Клиникалық көрінісі: Балалар ревматизмінің клиникалық көріністері мейілінше көп түрлілігімен ерекше. Аурудың басталуы жедел басталған жағдайда дене қызуы көтеріледі, жалпы сырқат, сылбырлақ пайда болады, ересектеу жастағы балалар жүрек аймағы ауыратынын, олардың кейбіреулері буындарының маңы ауыратынын айтады.
Негізгі клиникалық белгілері:
|
Қосымша белгілер:
|
кардит
|
Гипертермия
|
артрит
|
Артралгия
|
хорея
|
Абдоминальды синдром
|
сақина тәрізді эритема
|
серозиттер
|
ревматизмдік түйіншектер
|
|
Ревматизмнің негізгі көріністерінің бірі – жүрек қан-тамыр жүйесінің зақымдану белгілері. Кардит: ошақты және диффузды миокардит, эндокардит (қақпақшалардың зақымдануы), перикардитпен байқалады. Жүректе тондарының тұнықталуы, систололық немесес диасталық шу, жүрек шектерінің ұлғаюы, қан айналудың жеткіліксіздіктері, ентігу, ерінде цианоз, терісі бозарған болады. Жүректің қатты зақымдануы көбінесе қайталап соққанда байқалып, оған баланың жүдеуі, физикалық дәрменсіздігі, анемия қосылады. Өсе келе оның қайталануына бейімдік азая түседі. Ревматизм балалардағы жүрек ақауы қалыптасуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |