. Өткір сатысында УФО 6 қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын препаратпен электрофорез жасалады. Қабыну процесі басылғасын УВЧ, парафин, озокерит, балшықпен аппликация қолданылады. Санаторлық курорттық ем. Өлім жітімнің 5% науқастарда кездеседі. Науқастар бүйрек жетіспеушілігі мен инфекция қосылудан қайтыс болады. Ішкі мүшелер зақымдануы болмай, 1-2 буын ғана зақымданса науқастың жазылып кетуге мүмкіншілігі мол.

Жүйелі склеродермия (склероз)
Жүйелі склеродермия (ЖС) немесе үдемелі жүйелі склероз - терінің айқын тыртықтануымен атрофшсы туріндегі бузылыстары жэне ішкі агзалардың, ұсак, қантамырларыныц фиброздық-склероздық өзгерістерімен сипатталатын ауру.
Этиологиясы. Осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.
Кеселдің шығуына себепші факторлар эр түрлі: физикалық жарақат, суық әсеріне ұшырау, созылмалы инфекция ошағының асқынуы, жедел инфекциялар (грипп, ан-гина, скарлатина т.б.) аурулир, вакциналар мен дәрі-дәрмектер (сульфаниламидтер, антибиотиктер), дистресс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет