Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет92/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Диагноз қою. Бұл үшін эпидемиологиялық анамнезге, осы ауруға тән клиникалық белгілерге (патогномичные симптомы) сүйеніп қойылады және қызылша науқасымен контакт ескеріледі. Мысалы, катаральды кезеңде-Бельский-Филатов-Коплик белгісіне, бөртпе шығу кезеңінде – бөртпелердің ерекшеліктеріне, сатылап, шығуына қарап анықтауға болады. Лабораториялық тексерулер гематологиялық, вирусологиялық және серологиялық тексерулер жүргізіледі. Диагноз қоюға көмегі зор зерттеу тәсіліне IgM антиденесін анықтайтын қызылшаның өткір кезеңіне тән, және IgGg (инфекциядан кейін анықталатын антидене) иммуноферменттік анализ (ИФА) жатады.
Емдеу. Ауру бала негізінен үй жағдайында емделеді. Стационарда арнайы бокстарда келесі балалар ем қабылдайды: 2 жасқа дейінгі балалар, аурудың ауыр түрлерінде, асқынған түрлерінде, балалар үйінен түскен науқастар. Науқас жатқан бөлме таза, жүйелі желдетіп тұру қажет. Қызуы көтерілген кезде төсек режимі тағайындалады. Терісі мен кілегей қабығына жақсы күтім жүргізілуі керек. Науқастың көзін күніне бірінші рет қайнаған сумен немесе 2% гидрокарбонат натрий ерітіндісімен жуады. Көзді іріңнен тазартып болғаннан кейін 20% сульфацил-натрий ерітіндісін және витамин А 1-2 тамшыдан көзіне 3-4 рет тамызу керек. Құрғап, жарылып кеткен ерініне вазелин немесе басқа да майды жағу керек. Тамақтануы жасына сәйкес жүргізіледі, қызба кезінде науқасқа сүт жөне көкөніс өнімдері беріледі. Бала сұйықтықты жеткілікті алуы керек. Қызылшаның барлық түрінде аскорбин қышқылы 300-500 мг/тәулігіне, витамин А10 мг/тәулігіне беріледі. Асқынулар болмаған жағдайда антибиотиктер тағайындалмайды. Пневмония болған жағжайда антибиотик беріледі. Пенициллин 50-100000 Б/кг салмағына 2-3 рет бұлшық етке салынады. Қызылшаның профилактикасы арнайы және жалпы шаралардан тұрады.
Арнайы шаралар – арнайы профилактика жүргізу – қызылша вакцинасын егу – жаңа күнтізбекке сәйкес 12 айлығында, қайта егу 6-7 жасында 0,5 мл бұлшық етке немесе тері астына жасалады. Егер бала жақын арада гамма глобулин, қан, плазма және гормондар қабылданса, екпе 6 апта өткеннен кейін жүргізіледі. Бұрын қызылшамен ауырмаған, егу жұмыстарын алмаған балалар, ауру баламен қарым -қатынаста болса, тез арада екпе қабылдау қажет. Егу жұмысын жүргізуге болмайтын жағдайда, пассивті иммунитет туғызу үшін иммуноглобулин 1,5-3 мл егіледі.
Жалпы шаралар:
- Ауру баланы мүмкіндігінше тез оңашалау;
- СЭС-ке жедел хабар беру, балалар мекемелеріндегі қарым-қатынастағы балаларға 17-21 күнге карантин тағайындау.
Емдеу мақсаты:
1) толық жазылу
2) аурудың эпидемиялогиялық таралуына жол бермеу
3) ауруды ерте анықтап, асқынуларының алдын алу
Емнің ұзақтығы 10 – 14 күн.
Қызылша өте жұқпалы инфекциялық, интоксикация белгілерімен және тыныс алу жолдарының катаральды қабынуымен сипатталатын, ауыз қуысының кілегей қабығында және теріде дақты-папулезды бөртпелер пайда болатын ауру.
Жіктелуі:
1. түріне байланысты: типті, атипті
2. ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері
3. ағымына байланысты: асқынусыз, асқынуларымен (басқа инфекциялардың қосылуы, созылмалы инфекция ошақтарының өршуі)
Бейімдеуші факторлар:
1. Вакинция және ревакцинация алмағандар;
2. Иммундық жүйе қызметінің тапшылығы;
3. Қызылша ауруымен қарым-қатынаста болу;
4. Ерте жастағы балалар;
5. Фондық аурулардың болуы.
Диагностикалық критерийлер:
Катаральды кезеңде:
1. Қызылшамен ауырған баламен қарым-қатынаста болу;
2. Аурудың бірітіндеп басталуы;
3. Дене температурасының бірітіндеп көтерілуі;
4. Катаральды синдромның бірітіндеп ауырлауы (жөтел, ринит, коньюнктивит);
5. Ауыз қуысының кілегейлі қабығының зақымдануы (энатема, ісінуі);
Бөртпелер шығу кезеңінде:
1. Эпиданамнез;
2. Бөртпелердің сатылап шығуы;
3. Дақты-папулезды бөртпелер, бір-бірімен қосылуға бейім, орнында дақ қалады.
4. Бөртпелердің шығуы дене температурасының қайта көтерілуімен сипатталады.
5. Интоксикация белгілері ауырлай түседі;
6. Дене қызуының көтерілуі және катаральды синдром айқын білінеді.
Диагностикалық шаралар:
1. Жалпы қан анализі;
2. Жалпы зәр анализі.
Емдеу тактикасы:
Алдын алу жолдары: қызылша, мысқылға (індетті паротит) және қызамыққа қарсы тірі вакцина; қызылшаға қарсы моновалентті тірі вакцина. Бөртпе пайда болған 5 күннен бастап, пневмония қосылған жағдайда науқасты 10 күнге оқшаулау қажет. Қарым-қатынаста болған науқастар 21 күнге оқшауланады. Қызуы көтерілген кезде және температура түскен алғашқы екі күнде науқасқа төсек режимі тағайындалады.
Гигиеналық режим: науқасты үнемі жуындыру, көзін жылы қайнаған сумен, әлсіз калий перманганат ерітіндісімен жуу.
Стоматиттің алдын алу жолдары – сұйықтықты жиі ішкізу (шай, қайнаған су). Ретинол 2 күн тәулігіне 1 рет. 6 айға дейін 50000 МЕ, 6-11 айға дейін -100000 МЕ, 12 айға дейін және ересек балаларға 200000 МЕ беріледі. Дене қызуы көтерілген кезде – парацетамол беріледі: 3 айға дейін -10 мг/кг, 3 ай-1жас аралығында 60-100 мг, 1-5 жаста 120-150 мг, 6-12 жаста 250-500 мг, 12 жастан ересек балаларда (салмағы 60 кг) -500 мг беріледі. Парацетамолды беру интервалы- 6 сағат.
Жөтелді емдеу үшін амброксол қолданылады: 12 жастан ересек балалар үшін 30 мгх 2-3 рет тәулігіне, 5-12 жастағы балалар үшін 15 мгх 2-3 рет тәулігіне, 2-5 жаста -7,5 мгх 3 рет тәулігіне, 2 жаста -7,5 мгх 2 рет тәулігіне қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет