Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру
Бала бiр жастан асқанда қарқынды дамуы жүре береді, жекелеген жүйелер мен мүшелер, орталық нерв жүйесі басшылық ететін ағзаның барлық өмірді қамтамасыз ететін іс- әрекеттері өсiп жетiледі.
Организмнің бейiмделу және компенсаторлық механизмдері 2-3 жастан кейiн одан әрі дами бастайды Жастан асқан баланың ас қорыту жүйесiнің қабілеті арта түседі тамақтың дәмiн ажырату мүмкіндігі артады.
12 айдан 2 жасқа дейін күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар беру (жемістер, май жаққан нан, қаймақ қосқан сүзбе, ет қосылған бәліш). Бір жейтін тамақ көлемі – 300 мл. 2 жастан жоғары балаға күніне 5 рет 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар беру. Бір жейтін тамақ көлемі – 350мл
4 тарау. Неонатология.
тақырып. Күні жетіп туған нәресте. Шала туған нәресте. Күтім жасау.
4.2. тақырып. Іріңді- септикалық аурулар. Жаңа туған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Мерзімі жетіп туған нәресте, АФЕ, күтімі.
Мерзімі жетіп туған бала құрсақтық дамудың 38-42 аптасында дүниеге келеді, салмағы 25000 гр-нан, ұзындығы 45 см-ден артық болады.
Мезгілі жетіп туған нәрестенің морфологиялық белгілері
дауысы қатты шығады;
қимылдары пысық;
бойы 45-56 см, салмағы ер балаларда 3200-3400, қызбалаларда 3000-3200гр
терісі жұсақ, түкті, қызығылт;
тері асты май қабаты жақсы жетілген;
құлақ қалқаны қалыпты;
қыздардың үлкен жыныстық еріндері кіші жыныстық еріндерін жауып тұрады, ұлдардың аталық безі ұмасына түскен;
кіндік сақинасы семсер тәрізді өсінді мен шат сүйегінің ортасында орналасады;
тырнақатары саусақ ұшына жетеді.
шартсыз рефлекстері бар;
Туған кезден бастап 4 аптаға дейін (28 күн) жаңа туу кезеңі болдады Осы кезде нәрестеде сыртқы ортаға бейімделу процессінің көрінісі ретінде физиологиялық жағдайлар (шекаралық) тән болып келеді.
физиологиялық эритема- теріге қалыптан тыс қан толуынан қызаруы. Бұл жағдайдың себебі құрсақ пен қоршаған ортаның температурасының айырмашылығы және құрсақ ішінде бала суда болса, туғанан кейін ауаға шығуынан болады. Бірнеше сағаттан 2-3 күнге созылады.
физиологиялық сарғаю - фетальді эритроциттердің ыдырауы кезінде қанда бос билирубиндердің жиналып қалуына байланысты дамиды. Қызметтік жағынан дамып жетілмеген сәби бауыры билирубиннің тым көп мөлшерін оның улы емес түріне аударуды және оны ағзадан шығаруды қамтамасыз ете алмайды. Сарғаю 36 сағаттан кейін, 7 күнге дейін пайда болып, 14 күнге созылады.
физиологиялық салмақ жоғалту- сәбилердің барлығында дерлік өмірінің алғашқы 3-4 күндері байқалады, 10% аспайды, 7-10 күндері қалыпына келеді. Судың зәрмен, нәжіспен, терімен және өкпемен көп бөлінуіне, құсып және кіндік қалдығының құрғауына байланысты болады. Дене салмағының көп жоғалуының алдын алу үшін нәрестені емшекке ерте салу.
Жыныстық дағдарыс - қыз балалардың қынабынан қанды бөліністер, ер балада ұмасының ісінуі, сүт бездерінің қатайып, ұлғаюы болады. Ол құрсақ ішілік даму кезеңінде анасынан ұрыққа және туылғаннан кейін нәрестеге емшек сүтімен эстроген гормонының өтуіне байланысты.
Несеп қышқыл инфаркті- сәби жөргегінде құм түріндегі қызғылт дақтардың ізі қалады. Ол өте көп мөлшерде клеткалардың ыдырауынан болады. Жайлап біртіндеп, диурездің өсуіне байланысты, тұздар жуылады, 7-10 күн ішінде өліеттену жойылады.
Меконий(тоңғақ немесе сәбидің дүниеге келгеннен кейінгі нәжісі). Иіссіз, қоңыр жасыл түсті, қою тұтқыр зат. Ол нәрестенің ұрықтық ас қорыту жолдары эпителийінің бөліндісінен, жұтылған ұрық маңы шарана суынан тұрады.
Бұл жағдайлар емдеуді қажет етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |