3.2 тақырып. Араласжәне жасанды тамақтандыру.
Аралас (толық емес табиғи) тамақтану- тәуліктік тағам мөлшерінің 1/3 бөлігі жасанды тағамдардан тұратын болса болып есептеледі. Берілетін тағам үстеме деп аталады. Аралас тамақтану табиғи тамақтанатын дені сау балалардың дене салмағының қосу тоқтағанда, яғни ана сүтінің жеткіліксіздігінде қолданады.
Аралас тамақтандырудың ережелері: - Аралас тамақтандыру үшiн бейiмделген және бейiмделмеген қоспалар қолданылады.
- Аралас тамақтандыруды бiртiндеп 3-4 күннің ішінде тәулiктiк тамақ мөлшерiн толық қамтамасыз ететiндей етiп енгiзу керек
- Аралас тамақтандырудың ең жақсы тәсiлі, сәбидiң әр тамақтануында ана сүтімен сүт қоспасымен бiрдей тамақтануы. Сонымен қатар, үстеме тамақ өздiгiнен бiр бөлек берiледi. Ана сүті аз
мөлшерде болғанымен оны мүмкiндiгiнше ұзаққа дейiн сақтау керек.
- Сәбиге үстеме тамақты тек қасықпен беру керек. Өйткенi сүттi емiзiк аркылы онай емген бала емшек емуден тез бас тартады.
- Үстеме тамақ емшек емгеннен кейiн берiледі
- Сәби кемінде тәулiгiне 6 рет емшек ему керек, өйткенi баланы сирек емiзу ана сүттің аз бөлiнуiне әкелiп соқтырады.
- Тамақтандыру тәртiбі аралас тамақтандыруда, тамақтандыру сағаттары мен аралық үзiлiстері, табиғи тамақтандырудағыдай болып қалады
- Аралас тамақтандыруда тиiсті тамақ мөлшері «бақылаулық шегу» әдісімен анықталады.
Жасанды тамақтандыру-деп емшек сүті тіптен болмайтын немесе оның мөлшері тәуліктік тамақтың 1/5 бөлігінен аз болатын жағдайларды айтады. Аралас және жасанды тамақтануға көшу себебі гипо- немесе агалактия. Дұрысы емшекпен тамақтануды бейімделген өнеркәсіптік жасанды сүт қоспаларымен ауыстыру. Себебі олардың құрамы ана сүтіне жақын келеді.
Жасанды сүт қоспалары асқазанда ұзақ сақталады, сондықтан жасанды тамақтанатын сәби ертерек тәулігіне 5 рет тамақтанға 4 айдан бастап көшіру керек.
Жасанды тамақтану тәртібі:
- Тамақтың тәуліктік мөлшері белгілі көлемдік немесе калориялық тәсілмен, сәбидің дене салмағына сәйкес анықталады.
- Тәуліктік тамақтану санын 5 тен аз болмау керек.
- Қоспалар емізікпен беріледі
- ЖТН және алғашқы 2-3айда міндетті түрде бейімделген қоспалар берілу керек