Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Біріншілік туберкулездік жиынтық



бет49/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Біріншілік туберкулездік жиынтықтуберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тінін және кеуде қуысында орналасқан лимфа түйіндерін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады.
Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады: алғашқыда жоғары температура (38-39С), кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде – дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар.
Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген өкпе лимфа түйіндері анықталады. Жазылу кезеңінде қабыну ошағының және лимфа түйіндерінің қатайғанын – петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады. Қанда: лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ 35-40 мм/сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді.
Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары – плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы өкпе туберкулезіне айналуы мүмкін.
Туберкулездік бронхоадениттуберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Көкжөтелге ұқсас ұстамалы, кейде қос дауысты құрғақ жөтел мазалайды, жөтел әсіресе түнге қарай күшейеді. Өкпені перкуторлы тексергенде, 3-5 кеуде омыртқаларының тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы болады. Рентгендік тексерісте – үлкейген өкпе – бронх лимфа түйіндерін көре аламыз. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді.
Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметрі 1 см-дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Көбінесе мектеп жасындағы балаларда туберкулездің басқа түрлерінің асқынулары түрінде кездеседі. Клиникалық белгілері әлсіз білінетіндіктен, тек флюорографиялық тексеріс кезінде анықталады.
Өкпенің инфильтративтік туберкулезі. Өкпеде ыдырауға бейім казеозды қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Инфильтративті ошақтың көлемі 10мм. Инфильтрат дөңгелек пішінді, 1-сегментте орналасуы мүмкін. Аурудың клиникалық белгісіне интоксикация, жөтел жатады. Перкуторлы дыбыс тұйықталады, ылғалды сырыл естіледі. Пневмония, тұмау белгілеріне ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.
Балаларда туберкулездік плеврит және менингитте кездесіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет