Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет72/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Жатырдан қан кеткенде төсек режимі қатаң сақталады. Құрсақ қуысының төменгі бөлігіне мұзды мұйық қойылады. Қыз баланы 2-3 рет жуындыру керек.
Бүйректен қан кеткенде төсек режимі қатаң сақталады. Науқас зәрінің зәр бөлгішке шығарады. Мейірбике зәрдің түсін қатаң қадағалап, бақылайды.
Буынға қан құылғанда, гематома болған жағдайда науқасты төсекке жатқызады. Бала каталкамен немесе носилкамен тасымалданады. Қажет болған жағдайда зақымданған буынға иммобилизация жасалады немесе танғыш салынады. Қаназдықпен ауыратын науқастарға күтім жасалғанда аурудың жасы, анемияның деңгейі ескеріледі.


13 тарау. Асқазан-ішек жолдарының биллиарлы жүйесінің аурулары.
13.1 тақырып. Гастриттер, гастродуодиниттер. Асқазан мен ұлтабардың ойықжарасы. Өт шығару жолдарының дискинезиялары. Холецисттетер. Гельмитоздар.

Жедел гастрит
ЖГ- асқазанның кілегей қабығының жедел қабынуы, күшті тітіркендіргіштердің қысқа уақытқа әсер етуі.
Этиологиясы: Біріншілік және екіншілік жедел гастрит деп бөлінеді. Біріншілік ЖГ-ті туғызатын факторлер: патогенді микробтармен және олардың токсинімен ластанған тамақ, химиялық заттар мен медикаменттер, тамақ аллергендері, тамақты көп мөлшерді жеу, уытты, үйреншікті емес тамақ жеу.
Екіншілік ЖГ басқа аурулардың үстінде (тұмау, сепсис, қызылша, бүйрек аурулары т.с.с) пайда болады.
Клиникасы: себепші фактор әсер еткен соң 8-12 сағат өкен соң басталады. Бала өзін жайсыз сезінеді, асқазан тұсында ауырлық, жүреек айнуы, сілекей ағуы, ауызынан жағымсыз иіс шығуы, жалпы әлсіздік, басының ауруы, тәбетінің төмендеуі немесе тіптін болмауы байқалады. Әрі қарай ішінің жоғарғы жағында ұстамалы ауырсыну болып, қайта-қайта құсуға ұласады. Құсығында жеген тамақтарының қалдығы, кілегей мен өт болады. Құсу жеңілдік әкеледі. Баланың терісі бозғыт тартады, тілі ақ жабынмен жабылған, пальпация кезінде эпигастрия аймағында ауырсыну байқалады.
Инфекциялық генезді гастрит интоксикация, фебрильді температура, диареямен, сусызданумен болады.
Емі:
1. қайта –қайта құсу болғанда асқазанды физиологиялық ерітіндімен немесе қайнаған сумен жуу.
2. Алғышқы 8-12 сағатта аз-аздан көп мөлшерді сұйықтық ішу;
3. 12 сағтатан соң сұйық сусындар(кисель, кефир, майсыз сорпа), әрі қарай 1а диета тағайындалады;
4. инфекциялық гастрит кезінде антибактериальды ем, витаминдер В тобы, ферменттер;
5. ауырсынуды басу үшін спазмалитиктер (но-шпа, папаверин);
6. абсорбенттер (смекта, белсенді көмір)
7. тоқтамастан құсу кезінде прокинетиктер (церукал, мотилиум)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет