Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет3/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

16.5 тақырып. Иммунопрофилактика.

17 тарау. Педиатриядағы шұғыл жағдайлар.


1 тарау. Кіріспе

    1. тақырып. Балалар ауруханасының жұмысын ұйымдастырумен және негізгі принциптерімен танысу. Баланың физикалық дамуы. Өсіп-даму кезеңдері.



Кіріспе. Педиатрия ғылымының тарихы.
Ғылымның даму кезеңдері, негізін қалаушылар. Балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырумен және негізгі принциптерімен танысу.
Педиатрия - пәнін оқып-үйрену болашақ мамандардың балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда, алдын-алу жұмыстарын жүргізуде, алғашқы медициналық және шұғыл көмек көрсетуде кәсіптік біліктілігін қалыптастырады. Ғылымның бір орнында тұрмауы, яғни денсаулық сақтаудағы ғылыми жетістіктер балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіре түсуді талап етеді, бұл мақсатқа қол жеткізуде медицина қызметкерлерінен терең білімділік, жоғары кәсіби мамандылық қажет. Күнделікті жұмыс барысында медицина қызметкелеріне әр түрлі сипаттағы, ағымдағы ауру-сырқаулары бар науқастармен кездесуге тура келеді. Кейде өткір басталған аурулық жағдай бала өміріне қауіп тудырып жатады. Осындай сәттерде жедел көмек қажет. Өмірі қыл үстінде тұрған балаға жедел көмек көрсету-медицина қызметкерінен асқан жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті қажет етеді. Әрине, ауырған баланы дұрыс емдеп жазу аса маңызды болса, оны аурытпау мақсатында физикалық, психо- әлеуметтік тұрғыдан дұрыс дамып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау одан да маңызды. Бұл үшін балаларға сүйіспеншілікке тола тәрбиемен көңіл бөлу, сапалы тамақтандыру, жеткілікті ұйқы, таза ауада көп болдыру және шынықтырып отыру қажет. Өйткені, БДСҰ –ның пайымдауынша: Денсаулық - тек ауру - сырқаудың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар баланың жан-жақты, физикалық, психо-, әлеуметтік дұрыс жетілуі.
«Педиатрия» деген сөздің мағынасы гректің paid-бала, iatrea – емдеу деген сөздерінен тұрады, балаларды емдеу ұғымын білдіреді. Балаларды емдеуші дәрігерді «педиатр» -деп атайды. Педиатрия ғылымы ертеден дамыған медицинаның саласы болғанына қарамастан салыстырмалы түрде жаңа ғылым, қазіргі таңда даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет