Тыныс алу жүйесінің АФЕ. Тыныс алу жүйесін ауа өткізгіш жолдар мен газ алмасу аппараты құрайды. Жоғары тыныс жолдарына: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, төменгі тыныс жолдарына трахея, бронх жатады. Атмосфералық ауа мен қан арасындағы га алмасу өкпеде жүреді. Жаңа туған кезінде тыныс органдары морфологиялық жетілмеген болады. 7 жасқа дейін оллар қарқынды дамып қалыптасадыда, әрі қарай тек олардың мөлшері ұлғайып отырады. Тыныс жолдарының морфологиялық ерекшеліктері: 1. кілегейі жұқа. 2. бездері толық жетілмеген. 3. иммуноглобулин А мен сурфактант бөлуі төмен. 4. кілігей асты қабаты қан тамырларына бай, болбыр тіндерден тұрады. 5. тыныс жолдарының төменгі бөлігі жұмсақ, майысқыш шеміршектен тұрады.6. өкпеде және тыныс жолдарынада эластикалық тіндер жеткіліксіз. Мұрын қуысы 3 жасқа дейін тар, раквиналары қалың, төменгі мұрын жолы болмайды. Ол 4 жаста қалыптасады. Жұтқыншақ салыстырмалы тар және кішкентай. Евстахиев түтігі қысқа және кең. Бұл ринит кезінде инфекция ортаңғы құлаққа оңай түсуіне жағдай жасайды. Көмей воронка тәрізді, жоғары орналасқан, сондықтан ол арқасымен жатып тамақты жұта алады. Көмей қуысының тарлығы, кілегейасты қабаттың тез ісінуі, нерв рецептерлерінің көптігінен болатын бұлшық еттердің спазмы респираторлы инфекция кезінде көмей стенозын туғызады. Трахеясы салыстырмалы кең, аяқталмаған шеміршек сақиналардан тұрады, өте қозғалмалы. Осы ерекшелігі экспираторлы ентігу немесе стридорлық тыныстың себебі болып табылды. Бронхтар тар, шеміршегі жұмсақ, майысқыш. Трахея сияқты жартылай шеміршек сақиналардан тұрады. Өкпе жаңа туған балада толық қалыптаспаған. Ерте жастағы балалардың өкпесі клечатка мен тамырларға бай, дәнекер тіндер мен эластаикалық тіндер аз болуы, өкпе эмфиземасы мен ателектазының себепші болады. Өкпе түбі ірі бронхтар, тамырлар және лимфа түйіндерінен тұрады. Лимфа түйіндер инфекцияға сезімтал келеді. Плевра лимфа және қан тамырларымен жақсы қамтылаған, қалың болып келеді. Диафрагма жоғары орналасқан. Диафрагманың қозғалысынна кедергі болған кезде (метиоризм, паренхиматозды органдардың ұлғаюы) өкепе вентиляциясын наш. арлатады.