Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Індетті мысқыл (эпидпаротит)



бет96/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Індетті мысқыл (эпидпаротит)
Мысқыл – құлақ асты, шықшыт бездерінің қабынуымен және нерв жүйесінің зақымдануымен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. 1 жасқа дейінгі балаларда сирек кездеседі. Ауру көбінесе балалардың арасында көп тараса, оларда асқынулармен (орхит) қауіпті. Мысқылдың қоздырғышы – парамиксовирус, сыртқы ортада және дезинфекциялаушы ерітінділерге өте төзімсіз.
Эпидемиологиясы. Аурудың көзі – ауру бала 9 күнге дейін жұқпалы. Таралу жолдары – ауа-сілекей арқылы. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты.
Патогенезі. Вирус жоғары тыныс жолдарының шырышты қабаттары арқылы еніп қанға өтеді де, қан арқылы лимфа түйіндеріне жетіп, ол жерде шоғырланып жиналады, қабындырады. Құлақ асты не сілекей бездерінің зақымдануы жиірек байқалады.
Клиникасы. Жасырын кезең-11-23 күнге созылады. Аурудың белгілері құлақ асты бездерінің ісініп, шайнау кезінде ауырсынуынан басталады. Қөбінесе құлақ асты бездері 2 жағында да қабынып, ісінеді де, баланың арқа жағынан қарағанда мойны жуандап, «шошқаның мойнына» ұқсап көрінеді. Сондықтан орысша халық арасында бұл ауруды «Свинка» деп те атайды. Қабынған бездерддің үстіндегі тері қабаты өзгермейді, ал ұстап көргенде ісік қолға қатты қамырға ұқсап білінеді. Дене қызуы 38С - 39С дейін көтеріледі, баланың басы, іші ауырып, құсуы мүмкін. Қан анализінде: лейкопения, лимфоцитооз, ЭТЖ өзгермейді.
Аурудың жеңіл түрлерінде асқынулар болмайды, ісікпен қатар субфебрильді температурамен шектеледі. Ауыр түрлерінде келесі асқынулар байқалады: орхит, панкреатит, менингит, менингоэнцефалит. Мысқылдың ұлбалаларда орхитпен асқынуы, болашақта белсіздікке әкелуімен қауіпті.
Диагноз қою эпидемиологиялық анамнезге, клиникалық белгілеріне, вирусологиялық тексерістерге сүйене отырып жүргізіледі. Вирусологиялық тексеріс арнайы вирусологиялық лабораторияда орындалады, 8-16 күнге созылады.
Емі. Ем үй жағдайында жүргізіледі: температура түскенше төсек редимі тағайындалады; ісіктің үстіне құрғақ жылу басы (қыздырылған тұз, құм); жиі сусын ішкізу, симптоматикалық ем (ыстық түсіретін, тыныштандыратын дәрілер беру); баланың тамағы бірқалыпты сұйық және жылы болуын қадағалау. Асқынулар байқалса – стационарға, жағдайына сәйкес ем жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет