Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Тірек-қимыл жүйесінің АФЕ



бет10/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Тірек-қимыл жүйесінің АФЕ. Тірек-қимыл жүйесі сүйектер, сіңірлер, шеміршектер, бұшық еттер және буындардан тұрады. Жаңа туған нәрестенің сүйектері суға, қан тамырларына бай, минералды тұздар аз, жұмсақ иілгіш болып келеді. Остеогенез баланың өсу барысында тоқтаусыз жүреді. 12 жаста сйектердің құрылысы мен гистологиялық құрамы ересектердікіне жақын болады.ЖТН бас сүйегі бірнешебөлек сүйектерден және оларды жалғастырып тұратын жіктерден тұрады. Жіктердің ашық болып туып, 3-4 айында бірігеді. Балада үлкен және кіші еңбектері болады. Кіші еңбек шүйде және төбе сүйектері арасында үшбұрыш тәрізді, 25% ашық болып туады, 4-8 аптада жабылады. Үлкен еңбек төбе және маңдай сүйектерін арасында ромб тәрізді, 1,5*2см, 12-18 айда жабылады.
Нәрестенің қаңқасы негізінен шеміршектен тұрады, ол өсіп-даму барысында сүйекпен алмасады. Жаңа туған баланың сүйек тіндері суға бай, минеральды тұздар аз болғандықтан жұмсақ, эластикалы және жеңіл деформацияланады. Сондықтан сүйектері сынғыштығы төмен болады. Сүйек үсті қабығы қалың болғандықтан қабық асты сыну, «көк шыбық тәрізді» тән. Сүйектің қан тамырларға бай болуы, сүйек майының іріңді қабынуының жиі байқалуын түсіндіріледі. Бас сүйегінің осындай ерекшелігі босану жолдарыннан өтуін оңайлатады. Алғашқы сүт тістері 6-8 айында жарып шығады. 3 жасында 20 сүт тісі болады. Сүт тістер санын мына формуламен анықтауға болады п-4 (п-аймен алынған жасы). 5-7 жасында сүт тістері түсіп, оны тұрақты тістер алмастырады. Тістердің шығуы 17-25 жаста аяқталады. Тұрақты тістер саны -32. Омыртқа жотасында физиологиялық иілістер байқалмайды. Мойын лордозы (алға иілуі) бала басын ұстай бастағанда 2-3 айында, кеуде кифозы (артқа қарай иілуі) отыра бастағанда 6-7 айда, бел лодозы жүре бастағанда 11-12 айда пайда болады. Кеуде клеткасы жтб-да цилиндр пішінді, кейін конус қалпына енеді. Қабырғалары көлденен орналасқан, қабырғалар аралығы кең. Осыған байланысты кеуде клеткасының қозғалысы шектеліп, өкпе толық керіле алмайды. Өсе келе қабырғалар қиғаш орналасып, тыныс алу қимылдары кеңейді. Жамбас сүйектері салыстырмалы кішкентай, 6 жасқа жақын қарқынды өсе бастайды. Қыз балаларда 12-14 жаста жылдам өсі байқалады. Бұлшық ет жүйесі. ЖТБ-да бүгкіш бұлшық еттерінде физиологиялық гипертонус болады, аяқ-қолдарын кеудесіне жинап, жұдырығы түйген күйде. Бұл ерекшелік 3-4 айға дейін сақталады. Бұлшық еттердің қарықыды өсуі жыныстық жаму кезеңінде болып, 20-23 жаста аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет