Туберкулездің профилактикасы. Туберкулездің алдын алу арнайы және жалпы шараларға бөлінеді.
Арнайы шараларға БЦЖ егу және химиопрофилактика жүргізу жатады. БЦЖ вакцинасы бала өмірінің алғашқы 0-4 күндері, перзентханада БЦЖ вакцинасы жасауға қарсы көрсетпелер:
. 1) бірге туған жақын туыстарында генерализацияланған БЦЖ инфекциясы (тұқым қуалаған иммун тапшылығының ықтималдығы);
2) АИТВ- инфекциясы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы;
3) шала туғандық – дене салмағы 2000 грамнан кем немесе 33 аптадан кем гестациялық жас;
4) орталық жүйке жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат;
5) жатырішілік инфекциялар, жаңа туған нәрестелердегі сепсис;
6) жаңа туған сәбилердің гемолитиялық аурулары (ауырлығы орта және ауыр түрлері);
7) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр аурулар жағдайында.
БЦЖ ревакцинациясы дені сау, 6-7жастағы балаларға Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жасалады.
Вакцина дұрыс сақталып, екпе дұрыс жүргізілген жағдайда, балалардың 90-95% иммунитет пайда болады. Сондықтан, ФАП фельдшері де балалардың БЦЖ жасалған иығын 1, 3, 6, 12 айларында тексеріп, байқалған өзгерістерді медициналық құжаттарына тіркеп отыруы қажет.
Химиопрофилактика келесі балаларға жүргізіледі: 1. Туберкулез ауруымен қарым-қатынаста болған балаларға – жалпына 2 рет, күзде және көктемде 2 айдан 1-3 жыл бойы.
2. Туберкулез виражы болған балаларға 3 ай бойы.
3. Манту сынамасына гиперергиялық нәтиже байқалған балаларға 3 ай бойы тағайындалады.
Жалпы шаралар: 1. Баланы дұрыс рационалды тамақтандыру.
2. Дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру.
3. Баланың ауруын мүмкіндігінше ерте анықтап, оны оңашалау.
4. Балалар мекемелеріндегі медицина және барлық қызметкерлерді жылына 2 рет медициналық байқаудан өткізіп тұру.
5. Қауіп-қатер тобындағы және аурумен қатынаста болған балаларға Манту белгісін қою.
6. 12 жастан асқан балаларды флюорографиялық тексерістен өткізіп тұру.
7. Жүйелі түрде санитарлық ағарту жұмысын жүргізіп тұру.