Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет20/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Күтімі:

  1. температуралық режим (бөлме температурасы 22-24С, баланы бос жөректеу, бас киім, шұлық кигізу);

  2. дұрыс тамақтандыру (баланың қалау бойынша тәулігіне 8 реттен артық емізу);

  3. гигиеналық күтім (кіндік қалдығын құрғақ өңдеу, яғни ешқандай дәрілік заттар пайдаланбай ашық, таза ұстау, шомылдыру, терісіне, көздеріне, құлақтарына, мұрын жолдарына күтім жасау).


Шала туылған бала, АФЕ, күтімі.
Жаңа туылған нәресте құрсақішілік дамудың 23-37 апталары аралығында туылса туылған кездегі салмағына қарамастан шала туылған нәресте болып есептеледі. Нәрестенің жетілу деңгейі оның құрсақтан тыс өмір сүру қабілеті мен сыртқы орта жағдайына бейімделуіне байланысты болады. Нәрестенің жетілуі жөніндегі түсінік оның гестоциондық жас шамасына тығыз байланысты. Бұл көрсеткіш баланың құрсақішілік даму сипатын бағалайтын белгінің ең негізгісі болып табылады.
Гестоциялық мерзіміне байланысты шалалықтың 4 дәрежесіне бөлуге болады:
1-ші дәреже- гестация мерзімі 37-35 апта
2-ші дәреже 34-32апта
3-ші дәреже 31-29 апта
4-ші дәреже 28-22 апта

Нәрестенің туылған кездегі салмағы шалалықтың абсолюттік көрсеткіші болып табылмайды. Салмағы 2500гр-нан артық болатын нәрестелер де жиі шала туылады.


АХЖ-10 бойынша салмағы бойынша аз салмақтағы балалар:
-төмендегі салмақтағы балалар-2500-1500 гр
-өте төмен салмақтағы балалар 1500-1000 гр
-тым өте салмақтағы балалар 1000 гр-нан болып бөлінеді.

Мезгілінен ерте туылудың себептері әртүрлі және өте қиын анықталады. Әдетте бірнеше себеп қосарланып келеді. Мезгілінен бұрын босанудың негізгі топ факторлары төмендегідей:


1.Асқынған акушерлер анамнез мәліметтері (3 және онан да көп бұрынғы жүктіліктің түсіп қалуы, босану арасындағы қысқа аралық, көпұрықты жүктілік,баланың жамбаспен келуі, босану кезіндегі оперативтік шаралар).
2. Анасының ауыр соматикалық және жұқпалы аурулары.
3.Ұрық аурулары, құрсақішілік инфекция, хромосомды аурулар, жүкті әйелмен ұрық арасындағы иммунологиялық сәйкеспеушілік.
4.Әлеуметтік-экономикалық факторлар (кәсіптік зияндылықтар, арақ-шарап ішу, темекі шегу, қажетсіз жоспарланбаған жүктілік).
5. Әлеуметтік-биологиялық факторлар (18жасқа дейінгі және 30жастан кейінгі 1-ші босанатын әйел, бой ұзындығы -150смден кем дене салмағы 45 кг-нан төмен, әлеуметтік төмен жағдайы, генетикалық бейімділігі)
Итермелеуші факторларға физикалық және психикалық жарақаттарды, ауыр нәрсе көтеру, жүкті әйелдің құлауын, жығылуын, бір нәрсеге соғылуын жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет