Диангоз қою. Мұқият анамнез жинау: аурудың клиникалық белгілерін ескеру, лабораториялық зерттеулерге сүйену: қанның, зәрдің жалпы анализдері; қақырықтың, зәрдің, жұлын сұйықтығының бактериологиялық тексерістері; инструментальдық тексерістер: рентгенография, томография, флюрография және туберкулин-диагностикасы (Манту сынамасы) диагноз қоюға көмектеседі.
Туберкулин диагностикасын туберкулезге қарсы вакцинацияланған «қауіптілік» тобындағы балаларға 12 айынан бастап 14 жасқа толғанға дейін жылына 1 рет жүргізеді.
Манту сынамасы төмендегі топтағы балаларға жасалады:
1) "қауіптілік" топтарындағы балалар;
2) туберкулез ошақтарындағы балалар мен жасөспірімдер;
3) вакцинациялау алдында 2 айлықтан асқан балалар;
4) ревакцинациялау алдындағы 1-сынып (6-7 жас) оқушылары жатады.
Сынама жасалғаннан кейін 72 сағат өткесін нәтижесі тексеріледі. Нәтиже теріс, күдікті, оң және гиперергиялық болуы мүмкін.
1) теріс – көлемі 0-1 мм инфильтрат (папулдар) немесе ине ізіболған кезде;
2) күдікті- көлемі 2-4 мм инфильтрат немесе тек инфильтратсыз кез келген көлемдегі гиперемия кезінде;
3) оң (нормергия)- 5 мм және одан да жоғары диаметрмен инфильтрат болған кезде;
4) гиперергиялық - 0-14 жастағы балаларда 15 мм және одан да астам диаметрмен, 15-17 жастағы балаларда 17 мм және одан да астам диаметрмен, ересектерде 21 мм және одан да астам диаметрмен инфильтраттың болу, сондай ақ лимфангоитпен немесе везикулезды -некрозды бөртпе болған кезде;
Жасөспірімдерге (15,16,17 жас) жылына 1 рет флюорографиялық тексеру жүргізіледі.
Емдеу. Туберкулездің емі кешенді (комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, екі кезеңдежүргізіледі:
1) бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі, стационарда жүргізіледі;
3) екінші кезең – қолдау фазасы, амбулаториялық, санаториялық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда, жүргізіледі.
Ем мөлшері науқастың салмағына сәйкес төрт дәрімен жүргізіледі: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (E), стрептомицин (S). Стрептомицин 2 айдан артық қолданылмайды.