Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет93/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Қызамық (краснуха)
Қызамық – вирустармен шақырылып, тері қабатындағы бөртпелермен, мойын лимфа түйіндерінің ісінуімен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Ұзақ жылдар бойы қызамық балалардың жұқпалы ауруларының ішіндегі жеңіл түрі болып саналып келеді. Ауырған бала үшін бұл ауру онша қауіпті емес, өйткені көбінесе жеңіл түрде өтеді. Бірақ қызамық құрсақтағы балалар үшін өте қауіпті боылп саналады, өйткені көбінесе жеңіл түрде өтеді. Бірақ қызамық құрсақтағы балалар үшін өте қауіпті болып саналады, өйткені қызамық қоздырғыштары құрсақтағы баланың ағзаларын зақымдап, ол бала әртүрлі ағза ақуаларымен туылатыны дәлелденді (туа біткен соқырлық, саңыраулық, гидроцефалия жүрек ақаулары т.б.).
Этиологиясы. Қоздырғышы – вирустар, тогавирустар тобына жатады, құрамында РНК бар. Сыртқы ортада төзімсіз, 56С қыздырғанда, кептіргенде, күлгін сәуле әсерінен, эфир майы, формалин және дизинфекциялық ерітінділер әсерінен тез өледі.
Эпидемиологиясы. Аурудың көзі – ауру бала. Инфекция ауа-тамшы арқылы жұғады. Жұғу қауіпті жасырын кезеңнен басталып, бөртпе шыққаннан кейін де 5 күнге созылады. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалады. 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. 6 айға дейінгі балалар анасынан берілген иммунитетке байланысты қызамықпен сирек ауырады. Таралу жолдары: ең жиі кездесетін таралу жолы ауа-тамшы арқылы; тікелей қатынас арқылы (контактный); плацента арқылы сирегірек өтеді.
Патогенезі. Вирус ағзаға тыныс жолдарының кілегей қабығы арқылы енеді. Вирусемия пайда болады. Вирус гематогенді жолмен барлық ағзаға таралады, лимфа түйіндерінде өзгеріс пайда болып, инкубациялық кезеңнің аяғына қарай лимфа түйіндерінің көлемі ұлғаяды. Осы кезде вирусты жұтқыншақтан алынған жағынан анықтауға болады. Бөртпелер пайда болған 2-ші күннен бастап, қан сарысуында IgM антиденесі анықталады. Аурудан кейін IgG антиденесі ұзаққа сақталады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең – 15-24 күнге созылады.
Продромальды кезең – өте қысқа, 1-2 күн. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, аурудың негізгі белгісі экзантема болып табылады. Науқаста әлсіздік, мазасыздық, басының ауруы, бұлшық етте және буындарда ауырсыну белгісі пайда болады. Дене температурасы субфебрильді, 1-3 күн температура 38-39С көтеріледі. Катаральды белгілер бөртпе шығардан 1-2 күн бұрын пайда болады.
Бөртпе шығу кезеңі – қызамықтың көзге көрінер ең негізгі белгісі. Бөртпе бетінде пайда болады. Бөртпелердің шығуында қызылшадағыдай сатылап шығу тәртібі жоқ. Бөртпелер буын айналасында, қол-аяқтың сыртқы бетінде, арқасында, жамбасында пайда болады. Бөртпелер 2-3 күннен кейін солғындап, жоғала бастайды, орнында дақ қалмайды. Қызамықтың негізгі диагностикалық белгісіне перифериялық лимфа түйіндерінің (желке, мойын артында оналасқан лимфа түйіндері) ұлғаюы жатады. Жалпы қан анализінде лейкопения, лимфоцитоз және моноциттардың көбеюі анықталады.
Асқынулары. Қызамықтың асқынуының ауыр түріне энцефалит жатады. Энцефалит белгісі бөртпелер кеткеннен кейін пайда болады. Ересек балалар басының ауруына, көңіл күйінің нашарлауына шағымданады. Кейіннен тырысу, гемипарез белгілері пайда болады. Менингеальды симптомдар анықталады. IgM антиденесін ИФА арқылы анықтаудың маңызы зор.
Емі. Арнайы ем жүргізілмейді. Қызамықтың емі асқынбаған түрлерінде симптоматикалық дәрілерді қолдану арқылы өткізіледі. Ал асқынулар байқалса, міндетті түрде стационарға жатқызып, синдромдар бойынша ем тағайындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет