Патогенезі. Қоздырғыш организмге тыныс жолдары арқылы енеді. Коринобактериялар өзінен өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Экзотоксин. Эпителийді некрозға ұшыратып, сол жерде алынуы қиын, ақшыл-сұр түсті қабыршақ пайда болады. Ал қанға өткен токсин барлық ағзаларға жетіп, оларды зақымдайды (көбінесе жүрек, бүйрек, бүйрек үсті бездерін).
Дифтерияның жіктелуі
(БДДҰ, 1996 жыл)
Клиникалық түрлері Псевдомембраналар Мойын ісігі
1. Шоғырланған Таңдай бездері мен мұрын қуысында Жоқ
2. Аралық Жұтқыншақ пен көмейге тараған Жоқ
3. Ауыр (токсикалық) Жайылмаған немесе жайылған Аз дәрежеден анық үлкен ісіктерге дейін
Клиникасы. Дифтерияның ең жиі кездесетін клиникалық түрі - жұтқыншақ дифтериясы (95-97%). Жасырын кезеңі – екі-он күн. Жұтқыншақ дифтериясында – атын айтып тұрғандай патологиялық өзгеріске жұтқыншақта орналасқан таңдай, патологиялық тілшік, тілшік имектері ұшырайды. Осымен байланысты жұтқыншақ дифтериясының шоғырланған, жайлған, токсикалық (бір, екі және үш дәрежелі), субтоксикалық, гипертоксикалық түрлерін ажыратады.
Шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында – патолгоиялық өзгеріс тек таңдай бездерінде байқалады. Оның өзінде 3 түрін анықтай аламыз:
1. Катаральды;
2. Оральды;
3. Қабыршақты.
Катаральды шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында таңдай бездері аздап ісініп, қызарады, температура субфебрильді, организмнің улану белгілері жоқ. Яғни, қарапайым катаральды баспадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Сондықтан бұл түрінде диагнозды анықтау өте қиын, тек бактериологиялық тексеріс қана дифтерия екенін көрсете алады.
Оральды шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында – таңдай бездері ісініп, қызарады, қабыршықтар пайда болғанмен, олар таңдай бездерін түгел жауып тұрмайды. Баланың тамағы ауырады, температурасы субферильді. Қабыршақты шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында – қабыршақ түгелдей таңдай бездерін жауып, тамағын жұұтқанда ауырады, мойын лимфа түйіндері ісінеді. Қабыршақтардың алынуы қиын, зорлап алынса, қанап кетеді.
Жайылған жұтқыншақ дифтериясы – қабыршақтар тек қана таңдай бездерінде ғана емес, кішкентай тілге, тілшік имектеріне жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін жайлады. Организмнің жалпы улану белгілері анығырақ байқалады.
Токсикалық жұтқыншақ дифтериясы – жұтқыншақтағы қабыршақтар жұмсақ таңдайға дейін жайылып, қатты ісінеді. Таңдай бездері де қатты ісініп, жұтқыншақ саңылауын жабуға дейін жетеді. Мойынның тері асты май қабаты да ісініп, осы ісіктің таралуына сәйкес дәрежесі анықталады. Егер ісік мойынның ортасына дейін жетсе – бірінші дәрежелі, бұғанға дейін – екінші дәрежелі, бұғандан төмен – үшінші дәрежелі токсикалық жұтқыншақ дифтериясы болып табылады. Дене қызуы жоғары 39-40С, қайталап құсады, тәбеті жоғалады, қатты әлсірейді.
Субтоксикалық дифтериясы – жұтқыншақтағы өзгерістер аздау, ал мойынның сыртындағы ісік тек лимфа түйіндерінің айналасында ғана байқалады.
Мұрын дифтериясы – дифтериясының бұл түрін ажырату қиын, анық диагнозды тек бактериологиялық тексерістің қорытындысынан кейін ғана қоя аламыз. Интоксикация байқалмайды, ұзақ уақыт мұрыннан қан аралас шырыш ағып жүреді. Риноскопиялық тексерісте мұрынның шырышты қабатында жарақат бар екені, қабыршақпен жабылғаны анықталады.
Көмей дифтериясы – көбіне кішкентай балаларды кездеседі. Қабыршақтардың орналасуына сәйкес көмей дифтериясының келесі түрлерін ажыратамыз: көмей дифтериясы немесе дифтериялық круп – қабыршақтар көмейде, дифтериялық круп «А» - қабыршақтар көмей, кіңірдек, бронхиттарда. Көмей дифтериясы немесе дифтериялық круп (нағыз круп) бірнеше сатыда өтеді: дисфония–стено–асфиксия. Әр сатының сатының өту уақыты әртүрлі, бірнеше сағаттан – бірнеше күнге дейін.
Дисфония кезеңінде – температура жоғары, баланың дауысы өзгереді, қарлығыңқы жөтел, инспираторлық ентігу пайда болады.
Стеноз кезеңінде – баланың дем алуы шулы, көкірек клеткасының бұлшық еттерінің ішке тартылуы байқалады.
Асфиксия кезеңінде: бала өте мазасыз, терлеп кетеді, көзінде үрей байқалады. Тері қабаты бозарып, одан кейін көгеру пайда болады, тахикардия, содан кейін брадикардия, пульс әлсірейді, бала есін жоғалады, елірмейді, егер шұғыл көмек көрсетілмесе, өліп кетеді. Дифтерияның қалған түрлері қазіргі уақытта сирек кездеседі.